1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы мен пән туралы жалпы мәлімет
Сабырбаева Р.Қ. ф.ғ.к., доцент м.а.,
Кафедра «Қазақ әдебиеті»
Кафедраның мекен-жайы: оқу ғимараты № 8, 221 кабинет
Ақпараттық қатынас: телефон:
Кафедрада болатын уақыты: дүйсенбі, сейсенбі,бейсенбі: 11.00-17.00
Сабақ өтетін орын: 227, 216 аудитория
Кредит саны: 3
1.2 Пәннің мазмұнының қысқаша сипаты:
Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы:
Пәннің оқу-әдістемелік кешені Шәкәрім атындағы СМУ-нің пәндерге арналған оқу-әдістемелік кешені туралы ережесіне сай құрастырылған. Аталған пәнді оқыту барысында дәріс, тәжірибелік, сондай-ақ СӨЖ және ӨСӨЖ сабақтары қүрастырылады. Оқу жоспарының көшірмесінде бөлініп берілген әр сабақ түрлері сағатқа шағылған, пәннің қысқаша мазмүны, мақсаттары мен міндеттері көрсетілген. ОӘК оқу пәнін меңгерудің барлық талаптарына сай келеді. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі бар. Оқушылар мен студенттерге арналған жүмыс бағдарламасы берілген. Студентке арналған жүмыс бағдарламасында оқылуға тиісті тақырыптар мен жүмыс түрлерінің тізімі әдебиеттердің көрсетілуімен айқындалған. Әр дәріс сабағы бойынша қысқаша мәлімет берілген. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және әр тақырыпта қарастырылатын мәселелер жоспар түрінде нақты көрсетілген. СӨЖ және ӨСӨЖ тапсырмаларын өткізудің мерзімі, тақырыптары және әдебиеттері жазылған. Студенттердің білімін бағалау әдістемесі бар.
1.3 Пәнді оқытудың мақсаты:
«Абайдың ақындық кітапханасын» жеке пән ретінде оқыту арқылы Абайтану саласының өзекті бір мәселесі ретінде қарастырылатын ақын кітапханасының жайы, бүгінгі күнге дейінгі зерттеулермен таныстыру көзделеді.
1.4 Пәнді оқыту міндеттері:
М.Әуезов көрсеткен, Абайдың тағылым алған үш арнасын
таныту;
Абайдың ақындық өнерінің бастауы, шығыс поэзиясына еліктеуі жөнінде, шығыс шайырларымен байланысын оқыту;
Абайдың батыс әдебиетімен, оның ішінде орыс әдебиетімен байланысын саралау;
- Абай нәр алған төл әдебиет үлгілерімен, ақын-жыраулар шығармашылығмен байланысын көрсету;
- Қазіргі зерттеулер негізінде Абай кітапханасының бүгінгі күнге дейінгі анықталған санымен таныстыру.
1.5 Оқытудың нәтижесі:
Курстың соңында студент мыналарды білуі керек:
Абайдың ақындық кітапханасының жай-күйі туралы мәліметтермен танысады;
Абай дүниетанымының қалыптасуына, танымдық пікірінің дамуына әсер еткен әлемдік ойшыл-философ, ғалымдардың, классик ақын-жазушылардың шығармалары туралы мағлұмат алады.
Шығыс поэзиясындағы дәстүр үлгілері, өлеңсөз түрлері туралы білімі кеңейеді.
Салыстырмалы әдебиеттану негізі туралы жан-жақты білім алады.
Абайдың аудармалық, назиралық үлгідегі шығармалары, олардың құндылықтары туралы өзіндік пікірқалыптастырады.
теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді.
зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады.
кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді.
1.6 Курстың пререквизиттері:
1.6.1 Абайтану
1.6.2 Абайдың ақындық мектебі
1.7 Курстың постреквизиті:
1.7.1 Педагогикалық практика
Достарыңызбен бөлісу: |