5 Практикалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар
№ 1 тақырып: Сызу сабақтарында қолданатын терминдер.
Глоссарийді құрастыру
Мақсаты: студенттерге сызуды оқытуда қолданатын арнайы терминдерді ойда сақтату, глоссарийді құрастыруды үйрету, терминдерді орнымен дұрыс қолдану.
Әдістемелік нұсқау:
Глоссарий – арнайы терминдердің анықтама сөздігі.
Студенттер, сызуда қолданатын терминдерді, арнайы оқулықтардан, кітаптардан іріктеп таңдап алып, олардың қысқаша анықтамасын дәптерге жазып алады.
Сонан кейін, оларды алфавиттің ретімен орналастырып, компьютермен А4 форматына жинақтайды.
№ 2 тақырып: Сызу сабақтарында негізгі геометриялық салуларды үйрету әдістері. (1 сурет)
Мақсаты: студеттерді сызу құралдарымен тақтада жұмыс істеу әдіс-тәсілдерімен қаруландыру.
Әдістемелік нұсқау:
Cтудеттер, тақтаның бетіне негізгі геометриялық салуларды, сызғыштарды қолданып отырып, сызады, олар:
- өзара параллель, перпендикуляр орналасқан сызықтар;
- сызық кескінін тең бөлшекке бөлу;
- шеңберлерді тең бөлшекке бөлу;
- шеңберге жанама салу;
- екі, өзара қиылысқан, сызықтардың түйіндесуін салу;
- шеңбер мен сызықтың түйіндесуін салу;
- шеңберлердің түйіндесуін салу.
Тақтада сызбаларды жасағанда, студенттер, мыналарды ескеруі қажет:
- арнайы құралдарды қолдану;
- түрлі - түсті борларды қолдану;
- сызбаларды тақта бетіне ұқыпты орналастыру;
- сызба сызықтарын орнымен қолдану;
- сызба жазулары мен өлшемдерін дұрыс жазу;
Студенттер, сызбаларды тақтада орындағанда, олардың жасау реті мен әдістерін, ауызша түсіндіріп отырады.
№3тақырып: Оқушылардың кеңістікте елестету қабілеттерін қалыптастыру сабақтарын жоспарлау, көрнекіліктерін дайындау.
Мақсаты: студенттерге, сабақтың оқу-әдістемелік құжаттарын дайындауды үйрету, сызбаларды тақтада салуды игеру.
Әдістемелік нұсқау:
Студенттер бірнеше сабақтардың жоспарын жасаулары тиіс. Ол сабақтарда проекциялау әдістері ретімен жүйелі түрде қарастылуы және қолданатын көрнекіліктері белгіеніп жеткілікті болуы тиіс. Проекциялау сабақтарында қарастырылатын тақырыптар:
а/ Орталық және параллельдік проекциялау;
ә/ Тікбұрыштық проекциялау;
б/ Нүктелердің, сызық кесінділерінің, геометриялық фигуралардың екі үш жазықтықтағы проекциялары;
в/ Геометриялық денелердің тікбұрыштық проекциялары;
г/ Модельдің екі проекциясы /көрінісі/ бойынша үшінші проекциясын /көрінсін/ сызу.
Проекциялау сабақтарының көрнекіліктері:
а/ үш қабырғалы бұрыштың моделі;
ә/ геометриялық денелердің модельдері;
б/ нүктелердің, кесінділердің, геометриялық фигуралардың проекцияларын көрсететін оқулық плакаттар, т.б.
Студенттер, сабақ жоспарын кеңейтіп көлемді жазуы тиіс, сабақ барысында тақтаға сызатын сызбаларды да жоспарға еңгізу керек.
№ 4 тақырып: Аксонометриялық проекцияларды оқыту әдістемесі. Сабақ жоспарын және көрнекіліктерін жасау. (2сурет)
Мақсаты: студенттерге аксонометриялық проекцияларды тақтада салуды игеру, сызу сабақтарында оқытуды және жоспарлауды үйрету.
Әдістемелік нұсқау:
Геометриялық фигуралардың /үш бұрыш, төрт бұрыш, алты бұрыш/ аксонометиялық /изометрия, диметрия/ проекцияларын тақтада және дәптерде сызу.
Геометриялық денелерді тікбұрыштық изометрияда сызу.
Модельдің, екі көрінісі бойынша, аксонометриясын сызу.
Сабақ жоспарлары толық жазылуы тиіс.
Сабақтың көрнекіліктері: оқулық плакаттар, геометриялық денелер, модельдер, т.б.
№ 5 тақырып: Сызудағы модельдеу сабақтары. Геометриялық денелердің модельдерін жасау. (3сурет)
Мақсаты: геометриялық формаларды модельдеудің әдіс - тәсілдерін игеру
Әдістемелік нұсқау:
Геометриялық формаларды талдау. Формалардың алуан түрлерін қарапайым геометриялық денелерден құрастыру. Формаларды құрастыру тәсілдері: бүктеу, өсіру, кеміту, айландыру, симметрилау, т.б. Геометриялық денелердің жаймасын сызу, қатты қағаздан үлгісін жасау, модельдерін құрастыру. Симметриялық және ассиметриялық формаларды әртүрлі материалдардан /пенопласт, қатырма қағаз, т.б./ жасау. Техникалық және көркемдік модельдерді компьютерлік жобалау әдісімен орындау.
№ 6 тақырып: Оқушылардың қызығушылығын арттыру әдістері. Сызу сабақтарында қолданатын ойындар /лото, домино, кроссворд, т.б./
Мақсаты: студенттерге, дидактикалық ойындарды жасау және қолдануды үйрету
Әдістемелік нұсқау:
Лото, домино, кроссворд, т.б. дидактакалық ойындарды сабақта қолдану. Ойындардың тақырыптарын белгілеу, тапсырмаларын таңдау, эскиздерін жасау. Дұрыстығын тексергеннен кейін сызбаларын форматтарға көшіру, ламинаттау. Дидактикалық ойындардың сабақтарда қолдануын көрсету.
№ 7 тақырып: Геометриялық денелердің және модельдердің техникалық суреттерін тақтаға салу. (4сурет)
Мақсаты: студенттердің көз мөлшерімен, қолдан тақтаның бетіне техникалық заттардың суретін салуды дағдыландыру.
Әдістемелік нұсқау:
Техникалық сурет – техникалық заттардың, көз мөлшерімен сызу құралдардың көмегінсіз, аксонометриялық негізінде орындалған сызба. Техникалық суреттің негізгі элементтерін орындау, олар:
Тік, көлденен, көлбеу орналасқан өзара параллель сызықтарды және геометриялық фигураларды салу. Аксонометрия заңдылығының негізінде геометриялық денелердің және модельдердің техникалық суреттерін салу. Жарық пен көленкесін көрсету.
№ 8 тақырып: Күнтізбелі - тақырыптық жоспарды құрастыру
Мақсаты: сызу пәнінің тақырыптарының жылдық жоспарлауын үйрету
Әдістемелік нұсқау:
Мектепте сызу пәні бір жылда 68 сағат көлемінде өтеді. Осы көлемде сызу бағдарламасының әр тарауға бөлінген сағаттары бойынша, жүйелі түрде ретімен күнтізбелі - тақырыптық жоспарды үлгісіне қарап құрастыру қажет.
Күнтізбелі - тақырыптық жоспардың үлгісі:
№ 9 тақырып: Оқу - әдістемелік құжаттарды әзірлеу
Мақсаты: мұғалімнің оқу - әдістемелік құжаттарын жинақтап, орнымен қолдануды ескерту.
Әдістемелік нұсқау:
Мұғалімнің оқу - әдістемелік құжаттары:
Сызу кітабы;
Сызу пәнінің бағдарламасы;
Күнтізбелі - тақырыптық жоспар;
Сабақ жоспарлары;
Дидактиакалық ойындар;
Глоссарий;
Сабақтың көрнекіліктері.
Студентер осы құжаттарды берілген ретпен жинақтап тапсырады.
Достарыңызбен бөлісу: |