БӨРІЛІДЕН ТЕЛЕГРАМ Славгород (Шот қаласы) сотының көрсетуі бойынша маңайымыздағы крестьяндар қол
зорлықпен 1912 жылы қазаққа берілген 13 участке жерімізге келіп, егін сала бастады.
Қазақтың жыртып қойған жерлерін крестьяндар тартып алып жатыр. Мал шаруасын
Славгород советі еске алатын емес. Қайта мал шаруаны жоғалтыңдар дейді. Құлынды
даласының қазаты өмірінде көрмеген ауыр халға душар болды. Шаруаларымыз бұзылуға
айналды. Етін шаруасының жақындығынан сіздерден көмек тілейміз.
Саралинский жер комитетінің председателі — Жақиев.
Қазақ комитеті Семей облысының ғана қазағының жұмысына қатысы болса, Құлынды
даласындағы туысқандарының аянышты халын есіне алып, Алтайский губернский жер
комитетіне барып, жоғарыда жазылған жұмысты тексеріп жайғастыруды осы күнде Том
қаласындағы тұрған Әлімхан Ермековке телеграм арқылы тапсырды.