2014 жылдың 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің


-стратегиялық бағыт. Отандық ақпараттық кеңістікті және АКТ саласын дамыту, сонымен бірге



бет15/59
Дата31.12.2019
өлшемі4.52 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   59
7-стратегиялық бағыт. Отандық ақпараттық кеңістікті және АКТ саласын дамыту, сонымен бірге мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру

7.1-мақсат. Инфокоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуды қоса алғанда, ЖІӨ-дегі АКТ секторы үлесінің өсуіне қол жеткізуді қамтамасыз ету

7.1.2-міндет. Қазақстан Республикасында цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуды енгізу

Қазақстан тұрғындарын цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратумен қамту

Қаржымині, ЖАО

Қаржымині – «Қазақстан Республикасында цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуды енгізу және дамыту» инвестициялық жобасын толық көлемде уақтылы қаржыландыру;

ЖАО:


- моноқалалардағы тұрғын үйлерді, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар ұйымдарды (балалар үйлері, ауруханалар, қарттар үйлері және т.б.) «Otau TV» ұлттық цифрлық телерадио хабарларын тарату желісінің ұжымдық қол жеткізу жүйесіне қосуға қаржылық қолдау бойынша жәрдем көрсету.

- 2012-2014жж. цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратауды дамыту шеңберінде 336 РТС жаңартылды, Қазақстан Республикасының 72% халқы немесе 11,5 млн. адам қамтылды. Облыс орталықтары және Астана, Алматы қалалары деңгейінде 30 телеарнаға дейін іске асырылады, аудан орталықтарында және ауылдық округтарда 15 телеарнаны тарату қамтамасыз етілген. 2015 жылы ЦЭТТ енгізуге қаржыландыру болмағандықтан халықты қамту және ТРС саны бойынша көрсеткіштер өзгеріссіз қалды.

- Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Д.Н. Назарбаеваның тапсырмасына сәйкес жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік мектепке дейінгі, мектеп мекемелерін, балалар үйлерін, орта және жоғары оқу орындарын жергілікті қаражат есебінен, сонымен қатар қонақ үйлер мен демалыс орындарын Ұлттық телехабар тарату қызметтеріне қосуды қарастыратын, сонымен қатар көппәтерлі үйлердің ұжымдық қолжетімділік жүйесін салу және қызмет көрсету бойынша жобаны қаржыландыруды қамтамасыз ететін ұлттық цифрлық таратылымды дамыту бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары қабылданды






7.1.5-міндет. Инфокоммуникациялық және инновациялық инфрақұрылым мен ғылыми-зерттеу қызметін дамыту арқылы бәсекеге қабілетті отандық АКТ нарығын құру

IT-нарығы жалпы мөлшерінің меншік мазмұнының үлесі

ҰЭМ, Қаржымині

Экспортқа жұмыс істейтін отандық IT-компанияларды қолдау бойынша шараны анықтау

Жер қойнауын пайдаланушылардың АКТ саласындағы жергілікті қамтуды талдау мақсатында «Тенгизшевройл» ЖШС-пен кеңес өткізіп, оның шеңберінде жергілікті қамту үлесін талдау және отандық АКТ-компанияларын ТШО сатып алуларына тарту бойынша ынтымақтастықтың бағыттары анықталды.

Сондай-ақ, G-global алаңында мемлекеттік органдардың, АКТ компаниялардың және қауымдастықтардың өкілдерінің қатысуымен «АКТ-дағы жергілікті қамтуды дамыту» тақырыбында онлайн-конференция өткізіліп, онда АТ-нарықтың және ондағы жергілікті қамтудың жалпы көлеміндегі АТ-қызметтер үлесінің өсуін ұлғайту бойынша ұсынымдар әзірленді.






Орталық мемлекеттік және ЖАО

IT-нарығы жалпы мөлшерінің меншік мазмұнының үлесін көтеру бойынша шаралар қолдану

Аталған іс-шараны орындау мақсатында 2015 ж. 10 сәірде ҚР ИДМ отандық АКТ компаниялармен кездесулерді өткізді. Сонымен қатар, қазіргі кақытта импорт орнын басу бойынша жұмыс тобы қалыптастырылған, оның шеңберінде үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында АКТ саласында жергілікті қамсыздандыру талдауы және оны ұлғайту бойынша ұсынымдарды пысықтау жүргізілетін болады.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Қазақстандық IT-компаниялар қауымдастығымен бірлесе отырып Бағдарламалық өнімдер тізілімін және қазақстандық IT-компаниялардың IT шешімдерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде (www.catalog.itk.kz). Аталған тізілім отандық IT-компаниялардың әлеуетті мүмкіндіктерін қолайлы болжау мақсатында тапсырыс берушілерге арналған. Бүгінгі күні деректер базасын 30-дан астам қазақстандық IT-компаниялар толтарды.






7.1.6-міндет. Қазақстанда ақпараттық қоғамды қалыптастырудың басты факторы ретінде адами капиталды дамыту үшін жағдайлар жасау

Мемлекеттік тапсырыс негізінде i-Carnegie халықаралық стандарттары бойынша IT мамандықтары бойынша оқитын студенттер саны (өткен жылға қарағанда)

БҒМ

Студенттердi Халықаралық ақпараттық технология университетiнде оқыту үшiн гранттар бөлуге жәрдем көрсету

Халықаралық ақпраттық технологиялар университетімен 2014-2015 жылда 400 студент қабылданды және мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды.




7.2-мақсат. Мемлекеттік қызметтер көрсету, техникалық сүйемелдеу процестерін жетілдіру және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау, оның ішінде Кеден одағының ақпараттық инфрақұрылымын дамыту үшін жағдайлар мен тетіктер жасау

7.2.1-міндет. «Электрондық үкіметті» дамыту

Автоматтандырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен рұқсат беру құжаттарының саны

Мүдделі мемлекеттiк органдар мен әкімдіктер

Автоматтандыруға және оңтайландыруға жататын мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер тізбесіне ұсыныстар енгізу

«Оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін және оларды электрондық нысанға ауыстыру мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 18 ақпандағы № 132 бұйрығына «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыруға қатысты» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізілді.




ҰЭМ

Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 20 қарашадағы № 98 бұйрығы, 15.09.2015 жаңартылған.




Мүдделі мемлекеттiк органдар мен әкімдіктер

Оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанға көшіру

2015 жылы 25 электрондық қызмет автоматтандырылды, оның 18 мемлекеттік қызмет болып табылады.




7.2.4-міндет. Кеден одағының шеңберінде ақпарат алмасу жөніндегі мемлекетаралық шлюз құру

«Кеден одағының шеңберiнде Ақпарат алмасуға арналған мемлекетаралық шлюз» АЖ өндiрiстiк пайдалануға енгiзу.

Кеден одағының шеңберiнде Ақпарат алмасуға арналған мемлекетаралық шлюзбен интеграцияланған МО АЖ саны



ҰЭМ, Қаржымині, мүдделi мемлекеттiк органдар

Мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiн Кеден одағының шеңберiнде Ақпарат алмасуға арналған мемлекетаралық шлюзбен интеграциялау

2015 жылдың 19 қарашасында Қазақстан Республикасының Ұлттық шлюзі жобасы және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы өндірістік пайдалануға енгізу туралы актісіне қол қойылды.




Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Конкурс жариялайды Конкурс жариялаған орган атауы : Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
pages -> Шетелдегі және еліміздегі ғылым және технологиялардағы қызықты оқиғалар
pages -> 1 Әлемдегі инновациялар
pages -> Әлеуеттік қауіп жағдайларында немесе террористік акт жасалғанда, сондай-ақ терроризмге қарсы операция жағдайларында азаматтардың іс-қимылына
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   59




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет