2014 ж Директордың оқу ісі жөнін дегі орынбасары Ізғалиева А.І. Курстық жұмыс


 Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің  мазмұны, формасы және әдіс-тәсілдері



бет2/3
Дата27.08.2017
өлшемі0,78 Mb.
#29895
1   2   3

2.2. Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің  мазмұны, формасы және әдіс-тәсілдері

Жастарға балбөбек кезінде ұлттық тәрбиені сіңіру тиімдірек.

Бала шыбық тәрізді, қайдан жарық шықса, соған қарай бұрылып өседі. Ол үшін біріншіден, балаға әсер ететін тартымды әуен екенін ескеріп, ұлттық аспаптармен орындалатын әндерді, күйлерді ақырын ғана қосып қойып, санасына әсер ететіндей, құлағын үйрете берген дұрыс.

Одан кейін әр түрлі ою-өрнектермен әшкейленген суретті кітапшаларды халықтық музыка әуенімен біртіндеп ашып, көзін жаттықтыра беру.



Үшіншіден, халық жырауларының термелерін, ертегілерді тыңдату. Бұл балаға әсер ететіні соншалық патриоттық сезім оған қалай ұялағанын өзі де байқамай қалады. Қазіргі кезде бала тәрбиесіне келгенде ата мен әженің рөлі сәл төмендеп кетті деп жатамыз. Бұрын баланы бүкіл ауылы, руы болып тәрбиелесе, қазір ата мен әженің рөлі шынымен де тәрбиеге келгенде сәл бәсеңсіген. Бұл ауылда болсын, қалада болсын байқалып жатқан соңғы құбылыс. Алдына отырғызып, еркелете ертегісін айтып, жетектеп жүргенінің өзінде де онша көңілін тола бермейді. Себебі кейде, әсіресе, қалалық жерде қасынан өтіп бара жатып немересімен орысша шүлдірлесіп бара жатқанын көріп, қарның ашады, бас шайқайсың. Ал, ауыл болса, оның жайы мүлде басқа. Орысша сөйлемегенмен, ақылдың майын тамыза өнеге, өсиетін, ертегісін сарыла айтатын ата мен әжелер де азайған. Әркім өзінің жан тыныштығын ойлайтын заман болып кеткен тәрізді. Тәрбиені шал мен кемпірге бердік деп, артынан көңілдері толмай кінәлап жатқан жастарды да кездестіреміз. Бұл жерде біз мәселені шал мен кемпірдің тәрбиесінің нашар болуында деп емес, қандай шал мен кемпірде екендігінде деп айтар едік. Қалада да, ауылда да немересіне ертегі айтып, ән-жыр, күй тыңдатып, өсиет-өнеге беріп отыратын ата, әженің қатары сирегені рас. Өйткені, қазіргі 60-70 жасқа толған ата-әжелеріміздің өздері Кеңес заманында тәрбиеленіп, халық тәрбиесінен оқшау қалған жандар. Сондықтан сексен сөз сөйлеп, артына сегіз ауыз сөз қалдырмаған ата, әженің кебін өзіміз киіп отыратынымызды ескеріп, қазірден көшті түзей беру керек. Бұл көшті түзеу үшін жас балаларға және ата-аналарға арнап республика көлемінде көп тиражбен халықтың ата-мұрасынан қалған құнды ертегілер, мақал-мәтелдер жалпы ауыз әдебиеті үлгілерін бала сана-сезіміне лайықтап, қалыптасқан шығармаларды сұрыптап шағын кітапшалар етіп шығару қажет. Бала тәрбиесіне жіті көңіл бөліп, әр жас ерекшелігіне қарай білім берумен сабақтастырған орынды. Ол дегеніміз бала дүниеге келгенде бесікке бөлеп, бесік жырымен сусындатудан басталғаны абзал. Тілі шығып былдырлап жүрген балаға бүгінде кейбір жас ата-аналар әр түрлі нәрсе үйретіп жатады. Осы кезеңде балаға санамақ, жаңылтпаш үйретер болсақ, ойлау сана-сезімін кеңейтуге бағдар берген боламыз. 4-5 жасында жұмбақ шешкізіп, 6-7 жасынан батырлық жырларды жаттатқызып, мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап жан-дүниесіне жақын мамандыққа қарай икемдеуге септігін тигізер болсақ, болшағынан үлкен үміт күттірер, өз елінің болашағын ойлар азамат тәрбиелеген болар едік.



Сызба № 1






Отбасындағы бала тәрбиесі

Бала тәрбиесіне қазақ ойшылдары әр түрлі ой-пікір тастайды: Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтадғу білік» еңбегінде тәрбие жайлы: «...Баланың мінез-құлқы жақсы тәрбиеден туындайды. Егер бала ебедейсіз, шамшыл, өбектеліп өскен болса, бұған бәрінен бұрын оның ата-анасы кінәлы. Отбасы үшін бала зор қуаныш. Баласыз бақыт жоқ, бірақ баланың тууы ата-анаға зор міндет, жауапкершілік те жүктейді. Отбасы тәрбиесі бала мінез-құлқы мен психологиялық бейнесін қалыптастыру негіздерінің негізі. Сондықтан оны балғын шағынан оқытып, жақсылап тәрбиелеу керек. «Үй шаруасы мен баланы дұрыс күтіп-бағу үшін тазалық сақтайтын әйел таңда». Баланы тәрбиелеу әкенің де парызы. «Егер бала тәртіпсіз болса, оған әкесі де кінәлі». Ақылды, білімді етіп тәрбиелеу үшін әке-шешесі баласын үнемі назарда ұстауы тиіс. Балаларды қолөнерге баулу, ғылым-білімге қызықтыру – ата-ананың қасиетті парызы. «Балаңыз өмірде өксімес үшін оған білім мен кәсіп бер». Үлгілі тәртіптің негізі – білім, әдет-дағдыға машықтану. Сондықтан баланы кішкентайынан тіл алғызу, үлкендерді сыйлауға, ағайын-туысты, ата-ананы қастерлеуге үйрету керек» [15], - деп көрсетілген.

М.Жұмабаевтың еңбектерінде (Таңдамалылар, 1982) педагогика ғылымын адам жанының заңдылықтарын зерттейтін психологиямен байланыстыра қарастырады. Ол шәкірттерінің жан дүниесін ескермейінше, тәрбиені ұғындыру мүмкін емес [4], - деп есептеді. Әрине, бала тәрбиесі ол – болашағыңның тәрбиесі. Тәрбиені беру туралы әр қилы ойлар мен тұжырымдар айтылып жатады. Осындай көзқарастардың құяр сағасы ол қандай жолмен болса да болашағымыздың тәрбиесін дұрыс жолға қою екендігі белгілі. Ежелгі дәуірден бастап жоғарыда айтып өткеніміздей бүгінгі күнге дейін бала тәрбиесі туралы талай тұщымды ойлар айтылып өмірде қажетті тәрбиелік іске асып жатқаны орынды мәселе.

Адам алдымен отбасында, одан кейін ел ортасында, қоғамда жетіле түседі. Қоғам ұжымнан, ұлттан, ұлыстан, халықтан құралады.

Ұлттық құндылық дегеніміздің өзі халықтың ұлттық ерекшелігі, ол алдымен мәдениет, мәдениет жалпыадамзаттық мүдде тұрғысынан дамиды. Ендеше, осы құндылықты ескермеу, мәдениеттің негізін бөлшектеу – жастардың арасындағы діннен безу, тілін қастерлемеу, ұлттық әдепті білмеу сынды жағымсыз жайттардың белең алуына алып келді. Отбасы өнегесі төмендеп, қазақ ұлтының жан-дүниесі өзгеріске ұшырады. Ұлт психологиясы сансырап тексіз, ұлтсыз, тілсіз ұрпақ тәрбиелеуге бет алған замана алысын өзгерту мақсатында адам бола білуге, тұлғалық сипат қалыптастыруға әрине, ұлттық тәрбиенің берер үлесі мол. Халық қамын ойлайтын болашақтың кемеңгер ойшылдары да ұлттық тәрбиеден дәріс алған жастар арасынан шығары анық. Кемелденген, қуатты мемлекет болсын десек, сол қоғамның діңгегі жастар тәрбиесі дұрыс жолға қойылғанын қамтамасыз етуіміз керек. Ал, жастар тәрбиесі білім алу ордасында ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан нақтылана көрініс табуы тиіс. Сондықтан да, қазіргі ғаламдану заманында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму кезеңіндегі мәдени-тарихи, рухани құндылықтарымызды бойына сіңіре отырып, білім жетістіктерін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру қажеттігі алға тартылды.

Ұлттық құндылықтарға туған жер, отан, халық, туған ошақ, ұлттық мәдениет, ұлттық тіл, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар жатады. Сонымен қатар, оны тұлғааралық қатынастар, шаруашылық және қолөнер аясындағы құндылықтармен (тамақ, ұлттық киім) толықтырамыз.

Дана халқымыз өзінің үлкен тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, өзіндік салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр рәсімдерін туғызды. Бұлар – халықтың іс-әрекеттерінің қоғамдық ортада қалыптасқан нормалары мен ұстанымдарының көрінісі деп түсінген дұрыс. Қазақ халқы өмір сүрген ортаның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, мәдениеті мен тарихына сай жастарға тәлім мен тәрбие берудің басқа халықтарда қайталанбайтын талап-тілектерін дүниеге әкелген. Қазақ халқының ең құнды байлығы – салт-дәстүрі. Салт-дәстүрлердің пайда болуы мен қалыптасуының өзінің тарихы бар екені белгілі. Себебі, қазақ елі жеке ұлт ретінде құрылғанға дейін небір қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткеріп, қазіргі таңда өзіндік сипатымен орныққан бүгінгі күнге жетіп отыр. «Аға ұрпақ пен болашақ ұрпақтың арасында ешқандай байланыс болмаған жағдайда, әрбір жаңа ұрпақ тарихи өткен мұраты, дәстүрлерді, қол жеткен жетістікті білмесе, оны сақтамаса қоғамның алға дамуы мүмкін еместігі ақиқат. Осыған байланысты жаңа ұрпақ бұрынғының барлық құндылығын сақтап, жаңа жаңалықтармен байытып, дамытып отырады. Бұл сабақтастықта ұрпақтар бірлігінде халықтардың дәстүрінің өміршең мәңгілігі бекітіліп, сақталып, жаңа ұрпақтың әлеуметтік және адамгершілік құндылықтарға қарым-қатынасы оның жеке тұлғалық қалыптасуына негіз болады, яғни, тарихи оқиғалар негізінде ұлт құндылықтарын айқындайтын дүниелер тізбегін білім алуға түсіндіру тұрғысы ұлттық тәрбиенің құзіреттілігінде екені анық.

Ғасырлар сынынан екшеліп, ұрпақтан ұрпаққа ұласып келе жатқан ұлттық мәдениеттің бір бөлігі салт-дәстүрлердің озық үлгілері жеке тұлғаның жан-жақты дамуына септігін тигізетіні анық. Бүгінгі таңда халықтың ежелден келе жатқан дәстүрлерін жинақтап, зерделеу мен зерттеудің, оның тәжірибесі негізінде жастарды тәрбиелеудің қажеттігі орынды. Сондықтан да, сондай қажеттіліктердің бірі – дәстүр мен салттың тәрбиелік мүмкіндіктерін қазіргі таңда ұрпақ тәлімінде шығармашылықпен қолдану жүйесін қалыптастырып, оның нәтижесін мұғалімдердің толық білім сапасынан және оны оқушылар тәрбиесінде пайдалана алу іскерлігінен, дағдысынан байқауға болады. Біз қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін шығармашылықпен байланыстыра қолдана отырып, ұлттық санасы биік, толық кемелденген, дамыған өркениеттің көшіне ілесер жан-жақты, заман талабына сай тұлғаны қалыптастырғанымыз.

Жасөспірімдерге халықтық тәлім-тәрбие берудің шығармашылықпен қолдану жүйесін қалыптастыру негіздеріне қоғам және ой дамуының жалпы заңдылықтары, жалпы бұқара халықтың материалдық және рухани мәдениетінің тәрбие жұмысындағы орны туралы бүкіл адамзаттық және ұлттық құндылықтардың өзара бірлігі жөніндегі қағидалармен қатар, жеке тұлға туралы теория мен оны дамытудағы іс-әрекет, қимылдың педагогикалық, философиялық және психологиялық тұжырымдамалары мен табиғаттың заңдылықтары жатады.

Ұлттық тәрбиені салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты дәріптеп оқыту арқылы білім алушының бойына күнделікті өмір тұрғысындағы тәрбие нақыштарының сан белесінен хабардар етеміз. Сол дәстүр нақыштарымен, әдет-ғұрыптардың бүгінгі таңдағы ролін айқындай отырып, жастардың халық үрдістеріне деген сүйіспеншілігін оятуды мақсат етуді негіздеу. Жалпы, салт-дәстүр, әдет-ғұрып адам психологиясымен етене байланысып, замана жаңаруына сай өзгеріп отыратын құбылыс. Қазақ – салт-дәстүрге бай халықтардың бірі. Жалпы адам өмірі салт-дәстүр, той-томалақ рәсімге, ырымдар мен наным, ән мен күйге толы. Салт-дәстүр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан бір саласы. Ол адамдармен бірге туып, дамып қалыптасқан. Адам дүниеге келген күнінен баста өмірінің соңғы демі шыққанға дейін салт-дәстүрдің ықпалында болады. Ол бір адамның шығарған ой-түйсігі емес, халықтық сана-сезімнің қалыптасқан үрдісі іспеттес. Халықтың сан ғасырлар ұлттық тағылымына қатысты өзіндік ерекшеліктерінен туындаған салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары мол. Салт-дәстүрлер қоғамның дамуына орай толысып немесе қолданыстан шығып қалып отыратын құбылыс болғандықтан, біз ұлттық тәрбиені оқыту барысында оларды шығу тарихын, қолдану заңдылықтарын ескере келіп, адам тәрбиесіне өзектілігіне көңіл бөлуіміз қажет. Оқыту барысында қамтылатын материалдардың ұлттық тәрбие жүйесін жетілдіруде оның тарихи мәнін ғана ашып беру емес, қазіргі заман жетістіктеріне сүйене отырып, өмір тынысына сай келетінін жаңғыртып пайдалана білуге үйретуді мақсат еткен орынды.

«Салт-дәстүр дегеніміз – халықтардың кәсібіне, сенім-нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Ол ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, бірге дамып келе жатқан тарихи және көне үрдіс. Адамның бүкіл өмірі мен іс-әрекеттері салт-дәстүрлерден өзекті орын алып, адамның дүниетану көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі болып табылады.

«Салт – кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет-ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді. Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін салт-дәстүрлер ығысып, өмірге қажетті жаңалары дамып отырады.

Ал, Қазақ Кеңес энциклопедиясында салт ұғымына төмендегідей анықтама берілген: «Салт – халықтар кәсібіне, сеніміне, тіршілігіне байланысты қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын әдет-ғұрып, дәстүр. Уақыт озған сайын оған жаңалық еніп, өзгеріп қоғамдық болмыс ұстанымына бейімделіп отырады. Ал, жаңа қоғамдық қатынастарға қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері жаңа жағдайда ілгері дамиды.



Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол – қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Жалпы адамзат есіндегілерді және әлеуметтік тарихи тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші және жинақтаушы. Дәстүрде бірнеше ұрпақтың мәдениеті мен мәдениеттілігінің көп түрлігі және бірлігі жинақталған. Ол қоғамдық өмірдің барлық саласын, тәжірибесін қамти отырып, қоғамның әр деңгейіндегі ақылды даналықты бейнелейді. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады.

Дағды, әдет-ғұрып деген ұғымдар адамның мінезі мен тіршілігіне байланысты қанға сіңген қылықтарды білдіреді» [16], – деп түсінік берілген.

Жеке анықтама беріп қарастырылғанымен мағыналары бір-біріне жақын салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың пайда болу жолы тұрмыс-тіршілікпен тығыз байланысты екендігі белгілі. Ғалым С.Қалиев: «Салт – адам өмірінің күнделікті тіршілігінде отбасынан бастап қоғамдық өмірдегі қатынастар жиі қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас ережелері мен жол-жора, рәсім заңдарының жиынтығы – деп түсіндіре келе – …ол жеке адам өмірінде еңбек, іс-әрекет, адамгершілік, құқық, діни ережелерімен байланысты көрініс береді де, біртіндеп ауыл-аймақ, ру, тайпаға, ортақ рәсімге айналады. Ал, дәстүрдің өрісі салттан әлдеқайда кеңірек. Ол қоғамдық сананың барлық салаларымен байланыста дамыған, топтасқан қауымның қалыптасқан бірыңғай көзқарасын, әдет-заңын марапаттайтын ритуал. Ол ғылымда, әдебиетте, мектепте, халықтың ортақ өнерде немесе қоғамдық қатынаста көрініс беретін құбылыс. Дәстүр идеалогияға жақындау да, салт қоғамдық психологияға жақын. Мысалы: үлкенді сыйлау, қонақжайлылық – дәстүрлер. Олар көптеген салттардан, ырымдардан, жол-жоралардан рәсімдерден тұрады» [17], - деп, ой түйіндейді.

Демек, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді сараптау арқылы салт-дәстүр туралы мынадай қорытынды жасауға болады:

-салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар тек адамдарға ғана тән;

-салт пен дәстүр – көп қырлы қоғамдық құрылыс, ол адамзат пен жеке тұлғаның рухани, мәдени дамуының көрсеткіші болып табылады, әлеуметтік жетістігі;

-әр халықтың салт-дәстүрлері өзінің негізгі сипатына қарай ерекшеленеді: ол ұрпақтан ұрпаққа жалғасады, яғни уақыт, тарих көшіне сай ілесе отырып, ырғақтық көшіне ілеседі; қоғамдық, ұжымдық қарым-қатынастың құралы болып табылады.

Қазақ халқы ерте заманнан-ақ салтын берік ұстанып, аса қадірлеп келген, халқымыздың өзіне ғана тән, қайталанбас ерекше салт-дәстүрлері, әдет-ғұрып, жөн-жоралғылары бар. «Ұрпақтың ана бойына біткен кезінен бастап «құрсақ той» немесе «құрсақ шашу» ырымдарынан бастап, бала ер жетіп, ел қатарына қосылғанға дейінгі аралықты қамтитын түрлі ырым, жол-жоралғы, әдет-ғұрып тұтас бір тәрбие жүйесіне құралады.

Әдет-ғұрып жыры халықтың наным-сенімін, тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін мәдени мұраның бір саласы. Бесік жырынан басталатын түрлі өлең-жырлар бала психологиясына сәйкес жас ерекшеліктеріне лайықты айтылады. Діни және тұрмыс-салт жырлары халықтық салт-дәстүр, наным-сенім, түрлі тіршілікке өзектесе оның рухани байлығын, ішкі жан дүниесін бейнелейді. Той бастар, жар-жар, сыңсу, беташар, үйлену тойына байланысты болса, естірту, көңіл айту, жоқтау кісіні соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне байланысты. Бата беру игі тілек, ақ ниетті білдіреді. Халықтық дәстүрлердің аса бір үлгілі нұсқасы мақал-мәтелдер, жұмбақтар, шешендік сөздер, айтыс сияқты жанрлар ұтымды сөз, ұшқыр ой, терең де жан-жақты білімдар қасиеттерге баулып, төрелі сөзге тоқтай білуді үйретеді. Ертегі, дастан, батырлар жыры жасөспірімдердің қиялын шарықтатып, дүниетанымын кеңітіп, жерін қорғай білуге тәрбиелейді» [9].



Осы ерекшеліктер көнеден келе жатқан қазақ патриотизмінің негізі болып табылады. Тамыры түпсіз тереңде жатқан әр әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің астарында үлкен мән жатады. Осы күнде, қазір салт-дәстүрдің түріне байланысты «озығы мен тозығы» жеткен деп айтып жүретіндер де бар, бірақ оның ішінен екшеп, сұрыптап, оған басын ауыртып жүргендері шамалы. Салттың, дәстүрдің әрқайсысының өзіндік орны, ерекшелігі бар екенін ескерген халық, оны қажетіне қарай пайдаланады. Сол арқылы ол бізді басқа халықтардан оқшаулап, айшықтап тұрады. Ол халықтың жүрегі, һәм тамыр соғысы тәрізді, ол тоқтаса халық та өзінің өмір сүруін тоқтатады. Ол халықтың дүниетанымынан туады.




Сызба №2
Бала тәрбиесі, ұлт тәрбиесінде К.Ушинский жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, олардың жан-дүниесін дамыту жайында «әрбір халық пен ұлт өз ана тілі мен салт-дәстүрін қастерлеп, тарихи даму жағдайына орай білім беріп, тәрбиелеу керек» деп ой қорытқаны мәлім.

Қазіргі таңда салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәнін ашып, оны бүгінгі таңда жан-жақты жетілдірудің қажеттігінің маңызы зор. Себебі, ұлттың болашағы бүгіннен қаланатыны бәріне де айтпаса да түсінікті.



Әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлерді ұлттық тәрбие бағдарламасымен сабақтастыру мәселесінде ұлттық мерекелер мен ұлттық қонақжайлықты дәріптеу саясатын негізге алу қажет.

Адам баласына күнделікті өмір тіршілігінде қоғамдық жайттардағы кез-келген мәселе тек тәрбиеге бағытталуы тиіс. Біз сонда ғана болашақ ұрпағымызды саналы да білімді етіп тәрбиелей аламыз.







Сызба № 3

2.3. Қазақ салт-дәстүрлері бойынша тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыру барысында оқушыларға тәрбие берудің бағдарламасы мен әдістемесі

Бала тәрбиесінде салт-дәстүр қалай көрініс табу керек? Бала санасына ұлттық тәлім-тәрбиені қандай жолмен сіңдіріп, тағылымдық тәрбиесі мол дәстүрден сусындатуды қалай жүзеге асырамыз? Бұл сұрақтар жалпы бізді ғана емес, бүкіл иісі қазақ баласын толғандыруға тұрарлықтай мәселе болу абзал. Сонда ғана бұл мәселе мейлінше алға жылжып, жоғары дәрежеде қоғамға өзіндік үлесін қоса алады. «Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекке оның барлық өміріне апат әкеледі», – депті әл-Фараби бабамыз. Халқымыз бала тәрбиесіне аса зор көңіл бөлген, жақсы қасиеттерге баулып, жаманнан жеріндіріп отырған. Бала тәрбиесіне көңіл бөліп, тереңінен ойлаған қазақ халқы бесіктегі нәресте тәрбиесіне дейін назар аудара білген. Сол себепті де, қазақ тарихында жастар жаман қылықтардан аулақ болған. Ендеше, бүгінгі таңда белең алған жастар арасындағы келеңсіз жайттардан арыламыз десек, ұлттық тәрбиеге баулитын салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыздың маңызының тереңде екендігіне көз жеткіземіз. Жалпы баланы қадір-қасиетін жоймаған салт-дәстүрлермен, әдет-ғұрыптармен, жыраулық қисса-дастандар, шешендік және нақыл сөздермен, эпостық және батырлар жырымен, мақал-мәтелдер, ұлттық ойындар арқылы тәрбиелеуге де болады. Бұл арқылы тәрбиенінің түйіні – адамгершілік, имандылық, ибалық, ақыл-ой, отбасылық мәселелер шешімін табады. Салт-дәстүрді балаға ана құрсағында жатқанда-ақ үйрете бастау керек. Медицина зерттеулерінде бала төрт айында-ақ тәрбиені қабылдай бастайды екен. Сәби құрсаққа бітісімен ана өзінің жаман қылықтарын тастап, бойын түзеп, денсаулығын күту керек. Өйткені, балаға анасының бойындағы әр түрлі қасиеттер, денсаулығынан ақаулар, мінез-құлықтар осы кезден бастап беріледі екен. Ана сүтін еміп өскен бала мен ана арасында да сүйіспеншілік, мейірімділік орнайды. Қазіргі кезде белгілі себептермен кей ана баласын емізуден бас тартады да, балада да, өзінде де мейірімсіздік пайда болады. Жапон ғалымдары «бала анасының құрсағында жатқанда әдемі әуен тыңдап, дүниеге келген алғашқы айында жып-жылы ана сүтін қылқ-қылқ еміп, ана жүрегінің дүрсілін естісе ғана дені сау, өмірге құштар азамат болып өседі» дейді. Ал, мұны біздің ата-бабамыз баяғыда-ақ дәлелдеп, жаңа туған нәрестені ана сүтіне жарытып, тап-тұйнақтай етіп құндақтап, бесікке бөлеп, әдемі әнмен тербеткен. Өсе келе қазақ баласы ата-әжесінің ертегісін, батырлар жырын тыңдап өсетін болған. Кейінгі жылдары балалар анасының бесік жырын тыңдамақ түгіл, ақ сүтін емуге зар болды емес пе?

«Адам тәрбиесі оның өмірге келуімен басталады, сөйлемес бұрын, естімес бұрын тәлім негізін ала бастайды», - деп жазған француз ойшылы Ж.Ж.Руссо. Біз тәлімді құрсақта жатқанда береміз. Бала дүниеге келісімен ерекше қамқорлық жасалады: жаңа туылған нәрестені күту, ол туралы келіндерге ақыл-кеңес беру, жаңа босанған әйелге қуатты тамақ беру, сәбиді тұзды сумен жуындыру, денесін мал майымен сылау (қазір басқаша) т.б. бала тәрбиесіне қатысты ұлттық салт-дәстүрлер арқылы тәрбиелеу: құрсақ тойы, жарыс қазан, шілдехана, сүйінші, қырқынан шығару, бесік тойы, бесік тәрбиесі, тұсау кесу, сүндетке отырғызу т.б. баланы тәрибелеуде отбасы басты рөл атқарғандықтан, ұлы М.Әуезов те отбасы тәрбесін ерекше бағалап, «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген.

Қазіргі кезде балабақшадағы тәрбие балаға аса зор әсер етеді. Мектепте қазақша, орысша, ағылшынша бірден тәлім алып, баланың таза қазақи тәлім алуына кедергі тудырып отырғаны тағы бар. Біз ағылшын немесе орыс тілдерін оқытпайық деп отырғанымыз жоқ, көбірек өз туған тілге көңіл бөлінсе деген ниеттен туып отырған ойлар. Міне, сондықтан балабақшада, бастауыш білім беретін сыныптарда таза қазақ тілінде тәрбие беруге назар салып, ұлттық құндылықтарды түсіндіріп, түрлі халықтық ойындар арқылы санасына сіңдіру керек.

Қай баланы алып қарасаң да «Шрек», «Человек паук», «Спондж боб» деп батыстан келген атыс-шабыс мультфильмдерді айтып, тіпті сол бейнеленген киімдермен киініп, ыдыстармен тамақ ішіп, жыр ғып айтып отырғаны. Өзіміздің төл дүниелерімізді көбірек көрсетіп, патриоттық сезімін оятуға әлі де енжарлық танытып отырмыз. Бүгінгі таңда тәуелсіз еліміздің ұлттық тәрбиесін білім бағдарламасына ендіре отырып, әр білім үрдісіне оның тәрбие көздерінің бірі салт-дәстүр, әдет-ғұрып нақыштарын тәрбие мен білімнің бастауы ретінде оқыту жағын негіздеуіміз өте орынды. Ол әрине, отбасы ошақ қасынан бастау алуы керек. Кез келген ата-ана баласына үй тәрбиесінен ұлттық құндылықтармен сусындатып, ана тілінде сөйлесіп, бала тілін жаттықтырудан бастауы қажет. Содан кейін де, 5-сыныптан бастап басқа тілдерді де оқытып үлгереміз. Оқу бағдарламаларына да қазақ халқының тарихын, философиясын, педагогикасын, психологиясын ендіруді қарастырған орынды. Бұл дегеніміз, халықтың рухани болмыстарын таныстырып отыру деген сөз, баланың өз ұлтының құндылығын танып, сүйіп өсуіне әсер етері сөзсіз, ал Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдеріне тұратын мекенін мақтан тұтып, қадірлеуге бағыт-бағдар көрсетуге мүмкіндік береді.

Балабақша бала тұлғасының қалыптасып, білім нәрінің бастау алатын алғашқы білім ошағы. Сол себепті де баланы балабақшаға берер сәтте ата-ана ойланулары қажет. Ол өз ұлтын, отбасын, жерін, елін сүйіп өсер азамат болып тәрбиеленуі үшін, бала өз ана тіліндегі балабақшаға бару қажет. Ол балабақша қоры ұлттық болмыспен қамтамасыз етілуі шарт. Яғни, ұлттық ойындар ойнатылып, ұлттық ертегілер, ұлттық ойыншықтармен, тіпті ұлт тіліндегі тәрбиелік маңызы зор мультфильмдердің көрсетілуі талап етілуі қажет.


Ойнайтын ойыншықтары ұлттық сипатта болу керек (Қазір С.Болысов деген кәсіпкер, Қадірәлі Болманов - музыкант, продюсер -балаларға арнап ұлттық сипаттағы ойыншықтар жасаумен айналысып, оны қолданысқа енгізуге тырысуда)




Отандық мультфильмдерді мемлекет қолдауымен көбірек шығару және оларды теледидардан жиі көрсету




Халық ертегілерін, жырларынан үзінді оқып жаттату, ақын-жазушылардың бала тіліне сай жазылған өлеңдерін үйрету


Балабақшада



Ұлттық рухтағы ойындарды (тығылыспақ, соқыртеке, санамақ т.б.) ойнату

Балабақшада видеотека жасау (бала тәрбиесіне арналған бағдарламалар мен мультфильмдерден)



Қазақ тілді балабақшаларға беру



Сызба №4

Мектепте қазіргі уақытта тәрбие жұмыстары біраз дұрыс деңгейге қойылды десек те болады. Бірақ әлі де мектеп бағдарламаларын қарастырып, ұлттық құндылықтарды толықтырып бала еркін қабылдайтындай материалдармен қамтамасыз ету жағын қарастырған жөн. Салт-дәстүр нақыштарын мектеп қабырғасында көптеп ұғындыру жағын жолға қою ұлт болашағының руханилылығын қамтамасыз етеді





Сызба №5

Егемендік алып, тәуелсіз ел болған тұста біз тәрбие процесін ұлттар мен халықтардың, тайпалар мен ұлыстардың ғасырлар бойы қалыптасқан этностық белгі-қасиеттеріне, салт-санасына, дәстүрлеріне негіздеуге ден қойып, халықтардың өткен тарихы мен салт-дәстүрлерін жаңғыртып, тәлім-тәрбиелік істерін қазіргі заман талабына сай қайта құруға бет бұруымыз әлеуметтік өмір талабынан туындап отырған мәселе. Бұлар этнопедагогикалық зерттеулерде ұлттық тәлім-тәрбие істерінің мазмұнын тереңдетіп, объективті түрде шындықтың бетін ашып көрсетеді.



Ұлттық тәрбиелік білім жас ұрпақты әсемдікті игеруге, сұлулықты сезініп, оны сезіне, қастерлей білуге, оны өз бойына дарыта білуге, яғни эстетикалық тәрбие бере білуге, ең бастысы рухани даму сипатына жетелейді. Ұлттық тәрбиелік білім беру арқылы жас өскелең ұрпақты халықтың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпымен таныстырып, адамның ішкі сезімін, жан дүниесін түсіне білуге бағыттауға ұмтыламыз. Ондағы өмірдегі бар құбылыстар барынша әсемдікпен, көркемдікпен сыртқа шығып, жастарға әсемдік, әдемілікті түсініп, жастардың санасына айнала қоршаған ортадағы сұлулыққа ерекше әсерлену, көз алдында болып жатқан құбылыстарды, табиғат сұлулылығын сезінуді, түсінуді, оның бағалап, танымдық, қызығушылық көзқарастарын қалыптастыруға негіздейді. Жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелейтін тағылымды тәлім – ұлттық рухта тәрбиелеу мен оқыту.Ұлттық рухта білім алған жеткіншек ұлттық тұлға болып қалыптасып шығады.Ұлттық білім берудің құндылығы толығымен саяси күрес, қалыптасқан дәстүрлермен, әлеуметтік дамумен, отандық және батыстық ғылымның бірігу дәрежесінен көрініп, анықталған. Халқымыздың сан ғасырлардан келе жатқан ұлттық мұрасын оқу-тәрбие ісімен сабақтастыра отырып тәрбиелеу, ұмыт қалған салт-дәстүр, ұлттық ерекшелігімізді насихаттап, олардың бойына ұлттық психологияны қалыптастыру – әрбір ұстаздың, барша халықтың парызы мен міндеті. Ұлттың келешегі – ұрпақ тәрбиесінде. Сондықтан да, тәрбиенің ісі, сапасы заман талабына сай болуы керек. Ол үшін бар күш-жігерімізді сала, қоғамның бүкіл қуатын жұмсап қана іске асыра аламыз.

Педагогикалық практика барысында мен ұлттық салт-дәстүрлерге, адамзаттық құндылықтарға негізделген бірнеше сыныптан тыс шаралар ұйымдастырумен қатар, сабақтарымды да халықтық салт-дәстүрлермен, құндылықтарды тиімді қолдануға күш салдым. Мысалы, «Ата салтым - асыл мұрам» тақырыбында өткен танымдық сыныптан тыс сабақ пен «Салтым – асыл қазынам» атты тәрбие сағатына тоқталсам:
Сабақтың мақсаты:а) Оқушылардың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіре отырып, ата дәстүрін танып білуге, ардақтауға, құрметтеп, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
ә) Халқымыздың ата заманнан келе жатқан ұлттық салт-дәстүрі негізінде адамгершілікке, имандылыққа, әдептілікке тәрбиелеу. б) Оқушылардың ұлттық дүниетаным негіздерін қалыптастыру, бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді оқушыларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу.

Көрнекілігі: Слайдтар, нақыл сөздер, кітаптар.

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру.

2.Кіріспе: Қазақ халқының ырымдары, тыйымдары ежелден келе жатқан ұлттық мәдениеттің бір бөлігі екендігі белгілі.Ғасырлар сынынан екшеліп, ұрпақтан ұрпаққа ұласып келе жатқан ырымдар мен тыйымдардың озық үлгілері жеке тұлғаның жан-жақты дамуына септігін тигізеді.Бүгінгі таңда тәрбиедегі басты бағыт: «Әр адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз отанының азаматы болу керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар, ырымдар мен тыйымдар және дәстүрлер көптеп көмектеседі, солар арқылы ол жалпы азаматтық әлемге аяқ басып, өз халқының игілігін басқа халықтарға жақында түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезі мен өткеннің талаптары, шынайы факторлар негізінде жеткіншек ұрпақты даярлап, оны жинақталған тәжірибе арқылы тәрбиелей отырып, өзінің ата-бабаларының рухани мұрасын игере түсуі керек».

Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет