Азопирам сынамасы. Ерітіндіні дайындау: 100 мл ерітінді әзірлеу үшін 10 гр амидопирин және 0,5 грамм анилиннің тұзды қышқылын өлшеп аламыз. Құрғақ ыдыста араластырып 100 мл-ге дейін 95 % этил спиртін құямыз. Дайын ерітіндіні аузы тығыз жабылып +4 гр –та тоңазытқышта 2 айға дейін сақтауға болады.
Жұмысшы ерітінді дайындау үшін дайын ерітінді мен
3 % сутегі асқын тотығын тең мөлшерде араластырды.
Нәтиже теріс болса , онда жуатын ерітінді қалдығын анықтау үшін фенолфталеин сынамасын қойды.
Фенолфталейн сынамасы.Құрал-саймандарға 2-3 тамшы 1% фенолфталеиннің спиртті ерітіндісін тамызамыз не мақта тампонды сулап сүртеміз. Аш қызыл түске енсе, онда құрал-саймандарда жуатын ерітінді қалдығы қалған болғаны. Мұнда олар қайта ағын суда шайылады
Теріс нәтиже болғанда олар дистилденген суда 10 минут қайнатылады.
Құрал-саймандар құрғақтық шкафында кептірілді.
Құрал-саймандарды лотокка жинап, залалсыздандыруға жіберді..
10.Стоматолог дәрігерге 36 жастағы А. есімді науқас алдын алу мақсатта тістерін көрсетуге келді. Ауыз қуысын стоматологиялық айна және зонд көмегімен объективті қарау кезінде 46,47,18-ші тістерінің табиғий ойықтарында ақ дақ пайда болғаны анықталды. Науқаста ешқандай шағым жоқ. ЭОМ 2 мкА көрсетеді. Термометрияда теріс көрсеткіш көрсетті.