ӨСКЕМЕН ЗЕМСТВОСЫ 6-шы декабрьде сайланған гласныйлардың 37-еі келді. Мұның 25-і қазақ, 10-ы орыс, бірі
ноғай еді. Топбасылыққа бір орыс, орынбасарлыққа Жуандық Болғанбаев сайланды.
Земский управаның председателі Әміре Айтбакин, орынбасары Костян (орыс), ағзалары
Дүйсенбі Қалматаев һәм үш орыс болды.
Үйезный қазақ сотына сайланғандар: Ғабдалкәрім Ережепов, Мұхаметжан Елбосынов,
Мұхаметжан Жәкежанов, Жаңабай Айткин, Нәсіполла Смайылов; секретарына Жуандық
Болғанбаев белгіленді.
Обласной земствоға сайланғандар: Әміре Айтбакин, Райымжан Мәрсеков, Fабдалкәрім
Ережепов, Мұхаметжан Елбосынов, Мұхаметжан Жәкежанов.
Земский собраниенің жасаған қаулысы:
1. Қазақтың 14 болыс елінен бір-бір балалың стипендия ашылып, оқып жүрген кедей
балаларына қай оқуда болса да берілсін. Стипендия 400 сом болсын.
2. Өскеменде қазақ атына бір мұсылманша оқу оқитын медіресе ашуға болыс басы бір
мың сомнан жисын.
3. 15-ші январьда земский собрание қайтадан жиылмақ болды.