№2 үлгілі кітапхана -филиалы Шевченко көшесі 29



бет5/5
Дата01.07.2018
өлшемі1,84 Mb.
#45216
1   2   3   4   5
«Кітапхана аялдамасы» атты акциясына, «Отбасы-оқырман 2010» деген фотостенд т.б ұйымдастыруына ат салыса білді. Кітапхана тынысы туралы үнемі жергілікті газет беттеріне хабарлар етіп отырады. Кітапханадағы кітап қорын ұқыптылықпен сақтай біледі. Әр түрлі іс-шаралар өткізуге атсалысып оқырмандар ықыласына бөленген. Әсіресе жас оқырмандарға ұлттық тәрбие беруге көп көңіл бөледі. 2010 жыл ОҚЖ әдіскерлер бөлімінің ұйымдастыруымен №2 үлгілі кітапхана-филиалында өткізілген «Кітапхананы насихаттауда жұмыстың жаңа түрлері» атты көшпелі семинар аясында «Жаңа баспа әлемі-сенікі» атты шебер класс көрсетуге атсалысты және Ж.Кейкінің «Қазақы атаулар мен байламдар» атты кітапқа саяхат жасады.

2012 жыл кітапханашылардың біліктілігін арттыру мақсатымен өткізілген «Модельді кітапхана - әлеуметтік даму айнасы» атты үлгілі кітапханалар арасындағы сайысқа өз үлесін қосқан.

Сонымен кітап оқуға қызықтыру, ересек пен балалардың арасындағы қарым-қатынасын жақындату, бос уақытты тиімді пайдалана білуге ықпал ету мақсатымен «Жанұя » отбасылық клубтың жұмысының жандануына атсалысуда. Жансейтова Наушагүл Карбозқызы өлкетану жұмысына көп көңіл бөлуде. «Қазақ тарихындағы қасіретті жылдар» атты тарихи сағаттың, «Бір шаңырақ астында» атты достық орбитаның, «Қандай нәзік Жер-ана» атты калейдоскоптың мәні зор болды. Қ.Сәтбаевтың Жезқазған қаласының дамуына үлесі мол туралы «Дара шыққан дарын»-өлкетану сағаты, «Үлкен Жезқазған»- библио –саяхат т.б өткізуге атсалысуда.

Көпжылдық, адал еңбегі үшін 2001 жылы қалалық мәдениет бөлімінің Алғыс хатымен, 2006 жылы мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің Алғыс хатымен, 2011 жылы қала әкімінің Құрмет грамотасымен, 2013 жылы қалалық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің «Ұлттық дәстүрге адалдығы үшін» номинациясымен дипломмен марапатталды.



Абекеева Гүлшат Жанатқызы – орта білімді кітапханашы. Жезқазған Гуманитарлық колледжінің «Бастауыш мектеп» мамандығын тәмамдаған, еңбек өтілімі - 6 жыл. Аз уақыт ішінде кітапхана жұмысын үйренуге деген ынтасы айқын байқалады және кітапханадағы өтілген іс - шараларды жауапкершілікпен өткізуге ат салысады. Сонымен қатар кітапхана тынысын БАҚ арқылы насихаттауда сүбелі үлес қосуда. Гүлшат Жанатқызы ынтасы жоғары, үнемі ізденісте. РАБИС, Power Point, бағдарламалармен жұмыс жүргізеді. 2014 жылы ОКЖ-сі ұйымдастырған жас мамандардың біліктілігін, білімділігін арттыруға арналған «Жас маманның шеберлігі – білімділігінде» атты сайыста «Талпынысы биік» номинациясымен, 2016 жылы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Оқырман жанашыры» номинациясымен марапатталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет