2-тапсырма: Дүниетану дүниені сезіну мен қабылдаудан немен айрықшаланады?Дүниетану дегеніміз не?



бет1/2
Дата24.02.2022
өлшемі10,74 Kb.
#133124
  1   2
Байланысты:
философия
билет 12, методика, методика, қорытынды, Эксприменттік бөлім (копия)

2-тапсырма:
1.Дүниетану дүниені сезіну мен қабылдаудан немен айрықшаланады?Дүниетану дегеніміз не?
Дүниетану дегеніміз адамның дүниені түсіну,оны бағалаудың принциптері мен әрекеттері,білімі мен сенімі,ой-пікірлері мен құндылықтарының синтезі,жиынтығы.Кейін,адамның білімдері мен сенімдері біркелкі жинақтала келіп,дүниенің өзгерісі мен дамуы туралы кең көлемді көзқарас,ой-пікірге айналады.Дүниетану дүниені сезіну мен қабылдаудан немен айрықшаланады деген сұраққа келсек ...Адамның объективтік дүниені танудың алғашқы формалары -дүниені сезіну және дүниені қабылдау -эмоционалды-сезімдік сфералармен,түйсіктермен байланысты болады.Әрбір адам жастайынан дүниені танып біле бастайды,заттар мен құбылыстар жайында білімдер жинақтайды.Дүниені сезіну мен қабылдау адам өмірінде маңызды орын алады,бірақ құбылыстар мен процестердін терең мәнің ,олардың себептері мен салдарын түсінуге мүмкіндік тудырмайды.Ондай мүмкіндік тек дүниетаным негізінде қалыптасады.Адам заттар мен құбылыстар жайында білімдер жинақтай отырып,дүние неге былай құрылған,адамның тууы мен өлімінің ,бақыты мен қайғы-қасіретінің себебі неде деген мың-сан сұрақтар қойып,оларға жауап іздейді.Бұл сұрақтарға адам өзінің мәдени деңгейіне байланысты,арнаулы немесе жалпы білім дәрежесіне орай,әр түрлі өзара әңгімелесудің әсерімен және бұқаралық ақпарат құралдары мен әдеби кітаптардан алынған мағлұматтарына қарай жауап бере отырып,өзінің жеке өмірлік философиясын,өз дүниетанымын құрастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет