2013 жылғы №3 басылым 21 беттің сі



Дата25.06.2017
өлшемі323,24 Kb.
#20079

ПОӘК 042-18.19- 027/2013

_____2013 жылғы

3 басылым



21 беттің сі



«Мектепке дейінгі педагогика» пәнінің


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей - 2013


Мазмұны

1 Глоссарий..........................................................................................................

2 Дәрістер.............................................................................................................

3 Тәжірбиелік сабақтар....................................................................................

4 Студенттердің өздік жұмыстары........................................................................

1 ГЛОССАРИЙ

Пән бойынша глоссарий

Әдіс – (метод; грек. Methods – теория, ілім, зерттеу жолы) – көзделген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтіретін тәртіп жүйесі.

Әдіскер – оқу – тәрбие әдісін жетік меңгерген ұстаз.

Әдісмемелік кабинеті – бейнелі бір пән бойынша мұғалімдердің өзіндік ізденісін, тәжірибе алмасуын кәсіби біліктілігін жетілдіруді көздейтін, мектеп (балабақша) деңгейіндегі әдістеме жұмысын жүргізетін орны.

Бөбек – баланың туған күнінен бастап бір жасқа дейінгі кезеңі.

Бөбекжай – 2-3 айлық нәрестеден 3 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелейтін мектепке дейінгі мекеме.

Жеке тәрбие – тәрбие жұмысын ұйымдастурыдың бір түрі. Бұл кезде балабақшадағы оқу-тәрбие жұмысында әрбір баламен жеке педагогикалық өзара қарым-қатынас жүзеге асырылады. Ол баланың өзіндік ерешелігі мен өмір жағдайына негізделеді.

Жетекші – 1) белгілі ұйымды басқаратын адам; 2) белгілі бір ұйым жұмысын ұйымдастырушы.

Жетекшілік - әлеуметтік – психологиялық феномен. Әлеуметтік топтың ішінде билік пен ықпал уәкілдіктерінің жүзеге асырылуын белгілейтін термин.

Күнтізбелік жоспар – күнтізбе бойынша белгіленген жұмыстың істелу бағытын, мерзімін анықтау.

Қайта тәрбиелеу – баланың қоғам мен норма талаптарына қойшы келетін кейбір теріс пығылдары және жай қылықтарын түзетуге бағытталған педагогикалық ықпал ету жүйесі.

Қиын тәрбиеленушілік – баланың тәлімдік әсерге ұғынықты немесе ұғынықсыз түрдегі қорсылығы.

Мадақтау – тәрбиеші мен ата-аналардың балалардың тәртібін, белсенділігін жоғары бағалар, ынталандыру мақсаты мен қолданылатын ықпал ету шаралары.

Мектепке дейінгі мекеме – сәбилік (2 айдан 3 жасқа дейін) және мектепке дейінгі жастағы (3 жастан 5 жасқа дейін) балаларды тәрбиелеуге арналған мекеме.

Мектепке дейінгі педагогика – мектеп жасына дейінгі балалардың даму заңдылығын зерттейтін педагогика ғылымының құрамды бөлігі.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту – мектеп жасына дейінгі балалрды отбасында немесе мектепке дейінгі ұйымда тәрбиелеу және оқыту.

Мектепке дейінгі ұйым – мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдай жасайтын ұйым.

Тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін қалыптастырып, өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін игі әрекет.

Тәрбие әдістері – ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы. Ол балалардың тіршілік, әрекет, қарым-қатынастарын ұйымдастырып, белсенділігін арттырып, тәртіпке келтіруді көздейді. Тәрбие әдістерінде тәрбиешінің тұлғалық ерекшелігі, кәсіптік құзыр деңгейі айқындалады.

Тәрбие әсерінің дағдарысы – тәрбие әрекеттестігінде туындайтын мәселелер. Түрлері: әрекет дағдарыс, орта дағдарыс, сөз дағдарыс, зат дағдарыс.

Тәрбие жүйесі – жеке адамды идеялық, саяси, адамгершілік, экономикалық т.б. жағынан қалыптастырудағы жүйелі процесс.

Тәрбие процесінің қозғаушы күштері – тәрбиеші қажеттіліктерінің жаңаруы мен оны қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы шынайы қарама – қайшылықтар, оны тәлімгердің реттеу әрекеті.

Тәрбиедегі өзін-өзі басқару әдісі – тәрбие ұжымының жұмысқа қабілетті ұйытқысын құрұды қамтамасыз етіп, балалар белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік сипаттағы шараларды тіркеу журналы – баланы тәрбиелеуге байланысты туындаған мәселелер мен оны шешу жолдары, ұжым туралы толық мәлімет берілетін дәптер.

Тәрбиеші – оқу – тәрбие мекемелерінде балалармен тәрбие жұмысын жүргізуші.

Білім беру – бұл ғылымдар жүйесінен білім алу және танымдық, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, оның негізінде жеке бастың көзқарасын, адамгершілік т.б. қасиеттерді қалыптастыру, адамның шығармашылық күші мен қабілетін дамыту процесі.

Оқыту – бұл оқушы мен ұстаздың мақсатты түрде өзара әрекет жасау процесі.

Жеке адамның дамуы – бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі.

Дидактика – гректің didaktikos деген сөзінен шыққан, білім беру мен оқытудың теориясы деген мағынаны білдіреді.

Оқыту үрдісі – оқушы мен мұғалімнің өзара әрекетіне бағытталған, мақсат көзделген әрекет.

Оқытудың принципі – оқыту процесінің тиімділігін арттыруға қажетті ең негізгі дидактикалық талаптар жүйесімен анықталады.

Білім беру мазмұны – жеке адамның жан-жақты дамуы және қалыптасуы үшін меңгеретін білім, іскерлік, дағды жүйесі білім беру мазмұны болып табылады.

Даму – адам ағзасындағы сандық және сапалық өзгерістердің процесі. Өзіне тән ерекшелігі бар сапалық қозғалыстың түрі. Құбылыстардың пайда болуы мен жойылып кетуі дамуға байланысты. Кез келген даму уақытпен байланысты болады. Дамудың бағытын тек уақыт анықтайды.

Педагогикалық процесс- қоғамдық өмірде және еңбекте өзін- өзі дамытуға дайын әрбір оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына және әлеуметтік тәжірибені меңгеруге бағытталған педагогтардың қатысуы мен басқаруы арқылы жүргізілетін оқушылармен біріккен қызметі.

Әлеуметтендіру дегеніміз- адамның әлеуметтік қарым-қатынас жүйесіне, әртүрлі әлеуметтік қоғамдықтарға (топ, институт, ұйымдар) интеграциялау.
2 ДӘРІСТЕР

Дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар

Мақсаты: студенттерді курс бойынша тиісті теориялық біліммен қаруландыру.

Міндеттері:

- әр тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру;

- әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту;

- пәнге қызығушылығын тудыру және ары қарай өздігінен жұмыс істей білуге үйрету;

- курс бойынша тиісті білімді меңгеру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.

Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі – дәріс болып табылады. Ол студенттерге олар үшін күрделі және жаңа ақпараттарды беруге тиімді. Дәріс студенттерде пәнге қызығушылық тудырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі, тақырыптың және қарастырылып отырған материалдың теориялық жақтарын ашып көрсетеді.

Дәріс - студенттерде өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады. Дәрісті тыңдау – бұл өзара бір–бірімен байланысқан танымдық үрдістердің (зейін, түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау) бірлігі.

Сіздің курс бойынша жан-жақты білім алуыңыз дәріс сабақтарын толық тыңдауыңызға байланысты екенін еш ұмытпаңыз. Сондықтан бағдарлама мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала қарастырып жүріңіз. Сіздің біліміңіздің деңгейі тек өзіңіздің жауапкершілігіңіз және өздігіңізден жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады.

Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық: сабаққа кешікпеңіз; дәріс дәптеріңіз және қаламыңызды ұмытпаңыз; дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз, ол тәжірибелік сабақтарға, өздік жұмыстарға даярлануда негіз болады.

Дәріс сабақтарының тақырыптары және қысқаша мазмұны
Модуль 1. Мектепке дейінгі педагогикның негізгі мәселелері

Тақырып 1. Кіріспе. Мектепке дейінгі педагогика ғылым ретінде: пәні, қызметі

Негізгі ұғымдар: педагогика ғылымы, мектепке дейінгі педагогика, мектепке дейінгі ұйым, мектепке дейінгі мекеме, бөбекжай, мектепке дейінгі жас, әдіснама, зерттеу әдістері.

Мектепке дейінгі педагогика пәні, міндеттері, негізгі ұғымдары. Мектепке дейінгі педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы және ғылымдар жүйесіндегі орны. Мектепке дейінгі педагогиканың әдіснамасы мен зерттеу әдістері.



Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Мектепке дейінгі педагогика нені зерттейді?.

2. Мектепке дейінгі педагогиканың мақсаты мен міндеттері.

3. Әдіснама дегеніміз не?.

4. Мектепке дейінгі педагогиканың әдіснамасы.

5. Мектепке дейінгі педагогиканың зерттеу әдістері.



Әдебиеттер:

1. Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.

2. Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана, 2012-336б.

3. Козлова.С.А, Куликова.Т.А. Дошкольная педагогика.- Москва, 2002.



Тақырып 2.Балалардың дамуы және оларды тәрбиелеу туралы қазіргі отандық және шетел теориялары, оларға сипаттама

Негізгі ұғымдар: даму, оқыту, тәрбиелеу, тұлға, факторлар, орта, тұқымқуалаушылық, жас кезеңдері.

«Адам», «индивид», «тұлға» ұғымдары. Жеке тұлғаның дамуы және қалыптасуы, оған әсер ететін факторлар. Тұлға дамуының жас кезеңдері және оларды тәрбиелеу. Балалардың дамуы және оларды тәрбиелеу туралы отандық және шетел теориялары.



Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. «Адам», «индивид», «тұлға» ұғымдарының мағынасы және арақатынасы.

2. Даму дегеніміз не?

3. Қалыптасу дегеніміз не?

4. Тұлғаның дамуына әсер ететін факторлар.

5. Жас кезеңдері.

6. Тұлға туралы теориялар.

Әдебиеттер:

1. Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.

2. Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана, 2012-336б.

3. Козлова.С.А, Куликова.Т.А. Дошкольная педагогика.- Москва, 2002.

4. Жарықбаев, Қ. Жантану негiздерi. – Алматы, 2002.

5. Әтемова Қ.Т. Әлеуметтік педагогика. – Алматы, 2012.

6. Гамезо М.и др.Возрастная и педагогическая психология.-М.,2004.

7. Мұсаева, С.А. Жас ерекшелік педагогикасы :оқулық .-Астана,2006.


Тақырып 3.Нәрестелік шақтағы балалардың дамуы және оларды

тәрбиелеу

Негізгі ұғымдар: нәрестелік шақ, даму, тәрбие.

Нәрестелік шақтың жалпы сипаттамасы: туғаннан 3-айға дейінгі балалар тәрбиесі; 3 - айдан 6 - айға дейінгі балалар дамуы және тәрбиесі; 6 - айдан 9 - айға дейінгі балалар дамуы мен тәрбиесінің ерекшеліктері; 9 - айдан 12 - айға дейінгі балалар тәрбиесі мен дамуы.



Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Нәрестелік шақ сипаттамасы.

2. Туғаннан 3-айға дейінгі балалар дамуының ерекшеліктері.

3. 3 - айдан 6 - айға дейінгі балалар дамуы және тәрбиесінің ерекшеліктері.

4. 6 - айдан 9 - айға дейінгі балалар дамуы мен тәрбиесінің ерекшеліктері.

5. 9 - айдан 12 - айға дейінгі балалар тәрбиесі мен дамуының ерекшеліктері.

.

Әдебиеттер:

1. Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.

2. Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана, 2012-336б.

3. Козлова.С.А, Куликова.Т.А. Дошкольная педагогика.- Москва, 2002.

4. Жарықбаев, Қ. Жантану негiздерi. – Алматы, 2002.

5. Әтемова Қ.Т. Әлеуметтік педагогика. – Алматы, 2012.

6. Мұсаева, С.А. Жас ерекшелік педагогикасы :оқулық .-Астана,2006.

Тақырып 4.Сәбилік шақтағы және мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы және оларды тәрбиелеу

Негізгі ұғымдар: сәбилік шақ, даму, тәрбиелеу, сенсорлық тәрбие.

Сәбилік шақтың ерекшелігі. Сәбилік шақта балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері. Сәбилік шақта бала тұлғасының қалыптасуы. Сәбилік шақтағы балалардың сенсорлық тәрбиесі. Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы және оларды тәрбиелеу. 3 – жас дағдарысы.



Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Сәбилік шақтағы балалардың негізгі жетістіктері?.

2. Сәбилік шақта бала тұлғасының қалыптасуы.

3. Сенсорлық тәрбие дегеніміз не?.

4. 3 – жас дағдарысы түсінігінің мағынасы.

Әдебиеттер:

1. Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.

2. Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана, 2012-336б.

3. Козлова.С.А, Куликова.Т.А. Дошкольная педагогика.- Москва, 2002.

4. Жарықбаев, Қ. Жантану негiздерi. – Алматы, 2002.

5. Әтемова Қ.Т. Әлеуметтік педагогика. – Алматы, 2012.

6.Мұсаева, С.А. Жас ерекшелік педагогикасы :оқулық .-Астана,2006.

Модуль 2. Мектепке дейінгі жастағы оқыту және тәрбиелеу негіздері

Тақырып 5.Мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбие теориясы мен әдістемесі

Негізгі ұғымдар: мектеп жасына дейінгі бала, дене тәрбиесі, эстетикалық тәрбие, еңбек тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесі, тәрбие әдістері.

Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің мазмұны. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық, көркемдік-эстетикалық тәрбиесінің мазмұны. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесінің ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.



Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері?.

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесінің ерекшеліктері және құралдары.

3. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек түрлері.

4. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілік тәрбиесінің мазмұны.

5. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу әдістері және тәсілдері.


Әдебиеттер:

1. Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.

2. Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана, 2012-336б.

3. Козлова.С.А, Куликова.Т.А. Дошкольная педагогика.- Москва, 2002.


Тақырып 6. Мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіру

Негізгі ұғымдар: әлеуметтендіру, әлеумет, факторлар, әлеуметтендіру институттары, және құралдары.

Әлеуметтендіру түсінігі. Әлеуметтендіруге әсер ететін факторлар. Әлеуметтендіру институттары. Әлеуметтендіру агенттері және құралдары.



Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Әлеуметтендіру дегеніміз не?.

2. Әр ғылым саласында әлеуметтендіруге берілген анықтамалар және олардың арақатынасы.

3. Фактор дегеніміз не?.

4. Факторлардың қандай түрлері бар?.

5. Әлеуметтендіру институттары.

6. Әлеуметтендіру агенттеріне не жатады?.

7. Әлеуметтендіру құралдарына не жатады?.



Әдебиеттер:
1. Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.

2. Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана, 2012-336б.

3. Жарықбаев, Қ. Жантану негiздерi. – Алматы, 2002.

4. Әтемова Қ.Т. Әлеуметтік педагогика. – Алматы, 2012.

5. Гамезо М.и др.Возрастная и педагогическая психология.-М.,2004.

6. Мұсаева, С.А. Жас ерекшелік педагогикасы :оқулық .-Астана,2006.



Тақырып 7. Балабақшадағы дидактика

Негізгі ұғымдар:оқыту, дидактика, мектеп жасына дейінгі бала, оқытудың заңдылықтары және принциптері.

Оқыту ұғымының мазмұны. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың мақсаты мен міндеттері. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінің құрылымы, функциялары және қозғаушы күштері. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың заңдылықтары мен принциптері.



Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Оқыту дегеніміз не?.

2. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуға қойылатын талаптар.

3. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту міндеттері.

4. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту функциялары.

5. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінің қозғаушы күштеріне не жатады?.

6. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың заңдылықтары.

7. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың принциптері.



Әдебиеттер:

1. Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.

2. Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана, 2012-336б.

3. Козлова.С.А, Куликова.Т.А. Дошкольная педагогика.- Москва, 2002.



Тақырып 8. Мектепке дейінгі ұйымдағы тұтас педагогикалық үрдіс: теориялық негізі, мәні, құрылымы, оның компоненті

Негізгі ұғымдар: педагогикалық үрдіс, мектепке дейінгі ұйым, жоспар.

Педагогикалық үрдіс туралы түсінік. Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үрдістің ерекшелігі. Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үрдістегі балалар әрекеттерінің ұйымдастырылу үйлесімділігі. Күн тәртібі және оның құрылымы. Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үрдісті жоспарлау.



Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Педагогикалық үрдіс дегеніміз не?.

2. Мектепке дейінгі педагогикалық үрдістің ерекшелігі?.

2. Мектепке дейінгі педагогиканың мақсаты мен міндеттері.

3. Педагогикалық үрдістің компоненттері?.

4. Күн тәртібі және оны құруға қойылатын талаптар.

5. Жоспар дегеніміз не?.

6. Жоспарды құру әдістемесі.



Әдебиеттер:

1. Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.

2. Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана, 2012-336б.

3. Козлова.С.А, Куликова.Т.А. Дошкольная педагогика.- Москва, 2002.

4. Хмель Н.Д. Біртұтас педагогикалық процесс. – Алматы, 2000.
Тақырып 9. Мектепке дейінгі балалардың құзыреттілік дамуы

Негізгі ұғымдар: құзыреттілік, индикатор.

Денсаулық сақтау құзыреттілігі. Коммуникативті-тілдік құзыреттілік. Танымдық құзыреттілік. Шығармашылық құзыреттілік. Әлеуметтік құзыреттілік. Балалардың құзыреттілік дамуының индикаторы, оның қызметі, құрылымы, сипаттамасы.



Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Құзыреттілік дегеніміз не?.

2. Құзыреттілік түрлері.

3. Индикатор дегеніміз не?.



Әдебиеттер:

1. Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.

2. ҚРМЖМБС 1.001-2009. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу. Негізгі ережелер.
Тақырып 10. Мектепке дейінгі балалардың ойын іс-әрекеті

Негізгі ұғымдар: ойын іс-әрекеті, ойын түрлері, заттық-дамытушы орта.

Мектепке дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті - ойын. Ойынның ерекшеліктері және тәрбиелік мәні. Ойынның тарихи әлеуметтік сипаты. Ойын түрлері және олардың мазмұны, ұйымдастырылу ерекшеліктері. Заттық-дамытушы ортаны құру.



Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Ойын іс-әрекетінің мазмұны және ерекшелігі?.

2. Мектеп жасына дейінгі балалар ойынының түрлері .

3. Заттық-дамытушы орта дегеніміз не?.



Әдебиеттер:

1. Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.

2. Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана, 2012-336б.

3. Козлова.С.А, Куликова.Т.А. Дошкольная педагогика.- Москва, 2002.

4. Едігенова А.Ж. Ойната отырып тәрбиелейміз. – Семей, 2011.
Тақырып 11. Балалар ойыншығы

Негізгі ұғымдар: ойын іс-әрекеті, ойыншық.

Ойыншықтар және олардың балалар өміріндегі маңызы. Ойыншық түрлері және оның жіктелуі. Әртүрлі жастағы балалардың ойыншықтары және оның педагогикалық үрдістегі орны.



Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Ойыншықтардың маңызы және қажеттілігі?.

2. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойыншықтар, оларды пайдалану әдістемесі.

3. Ойыншықтардың тарихи сипаты.



Әдебиеттер:

1. Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.

2. Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана, 2012-336б.

3. Козлова.С.А, Куликова.Т.А. Дошкольная педагогика.- Москва, 2002.

4. Едігенова А.Ж. Ойната отырып тәрбиелейміз. – Семей, 2011.

Модуль 3. Отбасы, мектепке дейінгі ұйым және мектептің сабақтастығы

Тақырып 12. Баланы мектепке дайындау

Негізгі ұғымдар: мектепке дайындау, мектепке оқуға даярлық, отбасы, балабақша, мектеп.

Қазақстан Республикасында балаларды мектепке дайындау мәселелері. Мектепалды балаларын мектепке оқуға даярлаудағы психолог-педагогтардың зерттеулері. Отбасы, балабақша, мектеп жағдайында балаларды мектепке дайындау.



Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Елімізде балаларды мектепке дайындаудың негізгі мәселелері қандай?.

2. Мектепке дайындаудың нормативтік базасы.

3. Мектепке дайындау дегеніміз не?.

4. Мектепке дайындау мәселесін кімдер зерттеген?.

5. Мектепке дайындауға қойылатын талаптар.



Әдебиеттер:

1. Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.

2. Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана, 2012-336б.

3. Козлова.С.А, Куликова.Т.А. Дошкольная педагогика.- Москва, 2002.


Тақырып 13. Мектепке дейінгі ұйым мен мектептің сабақтастығы

Негізгі ұғымдар: мектепке дейінгі ұйым, мектеп, бірлескен жұмыс формалары, тәрбиеші.

Мектепке дейінгі ұйым мен мектеп арасындағы сабақтастық. Мектепке дейінгі ұйым мен мектептің бірлескен жұмыс формалары. Тәрбиешілер мен мұғалімдердің педагогикалық жұмыстарының сабақтастығы.



Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Мектепке дейінгі ұйым мен мектептің сабақтастығы түсінігінің мағынасы.

2. Мектепке дейінгі ұйым мен мектептің бірлескен жұмыс түрлері.

3. Мектепке дейінгі ұйым мен мектептің бірлескен жұмысына қойылатын талаптар.

5. Мектепке дейінгі ұйым мен мектептің сабақтастығын жүзеге асырудағы тәрбиешінің атқаратын негізгі функциялары.

Әдебиеттер:

1. Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.

2. Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана, 2012-336б.

3. Козлова.С.А, Куликова.Т.А. Дошкольная педагогика.- Москва, 2002.


Тақырып 14. Мектепке дейінгі ұйым және отбасы

Негізгі ұғымдар: отбасы, мектепке дейінгі ұйым, тәрбие, қалыптастыру.

Отбасы – мектеп жасына дейінгі балаларды қалыптастыру ортасы. Қазақстандағы отбасы саясаты және демография. Отбасындағы тәрбие дәстүрлері. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері. Халық тәжірибесінде отбасының балаларды тәрбиелеудегі орны.



Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Отбасының анықтамасы және функциялары.

2. Отбасының балаларды тәрбиелеудегі мақсаты мен міндеттері.

3. Демография дегеніміз не?.

4. Отбасының түрлері.

5. Отбасын зерттеу әдістері.

6. Ата-аналармен жұмыс түрлері.

Әдебиеттер:

1. Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.

2. Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана, 2012-336б.

3. Козлова.С.А, Куликова.Т.А. Дошкольная педагогика.- Москва, 2002.

4. Артамонова Е.И. и др. Психология семейных отношений с основами семейного консультирования. М., 2002.

Тақырып 15. Мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру үдерісін диагностикалау және үлгілеу

Негізгі ұғымдар: білім беру, педагогикалық процесс, оқыту.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы оқыту нәтижелері туралы ұғым. Педагогикалық процесте балаларды оқыту нәтижелерін бағалау.Оқу-танымдық іс-әрекетті меңгеру мектепке дейінгі ұйымда мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың маңызды нәтижесі ретінде.


Өзін-өзі бақылауға сұрақтар:

1. Мектепке дейінгі білім беру ұғымы?.

2. Оқыту дегеніміз не?.

4. Оқыту нәтижелері дегеніміз не?.

5. Мектепке дейінгі ұйымда оқыту нәтижелерін бағалау түрлері және олардың ерекшеліктері қандай?.

Әдебиеттер:

1. Аралбаева Г.К. Мектепке дейінгі педагогика.- Алматы, 2012-220б.

2. Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика.-Астана, 2012-336б.

3. Козлова.С.А, Куликова.Т.А. Дошкольная педагогика.- Москва, 2002.


3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР

Тәжірибелік сабақтарына даярлануға әдістемелік нұсқаулар

Тәжірибелік сабақтар студенттердің оқу жұмыстарының маңызды формаларының бірі.Тәжірибелік сабақтардың мақсаты – пән мазмұны бойынша білімді бекіту, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру.

Бұл сабақтардың рөлі студенттерде оқыған пәндерінен алған білімдерін практикада қолдана білу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыруда өте жоғары.

Тәжірибелік сабақтардың міндеттері:

1. Дәріс материалдарын қайталау арқылы білімді бекіту, материалды кеңейту және нақтылау.

2. Алынған білімді нақты әрекеттерді орындау үшін және жаңа білім, дағдыларды алу үшін өздігінен қолдану қабілетін дамыту.

3. Теориялық білімді практикада қолдана білу іскерлігін қалыптастыру.

4. Практикада қолдану үшін ғылыми әдістер және тәсілдерімен танысу.

5. Алғашқы тәжірибеге қажетті дағдыларды жинақтау.

6. Ғылыми-практикалық сұрақтарды өздігінен шешу дағдыларын дамыту.

7. Алынған білімді нақты жүйеге келтіру.

8. Оқу және ғылыми жұмыстарға жауапкершілікті және ұқыптылықты тәрбиелеу.

9. Пәндер арасындағы байланыс пен қатынасты дамыту.

Тәжірибелік сабақтарға даярлануда әр тақырып бойынша берілген сұрақтардың мазмұнын ашу керек. Сұрақтардың мазмұнын ашуда нақты мысалдар, фактілер, аргументтер келтіру қажет. Сабаққа даярлануда ұсынылған әдебиеттерден басқа әдебиеттерді, күнделікті баслымдардағы материалдарды қолдануға болады. Тәжірибелік сабақтарда оқылатын пәнге жағымды қатынас қалыптасады, алған білім және іскерліктер бекиді және жетіледі.




Тәжірибелік сабақтарының тақырыптары және қысқаша мазмұны
Модуль 1. Мектепке дейінгі педагогикның негізгі мәселелері

Тақырып 1. Кіріспе. Мектепке дейінгі педагогика ғылым ретінде: пәні, қызметі
Мектепке дейінгі педагогика пәні және оның негізгі мәселелері. Мектепке дейінгі педагогиканың негізгі ұғымдары. Мектепке дейінгі педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы. Мектепке дейінгі педагогиканың әдіснамасы және зерттеу әдістері.
Бақылау сұрақтары:

1. Мектепке дейінгі педагогика нені оқытады?.

2. Мектепке дейінгі педагогиканың негізгі мәселелері.

3. Мектепке дейінгі педагогиканың негізгі ұғымдары.

4. Қандай ғылымдармен байланысты?.

5. Әдіснама дегеніміз не?.



Әдебиеттер:

Тақырып 2.Балалардың дамуы және оларды тәрбиелеу туралы қазіргі отандық және шетел теориялары, оларға сипаттама
Әлемдік тәжірибедегі мектепке дейінгі тәрбие. Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің даму және қалыптасу кезеңдері. Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі тәрбиенің қазіргі кезеңдегі жай-күйі.

Бақылау сұрақтары:

1. Әлемдік тәжірибедегі мектепке дейінгі тәрбие.

2. Мектепке дейінгі педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуы қай уақыттан басталады?.

3. Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы.

4. Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиенің қалыптасуы кімнің есімімен байланысты?.

5. Қазіргі кезеңде Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие мәселесімен кімдер айналысады?.



Тақырып 3. Нәрестелік және сәбилік шақтағы шақтағы балалардың дамуы және оларды тәрбиелеу

Нәрестелік шақтың жалпы сипатты және тәрбиелеу ерекшеліктері. Сәбилік шақтың ерекшелігі.Сәбилік шақта балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері. Сәбилік шақтағы балалардың сенсорлық тәрбиесі. 3-6 жастағы балалардың даму ерекшеліктері және тәрбиесі.



Бақылау сұрақтары:

1. Нәрестелік шақтың сипаттамасы. Қай аралықты қамтиды?.

2. Сәбилік жас қай аралықты қамтиды?.

3.Сәбилік шақтағы балалардың негізгі жетістіктері?.

2. Сәбилік шақта бала тұлғасының қалыптасу ерекшеліктері қандай?..

3. Сенсорлық тәрбие дегеніміз не?.

4. 3 – жас дағдарысы түсінігінің мағынасы
Модуль 2. Мектепке дейінгі жастағы оқыту және тәрбиелеу негіздері

Тақырып 4.Мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбие теориясы мен әдістемесі

Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің мазмұны. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық, көркемдік-эстетикалық тәрбиесінің мазмұны. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі балалардың экономикалық тәрбиесі.



Бақылау сұрақтары:

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері?.

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесінің мазмұнын не құрайды?.

3. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек тәрбиесінің міндеттері.

4.Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу әдістері қандай?.

Тақырып 5. Балабақшадағы дидактика

Оқыту ұғымының мазмұны. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінің құрылымы, функциялары және қозғаушы күштері. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың түрлері, әдістері, құралдары. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың заңдылықтары мен принциптері.



Бақылау сұрақтары:

1. Оқыту дегеніміз не?.

2. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту ерекшеліктері.

3. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінің компоненттері қандай?.

5.Қарама-қайшылықтар дегеніміз не?.

6. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың заңдылықтары.

7. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың принциптері.

Тақырып 6. Мектепке дейінгі ұйымдағы тұтас педагогикалық үрдіс: теориялық негізі, мәні, құрылымы, оның компоненті

Педагогикалық үрдіс туралы түсінік. Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үрдістің ерекшелігі. Күн тәртібі: күннің бірінші және екінші жартысы, ертеңгілік қабылдау, серуен, балалардың ұйқысы және тамақтандыру әдістемесі. Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық үрдісті жоспарлау.Жоспарлау түрлері: жылдық жоспар, айлық жоспар, тәрбиеші-педагогтардың календарлық - тақырыптық, күнделікті жоспарлары. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда дамыта, саралап оқыту және ойын арқылы оқыту технологияларының қолданылуы.



Бақылау сұрақтары:

1. Педагогикалық үрдіс дегеніміз не?.

2. Мектепке дейінгі педагогикалық үрдістің ерекшелігі?.

3. Педагогикалық үрдістің компоненттері?.

4. Күн тәртібі және оны құруға қойылатын талаптар.

5. Жоспар дегеніміз не?.

6. Серуеннің түрлері.

7. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда қолданылатын технологиялар.



Тақырып 7. Білім салалары

«Денсаулық» білім беру саласының мазмұны. «Қатынас» білім беру саласының мазмұны. «Таным» білім беру саласының мазмұны. «Шығармашылық» білім беру саласының мазмұны. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының мазмұны.



Бақылау сұрақтары:

1. Білім беру саласы дегеніміз не?.

2. Білім беру салаларының тиімділігі неде?.

Тақырып 8. Заттық-дамытушы ортаны құру

«Орта», «дамытушы орта», «білім беру ортасы», «заттық-дамытушы орта» ұғымдарының мазмұны. Тұлғаны дамытуда және мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетіндегі ортаның маңызы. Мектепке дейінгі ұйымдағы заттық-дамытушы ортаның негізгі сипаттары және оған қойылатын талаптар. Заттық-дамытушы ортаны құру принциптері. Мектепке дейінгі ұйымдағы заттық-дамытушы ортаны құрудың заманауи тұжырымдары. Шетелдерде мектепке дейінгі мекемеде балаларды дамыту ортасын жобалау.



Бақылау сұрақтары:

  1. «Орта», «дамытушы орта», «білім беру ортасы», «заттық-дамытушы орта» ұғымдарының анықтамалары.

2. Даму дегеніміз не?.

3. Заттық-дамытушы ортаның негізгі сипаттары және оған қойылатын талаптар қандай?.

4. Заттық-дамытушы ортаны құрудың заманауи тұжырымдары.

5. Заттық-дамытушы ортаны құру принциптері қандай?.



Модуль 3. Отбасы, мектепке дейінгі ұйым және мектептің сабақтастығы

Тақырып 9. Баланы мектепке дайындау

Қазақстан Республикасында балаларды мектепке дайындау мәселелері. Мектепалды балаларын мектепке оқуға даярлаудағы психолог-педагогтардың зерттеулері. Отбасы, балабақша, мектеп жағдайында балаларды мектепке дайындау.



Бақылау сұрақтары:

1. Балаларды мектепке дайындаудың негізгі мәселелері қандай?.

2. Мектепке дайындаудың нормативтік базасы.

3. Мектепке дайындау дегеніміз не?.

4. Мектепке дайындау мәселесін кімдер зерттеген?.

5. Отбасы, балабақша, мектеп жағдайында балаларды мектепке дайындаудың байланысы.



Тақырып 10. Мектепке дейінгі ұйым, отбасы және мектептің сабақтастығы

Мектепке дейінгі ұйым мен мектеп арасындағы сабақтастық. Мектепке дейінгі ұйым мен мектептің бірлескен жұмыс формалары. Тәрбиешілер мен мұғалімдердің педагогикалық жұмыстарының сабақтастығы.



Бақылау сұрақтары:

1. Мектепке дейінгі ұйым мен мектептің сабақтастығы түсінігінің мағынасы.

2. Мектепке дейінгі ұйым мен мектептің бірлескен жұмыс түрлері және қойылатын талаптар.

5. Тәрбиешінің атқаратын негізгі функциялары қандай?.

6. Отбасының балаларды тәрбиелеудегі мақсаты мен міндеттері.

7. Отбасының түрлері.

8. Отбасын зерттеу әдістері.

9. Ата-аналармен жұмыс түрлері.



Тақырып 11. Мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру үдерісін диагностикалау және үлгілеу

Мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы оқыту нәтижелері туралы ұғым. Педагогикалық процесте балаларды оқыту нәтижелерін бағалау. Оқу-танымдық іс-әрекетті меңгеру мектепке дейінгі ұйымда мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың маңызды нәтижесі ретінде. Мектепке дейінгі ұйымда білім беру үдерісін диагностикалау.



Бақылау сұрақтары:

1. Мектепке дейінгі білім беру ұғымы?.

2. Оқыту дегеніміз не?.

4. Оқыту нәтижелері дегеніміз не?.

5. Мектепке дейінгі ұйымда оқыту нәтижелерін бағалау түрлері және олардың ерекшеліктері қандай?.
4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ

Оқытушы жетекшілігімен және студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар
Мақсаты: студенттердің дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру.

Міндеттері:

- дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдерін тереңдету;

- теорияны практикамен байланыстыру;

- библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру;

- алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды өздігінен шешу;

- психологиялық-педагогикалық бақылау жүргізудің практикалық дағдыларын жетілдіру;

- зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру;

- өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту;

- ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету.

Оқытушы жетекшілігімен және өздігіңізден орындайтын өздік жұмысыңыз Сіздің курс бойынша меңгеретін біліміңізге және рейтинг бойынша жинайтын ұпайыңызға айтарлықтай ықпал жасайтынын ұмытпаңыз, сол себепті әрбір өздік жұмыс тапсырмасын өзіңіз дербес орындаңыз, тапсырманы орындауға мұқият қараңыз, әрі жауапты болыңыз. Өздік жұмыс тапсырмаларын орындау барысында басқадан көшіргеніңіз немесе басқаға көшірткеніңіз үшін жұмысыңыз мүлдем есептелінбеуі немесе бағасы төмендетілуі мүмкін.

Өздік жұмысын орындау формалары әр түрлі: кесте, таблица құру, реферат, коллоквиум, сөзжұмбақ, пікірталас, конспект бойынша талдау, аннотация жазу және т.б. Оларды орындау үшін оқу әдістемелік кешеннің мазмұнында жалпы әдістемелік нұсқаулар берілген.



Студенттердің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмыстарының тапсырмалары




Тақырыптары

Мазмұны

Өткізілу уақыты және балл

Бақылау түрі

1

Мектепке дейінгі баланың дамуы және қалыптасуы


1.Даму және тәрбие.

2.Тұқымқуалаушылықтың рөлі.

3.Ортаның жеке тұлғаның қалыптасуындағы орны.

4.Тәрбиенің тұлға дамуындағы рөлі.





2 апта

10 балл


Конспект бойынша талдау

2

Мектептен бұрынғы тәрбие


Н.Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие» еңбегі.


4 апта

10 балл


Конспект бойынша салыстырмалы талдау

3

Мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбие теориясы мен әдістемесі

Ақыл-ой тәрбиесі. Сенсорлық тәрбие. Экономикалық тәрбие. Экологиялық тәрбие. Еңбек тәрбиесі. Дене тәрбиесі.

7 апта

10 балл


Реферат

4

Мектепке дейінгі ұйымдағы тұтас педагогикалық үрдіс

Әр студент нақты бір топқа күн тәртібін құрастырады.



8 апта

10 балл


Топта талқылау

5

Мектепке дейінгі балалардың ойын іс-әрекеті

Қазақстанда және ТМД елдерінде мектеп жасына дейінгі балалар ойындары туралы зерттеулер. Сюжеттік-рөлдік ойындар. Дидактикалық ойындар. Қимыл-қозғалыс ойындары. Сахналық ойындар. Құрылыс ойындары.

10 апта

10 балл


Баяндама

6

Мектепке дейінгі ұйым және отбасы

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері: жиналыс, дөңгелек үстел, дәріс, іскерлік ойындары, тренингтер және т.б.

12 апта

10 балл


Бір жұмыс түрін әзірлеу және топта ұйымдастыру


Студенттердің орындайтын өздік жұмыстарының тапсырмалары




Тақырыптары

Мазмұны

Өткізілу уақыты және балл

Бақылау түрі

1

Пән бойынша библиография әзірлеу

Деректермен жұмыс істеу іскерлігін арттыру.

3 апта

25 балл


Библиография

2

Глоссарий әзірлеу

Негізгі түсініктер мен ұғымдарды жүйелеу.

5 апта

25 балл


Глоссарий

3

Балабақшадағы дидактика

Мектепке дейінгі білім беру мазмұны және оның құрылымы.Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын реттейтін нормативтік құжаттар. Мектепке дейінгі білім беру сапасы және оны өзгертудің негізгі тенденциялары.

6 апта

25 балл


Конспект бойынша талқылау

4

Мектепке дейінгі балалардың құзыреттілік дамуы

Денсаулық сақтау құзыреттілігі.Қатынас-тілдік құзыреттілік.

Танымдық құзыреттілік.

Шығармашылық құзыреттілік.

Әлеуметтік құзыреттілік.




9 апта

25 балл


Конспект бойынша талқылау

5

Балалар ойыншығы

Әртүрлі жас топтарында ойыншықтарды пайдалану әдістемесі.

11 апта

25 балл


Әдістемемен жұмыс

6

Мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру үдерісін диагностикалау және үлгілеу




14 апта

25 балл


Диагностикалау әдістемелері



I - Рубеждік бақылауға тапсырмалар:

1 – ші нұсқа

1. Мектепке дейінгі педагогиканың зерттеу пәні мен объектісі...

2. Балабақшада оқыту мәселелерін зерттеген ғалымдар...

3.Сензитивті кезең дегеніміз...

4. Нәрестелік шақтағы балалардың психикалық дамуы барысындағы ерекшеліктері (әр кезеңнің негізгі ерекшелігін ашып көрсету керек):

- туғаннан 3 ай;

- 3 ай – 6 ай;

- 6 ай – 9 ай;

- 9 ай – 12 ай.

5. Дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері...

6. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу әдістері, құралдары...
2 – ші нұсқа

1. Мектепке дейінгі педагогиканың зерттейтін көкейкесті мәселелері...

2. Психологиялық тұрғыдан зерттеген ғалымдар...

3. Мектепке дейінгі педагогиканың зерттеу әдістері...

4. 3 жас – 6 жастағы балалардың негізгі ерекшеліктері.

5. Сенсорлық тәрбиенің мақсаты, міндеттері...

6. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу процесінің мазмұны...
3 – ші нұсқа

1. Мектепке дейінгі педагогиканың мақсаты мен міндеттері...

2. Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогиканың дамуы...

3.Әдіснама дегеніміз...

4. Сәбилік жастың негізгі жетістіктерін ашып көрсету керек.

5. Еңбек тәрбиесінің міндеттері...

6. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері...

II - Рубеждік бақылауға тапсырмалар:

1 – ші нұсқа

1. Балабақшадағы дидактиканың ерекшелігі. Оқытудың қозғаушы күштері.

2. Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық процестің ерекшелігі.

3. «Денсаулық», «Шығармашылық» білім беру салаларының мазмұны.

4. Мектепке дейінгі ұйымдағы заттық-дамытушы ортаның негізгі сипаттары және оған қойылатын талаптар.

5. Балаларды мектепке дайындаудың негізгі мәселелері.

6. Мектепке дейінгі ұйым мен мектептің бірлескен жұмыс түрлері.

7. Мектепке дейінгі ұйымдағы оқыту нәтижелерін бағалау түрлері және ерекшеліктері.



2 – ші нұсқа

1. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту процесінің құрылымы, функциялары.Оқыту заңдылықтары.

2. Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық процесті жоспарлау.

3. «Таным», «Қатынас» білім беру салаларының мазмұны.

4 Заттық-дамытушы ортаны құру принциптері.

5. Мектепке дайындау мәселесінің зерттеуі.

6. Тәрбиешілер мен мұғалімдердің педагогикалық жұмыстарының сабақтастығы.

7. Мектепке дейінгі ұйымда оқыту нәтижелерін бағалау түрлері және олардың ерекшеліктері.


3 – ші нұсқа

1. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мақсаты мен міндеттері. Оқыту принциптері.

2. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда қолданатын технологиялар және ерекшеліктері.

3. «Әлеуметтік орта», «Денсаулық» білім беру салаларының мазмұны.

4. Мектепке дейінгі ұйымдағы заттық-дамытушы ортаны құрудың заманауи тұжырымдары.

5. Мектепке дайындауға қойылатын талаптар.

6. Мектепке дейінгі ұйым мен мектептің бірлескен жұмысына қойылатын талаптар.

7. Мектепке дейінгі ұйымда білім беру үдерісін диагностикалау.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет