Ахмет Баржақсин
Атбасар 15-28 март.
СҮЗЕККЕ НЕ ҚАЙЛА?
Біздің Өскемен үйезіне қараған Сібе, Тарғын, Тайынты, Қалба, Айыртау, Ұлан
болыстарында сүзек ауруы кіргелі бір жылға созылды. Сүзектен өлген адамның есебі жоқ.
Кей үйлердің түтіні өшіп, есігі ашусыз қалды. Жұрт не шара табуды біле алмай
дағдарулы. Күн құрғатпай өлім болып тұр. Бұ қалыпта шара таппаса қазақтың тұқымы
құритын түрі бар. Осыған бір себеп болып, дауа табарлық доктор, фельдшерлеріміз не
көмегі бар? «Сарыарқа» арқылы жауап берілсе екен.
Достарыңызбен бөлісу: |