«Маңғыстау аудандық білім бөлімінің Берекет Жұмалиев атындағы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2021 – 2022 оқу жылы
«Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясы қорытындысы
Мектебімізде білім алушылардың қауіпсіз білім алу ортасын қалыптастыру мақсатында 2021-2022 оқу жылының басындағы тамыз – қыркүйек айлары аралығында «Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясысы ұйымдастырылды. Акция кезінде атқарылатын жұмыстар бойынша іс-шаралар жоспары дайындалып, мұғалімдердің өндірістік жиналысында таныстырылды.
Сонымен қатар, мектебімізде тасымалды қажет ететін оқушылар арасында жолда жүру ережелері, автобусқа міну, түсу ережерелері түсіндірілді.
1-11 сыныптары аралығындағы сынып жетекшілер тарапынан білім алушы оқушылардың үйлерінен мектепке дейінгі аралықтағы қатынаулары бойынша қауіпсіз маршруттары анықталып, нақтыланды.
Тәлімгер А.Закарина мен мектеп психологы А.Айладыровамен сынып жетекшілер оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша үгіт - насихат жұмыстарын (лекция,әңгімелер,ескертпелер), сыныптарда тақырыптық іс-шаралар ұйымдастыру барысында сынып жетекшілер тақырыптық сынып сағаттар өткізді.
Жолда жүру ережесінің сақталу мен жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қыркүйек айында «Абайлаңыз, балалар!» атты акциясы өтті. Акция барысында оқушыларға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, спорттық жарыс ойындары, тәрбие сағаттары және жол қозғалысы бойынша жаттығу шаралары жүзеге асырылды.
«Қауіпсіз мектеп ортасы» акциясын өткізуге байланысты « Жас жол қозғалыс инспекторы» , «Жас өрт сөндіруші», «Жас құтқарушы» атты жаттығулары ұйымдастырылды.
«Қауіпсіз мектеп ортасы» бағыты бойынша оқушылардың қауіпсіздігін сақтай отырып алдын алу шараларының жұмыстары әрі қарай жалғасын табуда.
ДТЖО А.Назирбаева
Достарыңызбен бөлісу: |