2014 ж Директордың оқу ісі жөнін дегі орынбасары Ізғалиева А.І. Курстық жұмыс



бет3/3
Дата27.08.2017
өлшемі0,78 Mb.
#29895
1   2   3

- Ал, балалар, қандай тыйым сөздер мен ырымдар білесіңдер?
(1-17 оқушы) 1. Тізені, табанды тартуға болмайды. Ауруға шалдыққанда ғана тізе мен табанды тартады.

2. Аяқ-қолды жіппен байлауға болмайды, себебі бұл қол-аяғы байланған тұтқынды еске түсіреді. т. б.

Тыйым сөздер мен ырымдарды өте жақсы біледі екенбіз, енді ән тыңдалық.
Ән: «Қазақы дастарханым». Орындайтын: Ғалия, Аян.

Мұғалім: «Қазақтың тыйым сөзі - тәрбие көзі» демекші тағы қандай тыйым сөз білеміз, ортаға шығып өнер көрсетейік:


1-оқушы: Бүйіріңді таянба,
Оттан аттама.
2-оқушы: Жағыңды таянба,
Мойныңа белбеу салма.
3-оқушы: Босағаны керме,
Құдыққа түкірме. т. б.
(Оқушылар қимылмен көрсетеді) .
4. Қорытынды: Міне, балалар, сендер тәлім-тәрбие аларлықтай «Тыйым сөздер» өте көп екен. Сондықтан да үлкендерді әр сөзіне зер салып, әр сөздің астарына үңіле қарай білу керек. Әсіресе, мұғалімдердің, әр сөзін ұғып, қарт адамдардың ақылын естеріңе сақтағандарың жөн.

«Салтым – асыл қазынам»-тәрбие шарасы
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету;
Ата - аналармен тығыз байланыс жасау арқылы ортақ тәрбиеге жұмылдыру.
Көрнекілігі: Суреттер, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, ұлттық бұйым көрмелері.

Музыкалық сәлем: Күйшілер тобы. «Тойбастар»

1-жүргізуші: Ата - салтым – асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгініммен жалғадым.

2-жүргізуші: Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт - дәстүрді ардақтайық ағайын
Қазақ атты үлкен, кіші балдырған.
Жиналыппыз, сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,
Гүл - гүл жайнап мына біздің төрімізге.

1-жүргізуші: Өнерлі халық – өміршең халық, қазақтың әдет - ғұрпына, салт - дәстүріне бағытталған. «Салт - дәстүр - асыл қазына» атты тәрбие сағатын бастаймыз.

Музыкалық сәлем: (Қазақы дастарханым). Хор
Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын салт - дәстүрлер туралы қысқаша мәлімет беріп кетсек:
Салт дәстүрлерінің ішіндегі бала тәрбиесіне байланысты тәрбие дәстүріне тоқталсақ.
2-жүргізуші: Тәрбие дәстүрі.
Салт – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс – тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі. Қазақтың бірнеше салттарын атап өтсек.
Шілдехана (салт)
Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын - сауық той.
Кіндік кесер (салт)
Нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер (Кіндік шешесі) дайын тұрады. Кіндік кесу – мәртебелі, абыройлы іс.
Бесікке салу (салт)
Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті, киелі, қуатты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.
Қырқынан шығару (салт)
Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.
Тұсау кесер (салт)
Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.
Ғұрып-
Қазақтың өмір салты, өрен салты т. б. қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз.
1-жүргізуші:
Дәстүр - халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын кәсіптік, салт - сана, әдет - ғұрып, мінез - құлық, тәлім - тәрбие және рухани іс - әрекеттер көрінісі. Қазақтың бірнеше дәстүрлерін атап өтсек.
Тыштырма (дәстүр)
Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп «тыштыма, тыштыма» деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды.
Базарлық (дәстүр)
Алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес, көрші – көлем, жас балаларға, сыйлас адамдарына) әкелген сыйлығы.
Байғазы (дәстүр)
Балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сый.
Тілашар (дәстүр)
Баласы 7 жасқа толған балаға жаңа киім кигізіп, оқу жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны «тілашар» тойы деп атайды.
Жеті ата (дәстүр)
Халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген. Олай болса жет ата: Бала, Әке, Ата, Арғы ата, Баба, Түп ата, Тек ата.
Асату (дәстүр)
Ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал, табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады. /басқа да шаралар, сабақтар-қосымша материалда/

Қорытынды

Қазақ халқының ұлттық-мәдени қайта өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты, ұлттық рухани қайта өркендеу негіздерін қалыптастыратын халық дәстүрлерінде тәрбиелеудің заңды, обьективті қажеттігі арта түседі. Мұндай жағдайда жеткіншек ұрпақты өз халқының қазынасымен, оның ұлттық мәдениетімен, әдет-ғұрыпы, дәстүрлерімен неғұрлым тереңірек таныстыру қажеттігін тудырады. Өйткені мұндай негіздерді білмей,өз халқының ұлттық ерекшеліктерін сезінбей, басқа халықтың өзіне тән белгісін толық түсіну мүмкін емес екені мәлім. Халықтың әрбірінің тәрбиелеу мен оқыту саласында өз жетістіктері мен табыстары да, сондай-ақ олқылықтары да бар. Бұл арада ең маңыздысы мынау: әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз отанына бар жан тәнімен берілген азаматы болу керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттың әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көптен көмектеседі, солар арқылы ол жалпы адамзаттық әлемге аяқ басып, өз халқының игілігін басқа халықтарға жақында түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезімен өткенің талаптары, обьективті факторлар негізінде жеткіншек ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған тәжірибе: негізінде тәрбиелей отырып өзінің ата-бабаларының тәжірибесін игере түсуі керек.

Тәрбиенің қалыптасып, дамуына қазақтың ауызекі поэтикалық және музыкалық шығармашылығы (мақал-мәтелдер, ертегі, аңыз әңгімелер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, эпос, жыр, терме, айтыс, ән-күйлер) орасан зор рөл атқарды және атқарып та отыр.Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болған оның таңдамалы үлгілері өскелең ұрпақты тәрбиелеудің таптырмас құралына айналды. Бір сөзбен айтқанда, қазақтар өмірінде балаларды, тәрбиелеуге жәрдемдесетін белгілі дәстүрлер қалыптасқан:олар балалардың музыкалық ойын-сауықтары ( санамақ, қаламақ, және т.б.), бала дүниеге келуін, белгілі бір жасқа толуын мерекелеу (шілдехана, туған күн, бесік жыры), алғаш қадамына сәттілік тілеу (тұсау кесу), сүндетке отырғызу, алғаш рет ат жалын тартып мінуі (тоқымқағар), жарысқа, күреске түсуі, той жоралғысы(«Той бастар», «Жар-жар», «Берашар», «Сыңсу», «Қыз ұзату»), және т.б. осы дәстүрлердің әрқайсысы тәрбиенің өзінше бір әдіс-тәсілі ретінде қызмет етті. Міне, осы құндылықтарды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді де орынды қолдану арқылы ұлтжанды, патриот, адамгершілік қасиеттері жоғары тұлға қалыптастыра аламыз.

Ұсыныс: №1,2,3,4,5-сызба ретінде көрсетілді.(қосымшада)



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. ҚР Білім Заңы

  2. Табылдиев Ә. Ұлттық тәрбие – ұлағатты іс. Алматы: Білім, 2002

  3. Назарбаев Н. Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.

  4. Жұмабаев М. Шығармалар. 2, 3 Т. – Алматы: Білім, 1996.

  5. Волков Г.Н. Этнопедагогика. – М.: Педагогика, 2000

  6. Әдібай Табылды. Этнопедагогикалық оқылымдар. – Алматы: Білім, 2006, 2-кітап

  7. Көбеев С. Таңдамалы шығармалар /Құрастырған: Қирабаев С./. – Алматы: Көркемәдебиет баспасы, 1960.

  8. Бөлеев Қ., Ибраимова Л.Н. Қазақ этнопедагогикасындағы отбасылық тәрбие. Оқу құралы. – Алматы: Нұрлы әлем, 2008.

  9. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті /Жоғары оқу орындары мен педучилищелердің студенттеріне арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 1974.

  10. Пралиев С.Ж. Республикалық ғылыми-көпшілік бағыттағы Ұлттық тәрбие журналы. – Алматы, №1, 2010.

  11. Волков Г.Н. Чувашская народная педагогика. – Чебоксары, 1956

  12. Пирлиев К. Прогрессивные традиций народной педагогики в современном воспитании школьников. – Ташкент, 1991.

  13. Оразбекова К.А. Жеке тұлға ұлттық тәрбиесiнiң ғылыми-педагогикалық негiздерi. – Алматы, 2001.

  14. Сәдуақасұлы Ә. Халықтық педагогика дәстүрлері арқылы қазақ мектептерінің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың педагогикалық шарттары. – Алматы, 2003.

  15. Ұзақбаева С. «Тамыры терең тәрбие» Алматы «Білім» 1995

  16. Қазақ Совет Энциклопедиясы 9 том. – Алматы, 1976.

  17. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының тарихы: (Кеңестік дәуір 1920-1990ж). Оқу құралы. – Алматы: Білім, 1999.


ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР

Ұсыныс:

Сызба № 1




Отбасындағы

бала тәрбиесі





Сызба № 3

Ойнайтын ойыншықтары ұлттық сипатта болу керек (Қазір С.Болысов деген кәсіпкер, Қадірәлі Болманов - музыкант, продюсер-балаларға арнап ұлттық сипаттағы ойыншықтар жасаумен айналысып, оны қолданысқа енгізуге тырысуда)




Отандық мультфильмдерді мемлекет қолдауымен көбірек шығару және оларды теледидардан жиі көрсету

Халық ертегілерін, жырларынан үзінді оқып жаттату, ақын-жазушылардың бала тіліне сай жазылған өлеңдерін үйрету



Балабақшада




Ұлттық рухтағы ойындарды (тығылыспақ, соқыртеке, санамақ т.б.) ойнату

Балабақшада видеотека жасау (бала тәрбиесіне арналған бағдарламалар мен мультфильмдерден)



Қазақ тілді балабақшаларға беру

Сызба №4




Сызба №5





Өткізілген іс-шаралардың сценарийлері




«Жыр дүлділі, күй күмбірі»

тәрбие сағаты


Тәрбие саағатының мақсаты: Жерлес ақын әнұран авторларының бірі Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығынан мағлұматтар беріп, таныстыру арқылы балалардың қызығушылығын ояту. Ақынның күйлерін тыңдату, күйшілік өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Әнұранымызды құрметтеуге, туған жерімізді қастерлеп сүйе білуге үйрету. Әр бүлдіршінді өз елінің патриоты болуға баулу. Ақын шығармаларынан үзінділер оқу арқылы балалардың ойларын ұштау, тілдерін ұстарту, қиялдарын дамыту.
Көрнекті құралдар: Ақынның отбасылық суреттері (слайд арқылы )
Ақынның кітап көрмесі. Көрініске байланысты киіз үй жабдықтары.

Желтоқсанның қара бұлтты қаһарлы күндерінде Алматы көшелерінде лек - легімен шеру тартқан қазақ жастары бір ұранды аспандата шырқап еді. Ол қай ән, қандай ән екені естеріңде ме? Естеріңде болмаса еске сала кетейін. Ол «Менің Қазақстаным» - әні біздің мемлекетіміздің ән ұранына айналды.

Таспадан әнұраны орындалады.

- Балалар осы «Менің Қазақстаным» әнінің авторы кім екенін білеміз бе?


- Балалардың жауабы:Сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов пен Н. Ә. Назарбаев, әнін жазған Ш. Қалдаяқов.

Жүргізуші: 1955 жылы «Менің қазақстаным» - әні дүниеге келгенде ақын Ж. Нәжімеденов күндердің күнінде осы әннің ән ұранға айналарын білді ме екен? «Менің елім, менің жерім» деп жырлаған Тәуелсіздік тұғырына отырар күн боларын білді ме екен? Заман ағымына қарай ән ұран автордың бірі елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Менің Қазақстаным» әнінің кейбір шумақтарына өзгерістер енгізіп, әнұран авторы атанды.

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіздік елім бар – деп

жүрек тербей, әуелей шырқалатын әнұранымыз алғаш рет 2006 жылы 11 қаңтарда Елбасымызды қайта сайлап алғанда шырқалып еді. Ал, бүгін біз ашық тәрбие сағатымызда әнұран авторлардың бірі ҚР мемлекеттік сыйлықтың лауреаты жерлес ағамыз «Жыр дүлділі, күй күмбірі» Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығына арнамақшымыз.

Ақын құрметіне өзінің туған ауылында ескерткіш тақта орнатылған. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың жарлығымен ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері атанды.

Қазір Эльнара Жұмекен атамыздың өмір жайында білгенін айтып берсін.

Эльнара: Ж. Нәжімеденов 1935 жылы 28 қарашада Қошалақ құмының Ашақ деген жерінде дүниеге келген. Әкесі Сабыржанұлы Отан соғысында қаза табады да Жұмекен атасы Нәжімеден мен әжесі Бақытжамалдың тәрбиесінде болады.

Жүргізуші: Нәжімеден Қартұлы Сабыржан соғысқа аттанарда сорға апарып, табанның ізін бастырып алған екен. Жаңбырда із жоғалмасын деп үстіне қазан төңкеріп қойып, ұлын сағынғанда сол ізге қарап мұңын басса керек. Немересі сол ұлынан қалған із деп өте жақсы көреді. Жұмекен атамыздың тәрбиесіне зор көңіл бөледі.

Әжесі Бақытжамал да өте ақын кісі болған. Жалғыз ұлдан қалған із деп өбектесе де, еркелетіп өсірмепті. Ата сөзін жастайынан санасына құйып өскен Жұмекен сабырлы да салмақты жігіт болып өседі. Мінезі ұяң салмақты жас жігіт өлең жазумен мектепте оқып жүргенде – ақ айналысқанымен өлеңдерін ешкімге көрсетпей жасырын жазады. Жұмекен атамыз қазақтың нағыз сегіз қырлы бір сырлы жігіт болған. Өлең жазған орыс тілді шығармаларды қазақ тіліне аударған, роман жазған.

-Балалар Жұмекен атамыздың тағы қандай қырларын білеміз? Асылан, айта қойшы.
Асылан: Жұмекен атамыздың тағы бір тамаша өнері – оның күйшілік өнері болған. Оны домбыраға үйреткен. Атасы оның сазға, әуенге деген әуестігін ерте танып, оны күйшілік өнерге баулыды.

Жүргізуші: Күйшілік өнер болашақта ақын өмірінде үлкен рөл атқарады. Мектепті бітірген соң 1 жыл жұмыс жасаған. Жұмекен сол кездері Алматыға жоғары оқу орнына түсуге аттанады.

Көрініс: Ақынның өмірінен көрініс, балалардың сахналауында.

Атасы: Қарағым мынау із менің жалғасым. Осы іздің жалғасы сенсің. Қай заманның да ұйытқып соғар желі қармен жаңбыры болады балам. Сол дауылда мына із жоғалуы мүмкін. Сондықтан мына із өшпеу керек. Ол із сенсің айналайын. Ұқтың ба? Есіңнен ешқашан шығарушы болма. Жадыңда күй жүрегінде ұста. Бұл жерді бөтен аяқтарға, теріс ниетті адамдарға таптатпай бабалардың өткен әкең де сол үшін шаһит кетті. Елдің азаттығы үшін әділетті жеңіс үшін жан берді. Бізді қойшы, асарымызды асап, жасарымызды жасадық. Ал сенің өмірің алдыңда. Сол өмірдің қар мен жаңбырына төтеп беруің керек. (қолын жайып)

Оқимын деген талабың оң болсын,

Бұл сенің елің, сенің жерің.

Бұл сенің Қазақстаның!

Жортқанда жолың болсын! Аумин!

Әже: Жолың ақ болсын, құлыным деп, жол дорба береді. Анасы домбыраны беріп, маңдайынан әжесі сүйеді.

Жүргізуші: Осылайша Жұмекеңді ақ батасын беріп, атасы мен әжесі Алматыға шығарып салады. Алғашқы жылы барғанда оқуға түсе алмай қалған Жұмекен Қарағанды қаласына барып, көмір қазатын шахтаға жұмысқа орналасады. Жұмекен атамыздың күйшілік өнеріне тәнті болған шахта басшылары «қой мынадай талантты шахтада ұстағанымыз

болмас» деп оқуға жолдама береді. Талантты домбырашы Жұмекен көп ұзамай консерваторияның халық аспаптар бөліміне оқуға түседі. Бірақ 1 курс оқығаннан кейін бір жола өлең жазумен айналысып ақындыққа бет бұрады. Ұлтжанды, Отан сүйгіш ақын атамыздың қаламынан еліне, жеріне деген ыстық махаббаты киелі шаңыраққа деген сағынышын «Дала», « Туған жер», «Қошалақ тауы», «Менің Қазақстаным», «Ақ шағыл», «Менің топырағым», - деген сияқты көптеген шығармалар туады. Өшпес туындыға айналады. Қазір Жандос пен Малика, Медет пен Данабек осы өлеңдерден үзінді оқып береді. ( оқиды) Сөзін жазған; Ә. Ысқабай, әнін жазған; Т. Бейсембек «Ақ бесігім» - әні орындалады.
Жүргізуші: Балалар бүгінгі біздің«Жыр дүлділі, күй күмбірі» атты тәрбие сағатымызға сыныбымыздағы Аружанның атасы Сансызбай Базарбайұлы қонаққа келіп отыр.
Қош келдіңіз!

Сансызбай атамыз да Жұмекен атамыз сияқты ақын, өлең жазады. Осы өлеңдеріңіз туралы біздерге әңгімелеп берсеңіз. Сансызбай атамыз сөз алып, өзінің өлеңдері жайлы айтып береді.


Балалар Сансызбай атамызға арнап «Жас ұландар жыры» әнін айтып, сыйлықтарын береді. Атамыз балаларға батасын беріп қоштасады. Балалар өз дауыстарымен «Менің Қазақстаным» - гимнін айтып береді.


Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет