37
емеспіз. ...Және де автономия алған жұрт конституциясының ауданына қарай болмақ.
Конституция
деп екі арадағы қатынас шартын, бекіткен заңдарды айтады.
Мемлекет билеу түрі туралы жұрттың ауызында жүрген сөз федеративная
демократическая республика болу. Мұның мағынасы ұйымдардан (автономиялардан)
матасып құралған жалпы жұрт билігі деген сөз. Біздің жалпы қазақ һәм облыс сиездерінде
де мемлекет билеу түрі туралы істеген қаулы осы болатын-ды. Әлі де болса пікіріміз сол
және сол болады деп сенеміз. Мемлекет билеу түрі федеративная демократическая
республика болса, ол кезде Россия мемлекеті өз тізгінін өзі қолына алған, өз билігі өзінде,
өз соты өзінде, өз парламенті өзінде (парламент деп еуропа тілінде заң шығаратын
орынды айтады. Орысша государственный дума), жер-суына өзі ие автономиялардан
құралып мемлекет болмақ. Мысал үшін алалық, Швейцария мен Американы. Швейцария
22 автономиялы кантоннан (аудан), Америка 47 автономиялы штаттан құралып, мемлекет
болып отыр (штат деп бірнеше облыстың басын қосқан ұйымды айтады). Әрбір
кантонның я штаттың өз билігі өзінде. Өз ішінде сайлап қойған министрлері,
парламенттері, соттары бар. Өзара билігі өздерінде болғанымен бұл кантондар, штаттар
одақтасып, сырт мемлекеттер көзіне бір ғана маңызды мемлекет болып, бірі Швейцария,
бірі Америка аталып отыр. Одақтасқандағы ара қатынас шарттарды бекіткен заң
(конституция) бойынша штаттар, кантондар үлкен келелі, бәріне бірдей ортақ жұмыстар
кез келсе, (мысалы сырттан келген жау сияқты) бір кісідей қимылдап, бір тудың астына
жиылмақ. Міні, осындай жалпыға бірдей жұмысты атқарып отыру үшін, ортақ істер
туралы заң шығару үшін, араларындағы дау-шарды бітіріп, билік ету үшін штаттардың,
кантондардың ортақтасып, сайлап қойған кіндік хүкіметі, кіндік заң шығаратын орны
(парламенті), кіндік соты бар. Осы себептен олар сырт көзге бір тана мемлекет болып
көрініп отыр.
Россия мемлекеті Америка мен Швейцария сияқты автономиялы штаттардан құралып,
біздің алаш автономиясы сол штаттардың бірі болады деп сенеміз.
Жоғарыда жазылғаннан көрінеді, автономия кішкене бір мемлекет екендігі: ауданды,
астында жері бар, сайлап қойған, әмір жүргізетін министрлері бар, заң шығаратын
парламенті бар, заң қалпымен жұртты жүргізу үшін қарауылда тұратын соты бар. Осы
айтылған негіздерге бүкіл мемлекет ісі құрылмақ. Сондықтан автономия жұмысы жеңіл
емес, ауыр. Бірақ дүниеде ең қиын жұмыс өмір, тұрмыс ісі һәм соның тізесі. Тәрбие,
мәдениет жүзінде болған неше түрлі өзгерістер — өмірдің салған соқпағы; өмір — жұрт
жетекшісі. Өмір құрығынан ешкім қашып құтыла алмақ емес. Бірақ жұрт сол өмірдің
ағысына қарай тұрмыс шартын өзгертіп, заң қалпына түсірмек. Заң өмір киімі. Заман
өзгерген сайын өмір ағыны да, заң қалпы да өзгермек. Сондықтан өмір тұрмысына, ғұрып-
әдетіне, рәсіміне үйлесетін заңды жұрттың өзі шығаруы керек. Бір жұрт үшін бір жұрттың
заң шығаруы сырттан біреуге тон пішкенмен бірдей емес пе? Міні, автономия бізге сол
үшін керек.
Бас бостандығы табылғанмен жұрт бостандығы табыла қоймақшы емес. Сондықтан
мәдениетімізді күшейтіп, ұлтымызды сақтау үшін басымызға, жер-суымызға ие болып,
жұрт
қатарынан орын алып, ұлт мақсатына жету үшін бізге автономия керек.
Кеше жұртым қандай едің?
«Қазақ деген халық едің: Еділ, Жайық, Есіл, Нұра, Арқа, Сыр, Ертіс, Орал, Алатау, Алтай
мекенің еді; осылардай ұжмаққа меңземес жерлерің бар еді; ... көлдерің бар еді; ту ұстап,
тұлпар мінген ерлерің бар еді; дұшпан күндерлік күйлерің бар еді; ердің құнын екі ауыз
сөзбен беретін билерің бар еді; ел бастайтын көсемің бар еді; сөз бастайтын шешенің бар
еді; ақ киізге ораған хандарың бар еді; ізгі қария шалдарың бар еді; сауық-сайран жиының
39
Қазақты жұрт қатарына қосамын десе де, жоқ қара қазан, сары баланы біреудің
босағасына апарып үйемін десе де бұл жұмыс енді жұрттың өз қолында болды. Біз
сенеміз, ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, неше-неше қиын-қыстау жерлерден бұл
күнге дейін аман өтіп, тарих жүзінде жоғалмайтын беріктігін көрсеткен алаш уранды
қазақ-қырғыз балалары жұртқа түскен мына өмір сынынан да аман-есен аяғын шалдырмай
өтер деп.
Достарыңызбен бөлісу: