Рахимова Алмагуль Амангельдиевна
№2 ЖОББ мектебінің тарих пәнінің мұғалімі.
Павлодар облысы,
Ақсу қаласы
20-30ж. Ересектер арсында сауатсыздықты жою.
Халыққа білім беру ісі
Сабақтың мақсаты: 20-30ж. Сауатсыздықты оқішылардығ сезіміне қалыптасу,сол жылдардағы адамдардың сана сезімін түсіну.
Дамытушылық:Қосымша құжат,деректер және әдебиеттерді пайдалана отырып,оқушылардың ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларды адамгершілікке баулу, мәдени тәрбие беру. Елін,халқын сүюге тәбиелеу.
Топтық жұмыс процесіне байланысты міндеттер:
Оқушылар бірін-бірі оқытуға жұппен,топпен түсініп,оқып талдайды,топтастарының сұрағына жауап береді,бірін-бір толықтырады; қорытынды шығарады.
Сабақ әдісі: Сын тұрғысынан ойлау.
Қолданылған стратегия:Ассоциация,жигсо,кубизм,бағалау парағы,шығу парағы.
Көрнекілік: Эксперт парағы,маркер,ватман,скотч,ҚР картасы.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі – 1 мин
II. Жаңа сабақ жоспары:
Саты:Қызушылықты ояту.
Сөз қорын молайту
Әрбір оқушы өз ойын дәптерге түсіреді
Жұппен,топпен жұмыс істейді
Ортақ бір пікірге келеді
Топ спикерін сайлайды,спикер қорғай
Ассоциация – 5 мин
«Білім» деген не?
Ойлаңыз!
Жұмыс істеңіз,Ортаға салыңыз.
Сонымен бүгінгі бідің жаңа тақырыбымыз:
Халыққа білім беру ісі 20-30 ж. Ересектер арасында сауатсыздықты жою.
II.Саты.Мағынаны ажырату:
(ЖИГСО – стратегиясы) – 20 мин.
3. Оқушыларға эксперттік парағын тарату.
1. Негізгі топтағы оқушылар нөмірлерге бөлінеді.
2. № - жеке жиналады. 1-1; 2-2; 3-3№, - осы топтар эксперт топтар болып аталады.(10мин)
Эксперт тобының міндеттері:
1.Мәтінді оқу, үй тобына түсіндіру керек.
2. 10 мин кейін қайтадан үй тобына келеді.Сосын топқа түсіндіреді,талқылайды.
3.Спикер сайлау керек,ол сосын топтын атынан айтып түсіндіреді.
1 топ.Эксперт парағы.
1.Ересектер арсындағы сауатсыздықты жою.
2 топ. Эксперт парағы.
1.Халыққа білім беру ісі.
3 топ. Диаграмма құру.
1.Соғыс алдындағы білім саласына қаржы бөлу.
2.1921 ж. Бастап 1939 ж. Дейін сауатсыздықты жою,ер мен әйелдер арасындағы % көрсеткіші.
3.20-30 ж мәдениет.
Жағымды жағы
|
Жағымсыз жағы
|
|
|
Топпен қорытындылау стратегиясы.
Әр топ қорытынды айтады.
Өткен ғасырдың 30- жылдары халыққа білім беру саласында орасан зор жұмыстар жүргізе бастады. Ең бастысы,халық ағартудың бір тұтас жүйесі құрылып,мектеп жасындағы балаларды оқуға тарту, жаппай сауатсыздықты жою жұмыстары жүргізілді. Ол үшін барлық жастағы жұртшылықты қамтыған сауатсыздықты жою курстары,кешкі мектептер ашылып, өз бетімен білім алу үйірмелері құрылды.
Сергіту сәті.
III.- саты. Ой-толғаныс.
Кубизм.
1.1931 ж. Желтоқсандағы жалпыға бірдей міндетті білім беру ісі неше жас аралығында енгізілді?(15-45 жас)
2.Қазақстанда «сауатсыздықт жою» қоғамы қай жылы ұйымдастырылды?(1924)
3.Республикада сауатсыздықты жою қарқынының баяу жүру себебі не?(1930-1932 жж. аштық салдарынан білім беру саласы күрт төмендеді)
4.Қазақ тіліндегі алғашқыоқулықтар қай қалада басып шығарылды?(Казань)
5.Латын жазуынан кириллицаға көшу қашан жүзеге асырылды?(1940)
6.1920-1930 жж. араб әрпімен шыққан басылымды пайдаланғандарға қандай айып тағылды?(Пантюркист)
IV.Қорытынды: 1930 жылы жаппай сауатсыздықты жою шараларының жүргізілуіне байланысты жергілікті кеңестер тарапынан бұл шараның іске осыру мақсатында мектептер ашып, халықтың арасындағы сауатсыздық, шала сауаттылықпен күрес жүргізілді. Кешкі мектептер, сауат ашу орындары,оқу үйлері,қызыл отау,қызыл бұрыштар жұмыс істеді. Әрине, ол кезде барлық білім мекемелері талапқа сай болмады. Өйткені, қаржының бір қалыпты бөлінбеуі, мұғалімдердің жетіспеуі,оқу құрал жабдықтарымен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілмеуі сияқты кемшіліктер кездесіп отырды.
V.Бағалау статегиясы.Оқушылар бірін-бірі бағалайды.
VI.Шығу парағын толтыру – стратегиясы.
1.Не білдіңіз?
2.Сізге сабақ ұнады ма,несімен?
3.Пікіріңіз.
VII.Үйге тапсырма: XI §1-2, қосымша тарау – 242 бет.
Автор:Ермұқанова.Алматы 2005ж.
Электрондық оқулық,10 сынып.4 модуль
Достарыңызбен бөлісу: |