КӨКШЕТАУДАН 1 марттан 12-не шейін Көкшетау үйезінің қазақ, казак-орыс мұжығының сиезі болып өтті.
Сиезде әр түрлі мәселелер қаралып, соңынан халық шаруасын басқаратын совет сайланды.
Советке әр таптан санына қарай өкіл кіргізілді: мұжықтан 21, қазақтан 6, казактан 3. Налог
(салық) малға һәм мемлекетке қарап салынатын болды. Омбыдан 70 шамалы қызыл
гвардия келіп, 24 сағаттың ішінде 22 мартта 300 мың ақша салып алып қайтты. Казак
жеріне кірген жоқ. Қаладағы халық шаруасын басқаратын совет қазақ байларына салық
саламыз деп тұр. Ел күйлі, шаруа жақсы еді. Алдағы күннің не болары болжаусыз.