2 тақырып. ҚОҒамдық Өндірістің негіздері. Экономикалық ресурстар мен экономикалық факторлар. Қоғамдық өндірістің құрылымы



бет3/6
Дата10.10.2023
өлшемі45,43 Kb.
#184475
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2 дәріс

1. Өндірістік факторлар ретінде жер екі жағынан қаралады:

  • жер беті ретінде

  • экономикалық мақсатта пайдалануға қажетті табиғи игілік ретінде

Оның негізгі ерекшелігі оны көбейтуге және тасымалдауға болмайды. Олардың пайдалану мүмкіндіктері:



Өндеу

Қазба түрінде

Орналасқан орын

  • Ауыл шаруашылығы;

  • орман шаруашылығы.

  • Жер асты байлықтарын пайдалану,

  • энергетика өндірісі,

  • балық аулауда.

  • тұрғын үй құрлысы,

  • жол байланысы жүйесі,

  • демалыс орындары,

  • кәсіпорындар.

Егер қажетті миниралды және органикалық тынайтқыштарды әсіресе жаңа технологияны қолдаса жердің құнарлығы сақталып қана қоймайды одан сайын жақсаруы мүмкін. Адам саны артқан сайын адам басына шаққандағы жер көлемі жылдан жылға қысқаруда.



  1. Капитал:

  • Өндіріс факторы ретінде және қаржы ретінде пайдалануға болады.

  • Өндіріс факторы ретінде капитал өндіріс құралдарын сипаттайды. Мұнда ұзақ уақыт пайдаланылатын өндіріс құралдары (машина, құралдар) жер қысқа мерзім пайдаланылатын өндіріс құралдары (шикізат, энергия қуаты, жол байланыс қызметі).

Нақты капитал пайда болу үшін өндіріс құралдарын сатып алуға қаржы қажет. Осы қаржы ақша капиталы болып табылады. Өндіріс құралдарын сатып алуға капиталдың жұмсалуы қаржыландыру, ал ақша капиталын нақты капиталға айналдыру- инвестициялау деп аталады.
3. Еңбекті де екі жақты түсіндіруге болады:

  • адамның ойлау қабілетімен қимылдау қабілеті.

  • өндіріс процесінде пайдалануға болатын қоғамдағы барлық еңбек ресурстары.

Еңбек қызмет ретінде қарағанда оны басым ойлау қабілетті қажеттілік немесе интелектуалды және басым қимылдау қабілетін қажет ететін деп бөледі. Білім деңгейіне қарай:

  • көп дайындықты қажет ететін еңбек,

  • көп дайындықты қажет етпейтін еңбек,

  • ешқандай дайындықты қажет етпейтін еңбек деп бөлінеді.

Еңбекті өндіріс факторы ретінде қарастырғанда жұмыс күшін немесе адамның еңбек етуге қабілетін қарастырады. Бұл факторды елдегі еңбекке қабілеті бар және жұмыссыз халықтың үлесі арқылы сипаттауға болады. Еңбек ресурстарына жұмысшы күші жатады, яғни еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Еңбек ресурстарын сипаттауда адамдардың жастары, жынысы, квалификациясы, білім дәрежесі,еңбек мотивациясы өте маңызды рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет