2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет109/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

Мұстафа 


99 
 
24(11) февраль. Тау арасы. 
 
АЛАШ АВТОНОМИЯСЫ ҺӘМ СОВЕТ ХҮКІМЕТІ 
19  мартта  совет  хүкіметінің  мүшесі  ұлт  жұмыстарын  басқарушы  комиссар  Сталин 
Мәскеуден  Семейдегі  Алашордасының  бастығы  Әлихан  Бөкейханов  һәм  оның  жолдасы 
Халел Ғаббасовты ауызша сөйлесетін төте телеграфқа шақырды. 
Ертеңінде  20  мартта  комиссар  Сталинмен  Халел  сөйлесті.  Сталин  Алаш  автономиясы 
туралы  сөйлеспекші  екен.  Екі  жағы  өз  пікірлерін  айтысып,  ақырында  совет  хүкіметінің 
атынан  халық  комиссары  Сталин  мынаны  айтты  (Сталин  сөзін  өзгертпестен  түгелімен 
тәржіме қыламыз): 
«Россиядағы халықтардың құқықтары туралы халық  комиссарларының шығарған белгілі 
ережесі бұл күнге шейін ұлт мәселесі тақырыпты совет хүкіметінің негізгі қызмет жобасы 
болып келеді. Үшінші советтер сиезі осы ережені жайғастыруға қаулы қылды. Өзіңіз бізге 
тапсырып  отырған  жалпы  қазақ-қырғыз  сиезінің  қаулысы  түгелімен  жоғарғы  жобаға 
муафық келеді. Бірақ жалғыз-ақ шарт қоямыз: егер сіздің сиездің қаулысы өкілдеріңіздің 
совет  хүкіметін  тануға  хлаф  болмаса  болғаны.  Үшінші  советтер  сиезі  советский 
федерация мизамын жасап һәм бұл мизам 4-ші советтер сиезінің бекітуіне салынсын деп 
қаулы қылынды. Бұған қарағанда енді сөзді қойып, іске кірісу керек. Яғни, әрбір тұрмысы
салты  басқа  халықтар  жергілікті  советтермен  қосылып,  автономия,  федерация  алу,  хәта 
басыбайлы  бөлініп  кету  секілді  ұлт  ниеттерін  жарыққа  шығаруға  сиез  шақыратын 
комиссия  құруға  тырысу  керек.  Біз  ойлаймыз:  жалпы  қазақ-қырғыздың  өкілдері  тез 
қамданып, ыңғайлы уақытты өткізбей, жергілікті советтермен бірігіп, әлгідей комиссияны 
құрар.  Сізден  өтінеміз,  біздің  осы  жобамызды  Алашордасының  кеңесіне  салып,  жауап 
қайтарсаңыздар екен. 
Адрес: Мәскеу, Кремль халық комиссарларының бастығы Ленинге һәм халық комиссары 
Сталинге. 
Ұлт жұмысын басқарушы халық комиссары Сталин» 
Алашорданың жауабы: 
Марттың 21-інде совет хүкіметінің жоғарғыдағы сөзіне Алашорда мынадай жауап берді: 
1918 жыл марттың 21-інде біз, Алашорданың мүшелері, ұлт жұмысын басқарушы халық 
комиссары  Сталиннің  Алаш  автономиясы  туралы  айтқан  сөзін  тексергеннен  кейін  совет 
хүкіметін  Россиядағы  барлық  автономиялы  халықтардың  кіндік  хүкіметі  деуге  қаулы 
қылып, мынаны білдірдік: 
1.  Декабрь  дің  5-нен  13-не  шейін  Орынбор  да  болған  жалпы  қазақ-қырғыз  сиезінің 
қаулысы  бойынша  тоқтаусыз  Алаш  автономиясын  жариялаймыз.  Алаш  автономиясына 
кіретін  облыстар:  Семей,  Ақмола,  Торғай,  Орал,  Сырдария,  Ферғана,  Жетісу,  Бөкей 
ордасы,  Закаспий  облысының  Маңғышлақ  үйезі,  Самарқанд  облысының  Жызақ  үйезі, 
Амудария  отделі  (бөлімі),  Алтай  гүбірнесіне  қараған  Биский,  Барнаул,  Земейнегор 
үйездеріндегі қазақтар. 
2.  Жалпы  қазақ-қырғыз  сиезінің  қаулысы  бойынша  Алашордаға  қазақтан  басқа 
халықтардан көбінен коп, азынан азша он кісі сайланып кіреді. 
3. Алаш автономиясында закон шығаратын һәм ел билейтін хүкімет Алашордада болады. 


100 
 
Учредительный  сиез  шақырудың  билігі  Алашордада  болады.  Бұған  обласной  советтер 
жәрдемші боларға керек. 
4.  Алашқа  қараған  облыстардың  һәм  үйездердің  билігі  қазақ  пен  мұжық  көбінен  көп, 
азынан  азша  сайлап  жіберген  депутаттардың  советінде  болады.  Қалалардың  билігі  қала 
халқы  һәм  қалада  тұрған  жұмысшы,  солдаттардың  сайлаған  депутаттарының  советінде 
болады. 
5. Жалпы халық көптен көп, аздан аз совет сайлап шығарғанша обласной, үйезный қазақ 
комитеттері  һәм  мұнан  басқа  да  қазақ  сайлап  қойған  мекемелер  бұрынғы  күйінде  тұра 
береді. Земство һәм шаһар думалары да бұрынғы күйінде елдің шаруасын һәм оқу-оқыту 
жұмыстарын басқарып тұрады. 
6.  Қазақ-қырғыз  өз  арасындағы  істерін  өздері  сайлап  қойған  обласной  һәм  үйезный 
соттары бітіреді. 
7. Жалпы қазақ сиезіміздің қаулысы бойынша қазақ-қырғыз арасында милиция құрылады. 
8. Жергілікті советтердің бұйрығы бойынша ұсталып абақтыда жатқан Алашорданың, оқу 
комиссиясының  қазақ  комитеттерінің  һәм  земский  управалардың  мүшелері  тоқтаусыз 
босатылсын  һәм  мұнан  былай  оларды  өтірік  шағым,  жаламен  қуғын-сүргінге  ұшырату 
тоқталсын. 
9.  Қазақ-қырғыз  істері  туралы  елші  ретінде  совет  хүкіметінің  қасында  болуға  Алашорда 
мүшелері Халел һәм Жаһанша Досмұхамедовтарды өкіл еттік (Халел мен Жаһанша қазір 
Мәскеуде автономия туралы Алашорда атынан сөйлесіп жатыр). 
10. Алашорданың жоғарғы ... тез жауап қайырсын. 
11.  Бұл  шарттарды  түгел  естігеннен  кейін  халық  комиссары  Сталин  кешікпей  төте 
телеграфпен  ауызша  жауап  қайтаруға  уағда  қылды.  Совет  хүкіметінің  жауабы 
«Сарыарқаның» келер нөмерінде басылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет