2. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы негізінде дайындалған дидактикалық



бет2/4
Дата11.12.2021
өлшемі93,36 Kb.
#79120
1   2   3   4
Байланысты:
Тамыз (2019) оқуына баяндама

Ж елілілер типі



Бассүйексіздер Қабықтылар Омыртқалылар

(қандауырша) (асцидия) (дөңгелекауыздылар ,

балықтар, қосмекенді,

жорғалаушы-р, құстар

сүтқоректілер)

3.Венн диаграммасы оқушыларда биологиялық ұғымдардың салыстырмалы сипатын білу мүмкіншілігін арттырады.Егер төменгі жағына тиісті мәтіндерді жазып қойса, оқушы сол рет саны бойынша диаграмманы толтырады. Жауап тез, әрі нақты болады. Мысалы:



1.Қабырғасы 3қабаттан(дәнекер ұлпалы, бұлшықет ұлпалы , эпителий ұлпалы) тұрады.

2. Ішінде қақпақшасы бар.

3.Қанды жүректен мүшелерге айдайды.

4.Қанды мүшелерден жүрекке айдайды.

5.Бұлшықетті қабаты қалың.

6. Бұлшықетті қабаты жұқа.

7.Қабырғасы тек эпителий ұлпасынан ғана тұрады.

Төменде берілген жауап кілті арқылы тексеріп, жазбаша жауап алып бағалауға да болады.



Келесі Венн диаграммасында митоз және мейоз үрдістеріне тән ерекшеліктерді салыстыруға болады:



1.Жасушаның бөлініп көбеюі

2.Ағзаның өсуін қамтамасыз етеді.

3.Тұқым қуалайтын өзгергіштік(мутация) пайда болады.

4.Конъюгация,кроссинговер барысында гендер комбинациялануы жүзеге асады.

5.Хромосома саны өзгермейді.

6.Хромосома саны екі есе азаяды.

7.Гаплоидты жиынтық құрайтын гаметалар түзіледі.

8.Генетикалық материал теңдей екі бөлініп беріледі.

9.Бастапқы бір жасушадан екі жас жасуша пайда болады.

10.Бастапқы бір жасушадан еншілес төрт жасуша пайда болады.

11.Тұқым қуалайтын өгергіштік күшейіп, жаңа формалар қалыптасады

Осы әдіспен ДНҚ мен РНҚ , табиғи сұрыпталу мен қолдан сұрыптауды, эволюциялық ілімді дамытушылар – К.Линней, Ж.Б.Ламарк және Ч.Дарвин еңбектерін, өзгергіштіктің екі түрі мутация мен модификацияны, эволюцияның дәлелдемелері – рудимент, атавизм т.б. биологиялық ұғымдар мен заңдылықтардың ұқсастығы мен айырмашылығын айыра, салыстыра білуді меңгерту мүмкіншілігі туындайды.

4.Семантикалық карта толтыру оқушының білімінің дәлдігіне, сенімділігіне жағдай туғызатын дидактикалық материал. Төменде берілген семантикалық картада табиғи және қолдан сұрыптау формаларын салыстыру берілген:







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет