2 тақырып. Иондаушы сәулелердің түрлері мен олардың сипаттамалары. Иондаушы сәулелердің табиғи және антропогендік көздері



бет2/5
Дата28.09.2022
өлшемі0,51 Mb.
#151067
1   2   3   4   5
Байланысты:
2 лекция

Нейтронды-сәулеленубұл нейтрон-бөлшегінің ағыны, онда электр қуаты болмайды, және оның массасы 1В-қа жуық болып келеді. Кинетикалық энергиясына қарай нейтрондар жылулық ( ≈ 0,25 эВ), баяу (‹ 0,1 кэВ), аралық энергия (0,1 - 20 кэВ), жылдам (0,02- 10 МэВ) және өте жылдам (› 10 МэВ) болып бөлінеді. Нейтрондық сәулеленудің өту қабілеті өте жоғары дамыған ( ауада – жүздеген мың метрге дейін барады). Баяу және жылулық нейтрондар ядролық реакцияға түскенде тұрақты немесе радиоактивті изотоптарды түзе алады, соның салдарынан сәулеленуші затта «радиоактиатің кіріп-шығуын» тудыра алады.
Гамма-сәулелену (γ-сәулесі), ренгендік сәулелену (Χ-сәулесі) сияқты электромагниттік сәулеленуге жатады, және кванттық энергия ағынын білдіреді. Гамма сәулелену атом ядроларының энергетикалық күйінің өзгеруі нәтижесінде пайда болады. Ол кейбір кәдімгі және жасанды изотоптарға тән. Энергиясына қарай γ-сәулесі жұмсақ, энергиясы 0,1-ден 0,2 МэВ, қаттылығы орташа – 0,2-ден 1 МэВ, қатты – 1-ден 10 МэВ және өте қатты – энергиясы 10 МэВ-дан артық болып бөлінеді. Ренген сәулелері ренген трубкасындағы анод затындағы жылдам электрондардың тоқтауының нәтижесіндепайда болады, яғни оның жасанды табиғаты бар. Ренген сәулелерінің энергиясы жылдамдатушы кернеудің байланысты және оның шамасы ондағаннан – жүздегеннен кэВ-ға дейін жетеді.
Радиациялық белгілі бір денеден шығатын сәуле. Тірі ағзаға сәуленену ықпалын бағалану бойынша ионданатын және ионданбайтын болып бөлінеді.
Ионданушы радиация кезінде тірі ағза молекулаларында химиялық байланысты бұзып, маңызды биологиялық өзгеріске ұшырайды.
Ионданушы электромагниттік сәуленуге жататындар:

  • Ультракүлгін (жоғары жиілікті);

  • Рентгендік;

  • γ – сәулелену;

Ионданушы сәулелерге:
- α – сәулелену;
- β – сәулелену;
- нейтронды сәулелену.
α – сәулелену, β – сәулелену, γ – сәулелену, рентгендік және ультракүлгін сәулелену иондану тудырады, бірақта нейтронды ұстау кезінде атом тепе – теңдіктен шығып, ози ионданушы сәуле көзге айналады. Яғни нейтронды сәулелену қосалқы иондануды тудырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет