САЙЛАНҒАН ДЕПУТАТТАР
12 кадет, 103 большевик, 190 социалист-революционер, 23 Украина социалист
революционер, 4 Украина социал-демократ, 4 меньшевик, 3 еврей, 4 мұсылман, 2
башқұрд-федералист, 1 неміс, 2 эстон еңбекшіл, 2 эстон демократ.
Барлық сайланған депутат әзір — 355. Мұның 20 шақтысы социалист партиясына
кірмейді, қалғанының ішінде ең көбі социалист-революционер партиясы. Қалайда болса
тең басатын депутаттар сонікі болуға айналды.
БӘСЕ!
«Сарыарқа» басқармасына һәм обласной қазақ комитетінің председателіне Ақмола мен
Көкшетаудан «Үш жүз» партиясының (Көлбайдың десе де жарайды) списогіне тіркелген
екі кісіден телеграм келді. сөздері мынау:
«Жете түсінбегендіктен «Үш жүз» списогіне кіріп едім, енді одан шықтым — Сұлтан
Абылаев».
«Обласной сиезде «Үш жүз» партиясының тұтынған жолын анықтаған соң, ол партиядан
шықты — Тұрсанов».
Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң. Зіл қылып, кек сақтамаймыз, келе
беріңдер. Адасқан беттеріңмен жүре бермей, қулардың тіліне еріп, алданғандарыңды
біліп, ақылға келіп, жаңылғанды мойынға алғандық о да ерлік. Енді Көлбай көрге,
әйтпесе, барар жері таусылды. Сабаз ғoй, жүре береді дe!
* * * * *
Көкшетаудан (19-ші декабрь) бесінші нөмер «Алаш» партиясының списогіне тас саламыз
деп сиез жаппай бірлік қылып, қаулы жасады.
Достарыңызбен бөлісу: |