2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет118/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

 
Өлең 
TIЛEK 
Қанат қағып түзге ұшқан, 
Жазда түлеп, күзге ұшқан. 
Аққу ілген сұңқарға, 
Қарға алдырма, а, Құдай! 


106 
 
 
Сабан-сақпыт жегізіп, 
«Жүрекке тұмар» дегізіп, 
Топтан озар тұлпарды, 
Лауға алдырма, а, Құдай! 
 
Бақ сәулесі жұлдызды, 
Батасы қымбат құндызды 
Қапылыста мерт қылып, 
Ауға алдырма, а, Құдай! 
 
Қарсы шапқан қамалға, 
Ақыл тапқан амалға. 
Аңдаусызда батырды, 
Жауға алдырма, а, Құдай! 
 
Таяқ тиер етіме, 
Таңдақ тиер бетіме. 
Жүк тартпайтын шабанды 
Жарға алдырма, а, Құдай! 
 
Мазақ қылар жұртына, 
Таба қылып қыртына. 
Көрсеқызар жаманды, 
Парта алдырма, а, Құдай! 
 
Көз жібермей тегіне, 
Қосыла алмай теңіне. 
Қобалжыған жүректі, 
Зарландырма, а, Құдай! 
 
Қосылса біреу жарына, 
Теңдес болып бағына. 
Шоқ түсіріп ішіне, 
Таңдандырма, а, Құдай! 
 
Тап түсіріп арына, 
Қайғы салып жанына. 
Су көрсетіп сағымды, 
Малдандырма а, Құдай! 
 
Тілекті бер, а, Құдай! 
Тіректі бер, а, Құдай! 
Сүйгеніне сүйсінер, 
Жүректі бер, а, Құдай! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет