2 практикалық ЖҰмыс тақырыбы: Гидростатикалық өлшеу әдісімен металдар мен қорытпалардың тығызығын анықтау Мақсаты



Дата30.09.2022
өлшемі35,46 Kb.
#151304
Байланысты:
2 ПРАКТИКА ФИЗМЕХ


2 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС


Тақырыбы:Гидростатикалық өлшеу әдісімен металдар мен қорытпалардың тығызығын анықтау


Мақсаты: металл тығыздығы ұғымымен таныстыру және оның шамасын эксперименттік жолмен анықтау.
2.1. Жалпы мағлұматтар
Металдың тығыздығы депосы металдың көлем бірлігінің массасы аталады. Металлдың ṃ массасы мен γ көлемін біле тұрып, γ – ді есептеп шығаруға болады. Металдың тығыздығын анықтаудың сыналатын үлгінің массасы мен көлемін анықтауға келтіргені 6.1 – формулардан шығады,аналитикалық таразының көмегімен өлшенеді.
 (6.1)
Көлемді анықтауға келсек, онда оны екі әдіспен: пикнометрлік және гидростатикалық әдістермен жүргізуге болады. Зерттеу мақсаттары үшін жарамды дәл әдіс гидростатикалық әдіс болып табылады. Ол Архимед заңына негізделген. Сыналатын үлгі әдеттегідей ауада және қандай да бір сұйықтыққа батырылған бола тұрып, аналитикалық таразыға екі рет өлшенеді. Егер ауадағы үлгінің масса P, ал сұйықтыққа Q болса, онда P-Q ығыстырылған сұйықтықтың массасына теңестіріледі. Осы сұйықтықтың d тығыздығын біле тұрып, оның үлгімен ығыстырылған көлемін немесе басқаша айтқанда, үлгінің көлемін есептеп шығаруға болады.
(6.2)
және оның тығыздығы
(6.3)

немесе ауаның тығыздығын ескере отырып


 (6.4)
Әдетте үлгі қылға немесе диаметрі 10-20 мкм жіңішке вольфрам жіпке ілінеді. Қылдың немесе жіптің массасы салыстыра тексеріледі және тығыздықты есептеу кезінде есепке алынады.
(6.5)
 атомдық көлем, яғни бір грамм-атоммен алынатын көлем тығыздықпен тығыз байланысқан.  – ны N – ға бөлгенде бір атомның алатын көлемі шығады. Бұл шама рентген деректері бойынша есептелгеннен артық, бұл деректер металдың кеңістіктік торының торабында орналасқан ионның диаметрі ( мен көлемін ) береді.
Атомдық көлем атом нөмірінің периодтық функциясы болып табылады. Атом аралық байланыстың ең көп күшімен сипатталатын ауыспалы металдарға ең аз мәндер сәйкес келеді. Сондай-ақ бұл металдар үлкен тығыздыққа, үлкен қаттылыққа және аз қысылғыштыққа не болады.
Элементтер ұяның массасы мен көлемін біле отырып металдың тығыздығын есептеуге болады. Егер n-элементтер ұяның атомдар саны, M-атомның массасы, ал V- элементар ұяның көлемі болса, сонда
(6.6)
C12  көміртектік атом изотопының массасының 1/12 бөлігін, яғни  г. А атомдық массаға көбейту жолымен металдың бір атомының М массасын есептеп табуға болады.

2.2 Метал үлгінің тығыздығын анықтау


Жабдықтар : қысқартылған күйентесі бар таразылар, еркін пішінді қатты үлгі, тазартылған су мен зерттелейтін сұйықтығы бар ыдыстар.
Зерттелетін қатты үлгінің тығыздығы (6.3) теңдеумен есептеледі. Сұйық зат ретінде тазартылған су алынады, оның d тығыздығы 1000г/м3 тең.
d=1000г/м3
Судағы дененің салмағы Q және ауадағы дененің салмағы P граммен өлшеуге болады, өйткені  қатынасы мөлшерсіз шама және үлгінің өлшенетін тығыздығынының өлшемділігі, d сұйықтықтың өлшемдігі сияқты болады.
Қатты дененің тығыздығын анықтау үшін:

  1. Ауадаға зерттелетін үлгіні (P) таразылау керек. Өлшеуді екі рет жүргізу керек. Әрбір өлшеудің алдында таразылардың орналасуын тексереді. Р орташа мәнін табу керек.

  2. Үлгіні жіңішке сыммен таразының сол жақ табағының ілмесіне іліп қою керек. Таразы табағының астына тазартылған суы бар ыдысты қойып, оған денені батыру керек. Оның ыдыстың түбірі мен қабырғаларына жанасуын және суға толығымен батырылғанын қадағалау керек. Сұйықтықтағы дененің Q көрінетін салмағын 2 рет анықтау керек. Q орташа арифметикалық мәнін табу керек.

Судын d тығыздығын біле тұрып, (6.3) –формула бойынша P және Q орташа мәндері бойынша зерттелетін үлгінің тығыздығын анықтау керек.


2.3.Сұйықтықтың тығыздығын анықтау
(6.3) формуланы қолданып сұйықтықтың тығыздығын анықтау
(6.3)
мұнда dc- зерттелетін сұйықтықтың тығыздығы;
γ- қаты үлгінің тығыздығы;
P- ауадағы қатты үлгінің салмағы;
P1- зерттелетін сұйықтықтағы қатты дененің салмағы.

Сұйықтықтың тығыздығы келесі түрде анықталады:



  1. Қатты үлгінің бетін сүрту керек.

  2. Үлгіні сыммен таразының сол жақ табағының ілмегіне іліп қою керек және зерттелетін сұйықтығы бар ыдысқа салу керек. Оның ыдыстың түбі мен қабырғаларына жанасуын қадағалау керек. Сұйықтықтағы үлгінің P1  көрінетін салмағын анықтау керек. P1 орташа мәнін табу керек.

  3. P және P1  және орташа шамалары бойынша зерттелетін сұйықтықтың тығыздығын анықтау керек. P және сандық мәндерін алдыңғы эксперименттен алу керек.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет