48
Орынбор қазақ әскерінің үшінші округ өкілі Меншилин сиезді құттықтап, қазіргі
бүліншіліктен құтылу үшін Юго-восточный союзға қосылыңдар дейді. Комиссия атынан
Халел
Ғаббасұлы автономия, милиция һәм ұлт кеңесі туралы доклад қылды.
Автономия туралы Халел докладын тексеріп, октябрь аяғында Уақытша Хүкімет түскенін,
Россия мемлекетінде халыққа сенімді һәм беделді хүкіметтің жоқтығын, хәкімшілік жоқ
болған соң, халық арасы бұзылып, пышақтасып кететіндігі, бассыздық күшейіп, бүкіл
мемлекет бүліншілікке ұшырап, күннен-күнге халықтың күйі нашарлауын һәм бұл
бүліншілік біздің қазақ-қырғыздың басына да келу ықтималын ойлап, бүкіл қазақ-
қырғызды билейтін хүкімет керектігін ескеріп, сиез бірауыздан қаулы қылды:
I Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Фергана,
Самарқант облыстарындағы һәм Амудария бөліміндегі қазақ үйездері, Закаспий
облысындағы һәм Алтай гүбірнесіндегі іргелес болыстардың жері бірыңғай, іргелі халқы
қазақ-қырғыз, қаны, тұрмысы, тілі бір болғандықтан оз алдына ұлттық жерлі автономия
құруға.
II Қазақ-қырғыз автономиясы Алаш деп аталсын.
III Алаш автономиясының жері — үстіндегі түгі, суы, астындағы кені алаш мүлкі болсын.
IV Алаш автономиясының низамын бүкіл Россиялық учредительное собрание бекітеді.
V Қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтардың құқықтары теңгеріледі. Алаш
автономиясына кірген ұлттардың бәрі бүкіл мекемелерде санына қарай орын алады. Алаш
автономиясының қоластында жерсіз халықтар болса, оларға ұлт һәм мәдени автономия
беріледі.
VI Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен уақытша Ұлт кеңесін
құруға, мұның аты Алашорда болсын. Алашорданың ағзасы 25 болып, 10 орын қазақ-
қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылды. Алашорданың уақытша тұратын орны
Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз халқының билігін өз қолына
алады.
VII Алашорда халық милициясын құруға ыһтиһадпен кірісуге міндетті.
VIII Алашорда тез уақытта Алаш автономиясының учредительное собраниесін (құрылтай)
шақыруға міндетті болсын. Алаш құрылтайының сайлау тәртібі жалпы Россиялық
құрылтай сайлауы ретінше болсын.
IX Алашордаға сиез тапсырады: 1) ұлт қазынасына қарыз ақша алуға; 2) өзге автономиялы
көрші халықтармен одақтасу жайын сөйлесуге. Бірақ мұның шарттарын бекітуші алаш
құрылтайы.
X Ұлт құрылтайына Алашорда автономия низамының жобасын даярлап кіргізеді.
Автономияны қашан иғлан ету тақырыпты сиез екі пікірге айырылды. Бірсыпыра өкілдер
автономияны қазір иғлан етелік дейді. Екінші жағы автономияны ресми иғлан етуді
Алашордаға тапсыралық. Әуелі милициямызды құрып алалық, Түркістан қазағымен
сөйлеселік һәм арамыздағы жат жұрттармен келіселік, мұнымыз саяси әдіс болар дейді.
Бұл мәселені шешу үшін өкілдердің аттары аталып, тас салынды.
Алаш автономиясы күні бүгін ресми иғлан етілсін деп тас салғандар:
1. Ғабдолғазиз Мосы,
49
2. Ғабдалхамит Жүндібайұлы,
3. Ғабдолғазиз Үлкешұлы,
4. Ғабдалрахман Мәрзиұлы,
5. Сейітхан Әжікерейұлы,
6. Ибраһим Мөлкешұлы,
7. Айжан Көшекұлы,
8. Мәуби Жұмалы,
9. Ғұбайдолла Мұқашұлы,
10. Мәуленқұл Байзақұлы,
11. Серіқұл Алдабергенұлы,
12.
Имамберді Ержігітұлы,
13. Дәулетжар Айсарыұлы,
14. Нұрмұхаммед Кәлменұлы,
15. Аспандияр Кенжеұлы,
16. Ғұбайдолла Досжанұлы,
17. Керей Есенқұлұлы,
18. Тағыберген Жамашұлы,
19.
Хасен Нұрмұхаммедұлы,
20. Нұрғали Ипмағамбетұлы,
21. Дәулетшаһ Көсеуғали,
22. Сағынай Елшіұлы,
23. Намазбай Шәуменұлы,
24. Жанқожа Мергенұлы,
25. Уәлитхан Танашев,
26. Ахметкерей Қосуақұлы,
27.
Халел Досмұхаммедұлы,
28. Ғұбайдолла Әлібекұлы,
29. Ғұмар Қарашұлы,
30. Ғұбайдолла Ешмұхаммедұлы,
31. Жиһаншаһ Досмұхаммедұлы,
50
32. Бақыткерей Құлманұлы,
33. Сағындық Досжанұлы.
Автономияны ресми иғлан етуді арамыздағы жат жұрттармен сөйлескенше һәм
милициямызды құрып алғанша тоқтата тұруды лайық көріп тас салғандар:
1. Нүсіпбек Жақыпбайұлы,
2. Хайредин Болғанбайұлы,
3. Қошмұхаммед Кемеңгерұлы,
4. Мәрзи Нұрсейітұлы,
5. Ахметолла Барлыбайұлы,
6. Қабыш Бердалыұлы,
7.
Халел Fаббасұлы,
8. Әлімхан Ермекұлы,
9. Тұрағұл Ибраһимұлы,
10. Жүміке Оразалыұлы,
11. Сағадат Шаһмарданұлы,
12. Есеп Ақжолұлы,
13. Нәжип Хамитұлы,
14. Сатылған Сабатайұлы,
15. Иса Тергеусізұлы,
16. Мәнке Смайылұлы,
17.
Жарылқасын Отарбайұлы,
18. Өмірәлі Айдабосынұлы,
19. Құл Бәуенұлы,
20. Камалалдин Ғұбайдоллаұлы,
21. Есет Жанбайұлы,
22. Сейітжан Жақанұлы,
23. Мағжан Жұмабайұлы,
24.
Балға Көрлеуітұлы,
25. Иса Малдыбайұлы,
26. Жәнібек Исаұлы,
27. Жаналы Мырзалыұлы,
51
28. Әбубәкір Алдиярұлы,
29. Хасен Бикентайұлы,
30. Кәрім Бәтішұлы,
31.
Сатанғазы Ысқақұлы,
32. Ғұмар Алмасұлы,
33. Сейдәзім Кәдірбайұлы,
34. Ілияс Жанқараұлы,
35. Отарбай Қондыбайұлы,
36. Салих Қарпықұлы,
37. Ишанғали Арабайұлы,
38. Маһди Мақұлұлы,
39. Міржақып Дулатұлы,
40.
Елдес Омарұлы,
41. Ахмет Байтұрсынұлы,
42. Әлихан Бөкейхан.
Екі жаққа да тас салудан тартынғандар:
1. Ахмет Шегірұлы,
2. Мұстафа Шоқайұлы һәм,
3. Әзімхан Кенесарин.
Азшылықта қалған өкілдер көпшіліктің қабыл еткен қаулысына көнбей, автономияны
қазір ресми иғлан ет дейді. Егер қазір иғлан етілмесе, біз Түркістан автономиясына
қосыламыз дейді. Сонан кейін сиезде алаш баласының бытырамауын абзал көріп, қазір
бытыраса, түбінде қосыла алуы қиын болатынын ойлап, бірауыздан мынадай қаулы
қылды:
1. Бір айдың ішінде Алашорда Түркістан қазағын бүкіл алашқа қосып алады. Қосып алса
да, алмаса да бір айдан кейін халыққа білдіреді.
2. Бір айда Түркістан қазағын алашқа қосып ала алмаса, өз алдына автономия ресми иғлан
етуге ерікті.
3. Егер бір айдан кейін алаш баласы қосылмаса һәм қалған алашқа автономия иғлан
етілмесе, әркім өз күнін өзі көреді.
4. Егер Түркістан қазағы бір айда бізге қосылса, автономияны қашан иғлан ету ықтияры
Алашордаға берілсін.
Достарыңызбен бөлісу: