5
Семей облысында ешкім солдаттан, я басқадан зорлық көрген жоқ. Осы зорлықты,
қоршылықты көргендей боламыз ба деп күн бұрын қазақ комитеттері һәм обласной сиез
қам қылды. Зайсан үйезі басы 100 милиция сайламақ болды. Басқа дуандар ауылный басы
бір-бір бақылаушының қаражатын көтермек.
Осы кезде Семейде 160 қазақ жігіттерін (милицияларын) үйретуге бір офицер алынды.
Обласной комиссариат мылтық бермек. Әр үйезде осындай милиция сайлап, оларға да
үйретуге офицер алынбақ һәм мылтықты комиссариат тауып беруге уағда қылды.
Зиялылар һәм құрметті ақсақалдар, бірлік қылып, басшылық етіп, елді көрнеу талатып
қоймай, қорғау сіздерге борыш һәм соны істемесеңдер халыққа істеген қиянат.
Земстволар ашылып, бар милиция бұлардың құзырына көшкен уақытта да қазақтың өзінен
милиция сайланбай көзі ашылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: