2017 жылдың І жартыжылдық жұмыс есебі Қысқаша түйіндеме


Оқырмандар қызығушылығын зерттеу және қалыптастыру



бет4/29
Дата30.04.2018
өлшемі5,39 Mb.
#40330
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

Оқырмандар қызығушылығын зерттеу және қалыптастыру
Жас ерекшеліктеріне қарай оқырмандарға дифференциалдық қызмет көрсету
Мектеп жасына дейінгі балалар тобымен жұмыс (ОБК) «Жұлдыз» балабақшасында (бүлдіршіндерге арналған кітаптар мен мерзімді басылымдарға шолу жасалды. Балдырған балалабақшасына «Балабақша күні» театрланырылған экскурсия өткізілді. Ойындар ойналды.2017 жылы жылжымалы кітапхана жұмысы жалғасын тауып айына 2 рет кітап алмасып тұрды.(ф№5) „Көңілді жауапқұмар“, „Мультсказка“, „Менің алғашқы кітапшам“, «Музыкальная шкатулка для маленьких медвежат» „Ақылды ертегілер“, үш тілде оқуға болатын „Мектепалды“ атты сериялар бойынша шыққан кітаптарды оқып тыңдады. Оқып-тыңдату (Чтение-слушание). Байғабылова А. „Менің Әлемім“, „Менің алғашқы әліппем“, Степанов В. „Учебник для малышей“, „Энциклопедия малыша“, ертегілер және сөйлейтін кітаптар қойылды.
Кітапты нашар оқитын балалармен жұмыс :Жыл бойы оқырмандарға оқу залы және абонемент арқылы қызмет көрсетіліп тұрды. 1-4 сынып оқушыларымен «Ерекше күн» «Тырна, тоты, тоқылдақ» (К.Баянбаев) «Ашық есік» күндері ұйымдастырылып, кітапханада экскурсиялар жүргізілді-жаңа кітаптармен, мерзімді басылымдарды таныстырырылдысонымен қатар жаңа келіп түскен мерзімді басылымдарға шолу жасалдыЕртегілер елінде», «Алтын классикасы» сериялар кітабы бойынша, СД дискіден«Қазақ ертегілері», «Орыс халық ертегілері», «Керқұла атты Кендебай», «Ұр, тоқпақ» және «Жақсылық пен жамандық» тындатып, дауыстап оқулар өткізіліп тұрды.Нашар оқитындар тобына жататын Айткулова Ажар, Сейтжанова Аяжан, Қабдоллақызы Жансұлу, Сансызбай Ернұр бұл кітаптарды үйге алып оқып, оқу қабылеттерін жақсартты.
Аз оқитын балалармен жұмыс

Жаңа кітаптардан кітап көрмесі ұйымдастырылып «Сеніңақылшы досың – кітап» тақырыбында әңгіме болып өтті. Балалар өздерінің оқыған қызықты кітаптарының ішіндегі сүйікті кейіпкерлері жайында бір-біріне әңгімелеп, басқа балаларға да сол кітапты алып оқуына кеңес берді. Оларға(ф№5)«Шығыстың ұлылары»сериясы бойынша оқу жоспары жасалынды. Бұл тақырып бойынша 7-8с. оқушылары Әбдіғалық Алтынай, Мейрамова Жансая, Тлугабылова Айханым, Шеш Сағыныш алып оқып жүр.

Ұсынылған әдебиеттер:

Мұхтар Құл- Мұхаммед. Мөңке би. –Алматы: 2006., Галиев А. Томирис – Алматы: 2005., Қасымбаев Ж. Кенесары. –Алматы: 2005. Оқу жоспары. 7-9с. Хамиева

“Зачем и почему” деген тақырыпта оқу жоспары”Почему и потому”, “500 вопросов и ответов”, “Большая иллюстри-рованная энциклопедия почемучки” атты кітаптары ұсынылды. Бұл оқу жоспары бойынша 5-6с. оқушылары Есенова Индира, Сакенова Дильназ, Тлеугабылова Дильназ алып оқып жүр. Оқу жоспары. 5-6с.


«Қызығушылығы бар балалар» тобы (1-9сынып)
7-9 сынып оқушылары Оқырмандардың кітапшаларына қарап отырып, кітап оқуына талдау жасалды .Кітапханаға жазылған әр оқырманмен кітап таңдауда әңгіме – ұсыныстар өткізіліп тұрды.Оқырмандарға оқу залы және абонемент арқылы қызмет көрсетіп кітапханамен таныстырылды. Кітапшаларына талдау жүргізіліп, оқу жоспары құрылды. 5 сынып оқушысы Д.Мұқажанова «Ертегілер елінде»7 сынып оқушысы Бужек В «Тіл- алтын қазынам», 3 сынып оқушысы Лузгин А. «Техника әлемінде», 4 сынып оқушысы Бухталкина К. -“Удивительный мир животных ”, Құсайынова Ж. «Аталар сөзі – ақылдың көзі” оқу жоспары бойынша кітап алып оқиды.
(ф№5) Мүмкіншілігі шектеулі балалармен жұмыс.


Мүмкіндігі шектеулі балалардың ортаға бейімделуі, күнделікті тұрмыстағы кездесетін қақтығыс, күйзелістерді зерттеп, қажетті шешімдерге қол жеткізуге көмек ретінде №5 кітапхана-филиалында 2011 жылы Күншуақ“ клубы ашылды.



Клубтың мақсаты балаларға қамқорлық жасау, оларды өздерін осы қоғамның бір мүшесі екендігін сезіндіру, түрлі іс-шаралар ұйымдастыра отырып, оларды психологиялық тәрбиелеу. Клуб ұраны „ Қуанышқа бөленген әр күніміз, бақыттымыз, балалар барлығымыз.“ Әні „Әрқашан күн сөнбесін“.

Кітапхананың негізгі басты жобаларының бірі мүмкіншілігі шектеулі балармен жұмыс болғандықтан, мұндай балалардың ақыл-ойын, қолдың ұсақ моторикасын дамыту үшін көптеген іс-шаралар өтіп тұрады.«Шебер қолдар» атты пластелинмен жұмыс өткізілді, балалар өздерінің қолынан не келетіндігін көрсетті. Олар өздері ойлана отырып, Сәкітай А. биылғы тауық жылына байланысты тауықтың және балапанның формасын жасаса, Жакупова Т. Манатханова І. Нұрланқызы К., Тұрлыбекова Н. табиғаттың тамаша бейнесін онда тіршілік ететін жәндіктердің, гүлдің формаларын жасап шығарды. Соңынан балалар бұл жұмыс өздеріне қатты ұнағандықтарын қуанышпен жеткізді.«Сиқырлы саусақтар» аттымақта таяқшалармен сурет салу мақсаты мүмкіншілігі шектеулі балалардың ақыл-ойын дамытып, саусақтарының ұсақ моторикасын жетілдіру болып табылады. Әр бала бұл жұмыстарды өте қатты қызығушылық пен атқара білді. Олар тек қана мақта таяқшалармен ғана сурет салып қойған жоқ. Олар жұмыртқа салатын қорапты пайдаланып бірнеше заттың бейнесін жасап шығарды. Оның ішінде А. Олжастың «кемесі», И. Айнұрдың «гүлдері», Т. Хадишаның «жұлдызқұрты», Н. Каусардың «саңырауқұлақтары» бәрі өте керемет жасалды. Бұл жұмыстары арқылы балалар өздерінің даму қабілеттерін көрсете білді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет