2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет182/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom

 
СОҒЫС 
Семафор алынды 
29 апрельде Хельсингордан теңіз штабына телеграм келген «Германия-Финляндия әскері 
Семафор қорғанын алды» деген. 
 
Кемені алып қою 
Финляндия санатының өкілдері Шумафорг портына келіп, 15 кемені біз арестке алдық деп 
мәлім  қылған.  «Бұл  кемелер  бері  әкелуге  шама  келмей  қалған  Германиядан  жаралы 
тұтқындарды тасуға арналған кемелер еді» дейді. 
 
ЖАЗҒЫ МҰҒАЛІМ-МҰҒАЛИМА КУРСТАРЫ АШЫЛДЫ 
Тұңғыш  обласной  земствоның  һәм  оның  орнын  басқан  обласной  советтің  қаулысы 
бойынша Алаш қаласында осы жаз 100 шәкірттік мұғалім курсы ашылды. 
Курс ашудан мақсат: бұрын азын-аулақ мағлұматы бар, бірақ тәртіп көрмеген азаматтарды 
төте оқудың жолымен таныстырып, аз білімін толықтырып, земский мектептерге мұғалім 
даярламақ. 


153 
 
Бұл  курс  Семей  облысы  үшін  ғана  ашылады.  Егер  басқа  облыстардан  келіп  оқитын 
азаматтар  болса,  курсты  бітіргеннен  кейін  Семей  облысында  екі  жыл  мұғалім  болуға 
міндетті. 
Оқу бірінші июньінен басталып, бірінші сентябрьде бітеді. 
Үш ай ішінде алған біліміне қанағаттанбаған азаматтарға заманның жайына қарап, келесі 
жаз тағы курстар ашылады. 
Курсқа кіруге мынадай кісілер жарайды: 
1) Тәртіпті 5 жылдық бастауыш мектептерді бітіргендер; 
2) Ескі медіреселерде жақсы оқығандар; 
3) Орысша 2 класный школдардың 4-5-ші отделдерінен шыққандар; 
4) Высший-начальныйдың бір-екі класын бітіргендер; 
5) Частный (өз бетімен) оқып, осы ретті мағлұмат алғандар. 
Ескерту: 1. Орыс школдарында қазақша оқу-жазуға жетік болуы шарт. 
2.  Жоғарғы  аталған  мектеп,  школдардан  алынған  куәлік  қағазы  болмаса,  сол  дәрежеде 
емтиханмен алынады. 
Жасы 18-ден кем балалар, яки жұқпалы науқасы бар адамдар курсқа алынбайды. 
Курста оқылатын дәрістер: 
1. Ұлт тілі — қазақ тілі емлесі һәм үлгілі жазу; 
2. Есеп; 
3. Усұл тағлым уә тәрбие (дидактика, педагогика); 
4. Жағырапия (жалпы); 
5. Ұлт тарихы; 
6. Орыс тарихы; 
7. Жаратылыс (природоведение); 
8. Орыс тілі. 
Курста  оқушылардың  жол  расходы  мен  киімінен  басқа  үш  мезгіл  шай,  пәтер,  оқу 
құралдары һәм оқыту — бәрі тегін қазынадан болады. 
Курсқа  түсемін  дегендер  тез  жөн  білдірсін.  Кейін  жазылармын  дегендерге  орын  жетпей 
қалуға мүмкін. 
Адрес:  г.  Алашъ  Семипал  об.  Заведующему  Киргизскими  педагогичскими  курсами  М. 
Турганбаеву. 
Телеграм үшін адрес: Семипалатинск, Алаш, Маннану Турганбаеву. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет