168
хүкіметінің өкілдері де ішінде болып жасалған ұйым. Алғашқы ұйым Қытайдан қуат
алып, сүйеніп тұрды. Екіншінің сүйенері болмады. Екінші кіммен сүйенер екен деп біз
бақылап, бой сақтап отырдық. Бізге Сібір хүкіметі шет мемлекеттермен қатынаспай,
бұқараның күшімен мақсатын жарыққа шығаратынын білдірді.
Жоғарғы айтылған екі ұйымның мақсаты, жолы біріне-бірі қайшы.
Сібір хүкіметі халықтың өзді-өзін соғыстырып жібере ме деп, ісіне бөгет боламыз ба деп
те ойладық. Өйткені соғыспай-ақ совет хүкіметі өзінен-өзі жоғалатынына көзіміз жететін.
Бірақ өйтсек те топта, жиылыс болған жерде газет бетінде Сібір хүкіметінің көздеген
нысанасын жарыққа шығаруға жиһат қылып, Сібір құрылтайын құруға тырыстық. Осы
пікірді шаһар думасында, земский собраниеде мәжіліске қоймақ едім, бұл мәселенің осы
күнге шейін тексерілмей келе жатқаны ұйымдардың басы қосылмай жүргендіктен» деп
сөзін аяқтатқан.
«Семипалатинский дин» газетасының жазуына қарағанда, Харбинда Сібір хүкіметі
түгелімен жиналған. Сібір хүкіметін одақтас мемлекеттер хүкімет деп таныған.
«Вестник Маньчжуры» газетінің жазуына қарағанда адмирал Колчак пен генерал Хорват
Пекинге барыпты. Жай хабарлардың айтуы: Сібірді қалай билеу жұмысын басқаратын
мекеме Пекиннен Токиоға (Жапония астанасы) көшкен.
Токиоға бұл жұмысқа ниеттес жақтардың адамдары да барыпты.
Осы күні Сібір хүкіметі болып отырған екі ұйым: бірі — Кадет партиясы, Симонов
ішінде; бірі — Эсер партиясы, нағыз Сібір хүкіметі.
«Диннің» 3 нөмерінде жазады: «Пекиннен алған телеграм бойынша Симоновтың хүкіметі
соңғы жобаны жария қылған: 1) Сібір өз алдына мемлекет болып, жерін сақтасын; 2)
Германияны Россия жерін ала беруден тоқтатуға қарсы тұрылсын; 3) Россия Германияның
жасаған жеке бітіміне қарсы іс қылынсын; 4) одақтас мемлекеттер мен жақындық қылуға
сөз байлансын; 5) бәнкелер сақталсын, халыққа тыныштық, тәртіп орнатылсын, кісі
мүлкіне тигізбеуге қорған істелсін; 6) Сібірді қорғауға жиылыс жасалып, кеңес құрылсын.
Пекиндегі елшілер Симонов хүкіметіне көмек беруге бел байлады.
Симонов Манъчжуриядағы управаның азық-түлігін (астық, күріш) тартып алған. Бұл
туралы управа генерал Хорват пен Пешковке ереуіл жасаған.
Достарыңызбен бөлісу: