153
Бұл курс Семей облысы үшін ғана ашылады. Егер басқа облыстардан келіп оқитын
азаматтар болса, курсты бітіргеннен кейін Семей облысында екі жыл мұғалім болуға
міндетті.
Оқу бірінші июньінен басталып, бірінші сентябрьде бітеді.
Үш ай ішінде алған біліміне қанағаттанбаған азаматтарға заманның жайына қарап, келесі
жаз тағы курстар ашылады.
Курсқа кіруге мынадай кісілер жарайды:
1) Тәртіпті 5 жылдық бастауыш
мектептерді бітіргендер;
2) Ескі медіреселерде жақсы оқығандар;
3) Орысша 2 класный школдардың 4-5-ші отделдерінен шыққандар;
4) Высший-начальныйдың бір-екі
класын бітіргендер;
5) Частный (өз бетімен) оқып, осы ретті мағлұмат алғандар.
Ескерту: 1. Орыс школдарында қазақша оқу-жазуға жетік болуы шарт.
2. Жоғарғы аталған мектеп, школдардан алынған куәлік қағазы болмаса, сол дәрежеде
емтиханмен алынады.
Жасы 18-ден кем балалар, яки жұқпалы науқасы бар адамдар курсқа алынбайды.
Курста оқылатын дәрістер:
1. Ұлт тілі — қазақ тілі емлесі һәм үлгілі жазу;
2. Есеп;
3. Усұл тағлым уә тәрбие (дидактика, педагогика);
4. Жағырапия (жалпы);
5. Ұлт тарихы;
6.
Орыс тарихы;
7. Жаратылыс (природоведение);
8. Орыс тілі.
Курста оқушылардың жол расходы мен киімінен басқа үш мезгіл шай, пәтер, оқу
құралдары һәм оқыту — бәрі тегін қазынадан болады.
Курсқа түсемін дегендер тез жөн білдірсін. Кейін жазылармын дегендерге орын жетпей
қалуға мүмкін.
Адрес: г. Алашъ Семипал об. Заведующему Киргизскими педагогичскими курсами М.
Турганбаеву.
Телеграм үшін адрес: Семипалатинск, Алаш, Маннану Турганбаеву.
Достарыңызбен бөлісу: