173
ОПАТ
Қостанай үйезі Шұбартеңіз болысында жаңа ашылған «Оңғар» мектебінің қызметкер
мұғалімі Досжан Қазыбек баласы дүниеден көшті.
Ардақты ағамыз Досжан тіршілікте қылған істерінің артыңда қалған аға-інілеріңе һәм
біздерге жол сілтейтін жолбасшы жарық жұлдыз болсын. Топырағың жеңіл болып, мәңгі
ұмытылма!
Мұғалім Бекмұхамед Абаев
КӨКШЕТАУДАН
Көлбайдың жан жолдасы Ершек Тоқбаев деген «Үш жүзден» комиссар болып шығып,
Қотыркөл болыстарын аралап, жұртты талап шыдатпаған соң (және екі-үш солдаты бар)
ондағы халық Көкшетаудың үйезный советіне білдіріп арыз қылтан соң, постановление
(қаулы) жасап, «Қызыл гвардиямен» ұстатып алып, Көкшетау абақтысына жаптырып
қойды.
Жітікке саяқ қосылмаса, Көлбаймен діні дос кісі неғып жолдас болсын.
Достарыңызбен бөлісу: