206-беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Мэ ( оксидтің) = Моксид /элемент атомдарының саны × оның валенттілігі



бет2/16
Дата14.04.2017
өлшемі8,04 Mb.
#13910
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Мэ ( оксидтің) = Моксид /элемент атомдарының саны × оның валенттілігі


Мэ ( қышқыл) = Мқышқыл / қышқыл негіздігі

Мэ ( негіз) = Мнегіз / негіздің қышқылдығы

Мэ ( тұз ) = Мтұз / металл атомдар саны × металл валенттілігі

мұндағы Мэ және М – эквиваленттің және қосылыстардың мольдік массалары. Қышқылдардың негіздігі қышқыл негізбен әрекеттескенде қышқыл молекуласының беретін протон санымен анықталады. Негіздердің қышқылдығы негіз қышқылмен әрекеттескенде негіз молекуласының қосып алатын протондар санымен анықталады. Тотықтырғыштың ( тотықсыздандырғыштың) эквиваленті деп тотықсызданғанда ( тотыққанда)1 моль электрондарды қосып алатын (беретін) мөлшері. Тотықтырғыштың ( тотықсыздандырғыштың) эквивалент массасы реакция кезінде қосып алған (берген )электрондар санына олардың молекулалық массасын бөлгенге тең. Мысал 3. 8г NaOH күкірт қышқылымен бейтараптанғанда түзілген натрий гидросульфатының массасын анықтау керек. Шешімі: Натрий гидроксидінің эквивалент массасы: Мэ = МNaOH / 1 = 40г/моль. Сонда, 8г: 8/40 = 0,2 натрий гидроксидінің эквивалентті массасын құрайды. Олай болса, эквивалент заңына байланысты түзілген тұздың массасы да оның 0,2 эквивалент массасын құрайды, яғни натрий гидросульфидінің массасы 120×0,2 = 24г.



Мысал 4. Қалыпты жағдайда қышқылдан 0,7л сутегін эквивалент массасы 28г/моль болатын металл ығыстырған болса, оның массасы қанша болады?

Шешімі: Сутегінің эквивалент көлемі 11,2л болғандықтан пропорция бойынша 28 г металл ---------- 11,2л сутегіге эквивалентті

Х,г металл --------- 0,7л сутегімен әрекеттеседі

Х = 0,7×28/11,2 = 1,75г.

Мысал 5. Күкіртті сутек күкірт қышқылына дейін тотықса, оның эквиваленті және эквивалентінің молярлы массасы қанша болады? Шешуі:

H2S + 4 H2O = SO42- + 10H+ + 8e , Э = 1/8 моль, Мэ = 34/8 = 4.26г/моль.



Мысал 6, мына реакцияда:

2 HCl + Ca(OH)2→ CaCl2 + 2H2O

HCl- дың екі сутек атомына бір Са(ОН)2 сәйкес келіп тұр. Сондықтан сутегінің бір атомына 1/2 Са(ОН)2 молі сәйкес, яғни кальций гидроксидінің эквиваленті 0,5 моль болады. fэкв саны эквиваленттік фактор болып саналады, оны былай белгілейді fэкв(В) (В- белгілі бір зат). Келтірілген мысалда fэкв Са(ОН)2 =1/2. Кей заттардың эквиваленттік факторын формула арқылы табуға болады. Қышқылдар үшін эквиваленттік фактор оның негіздігіне қарама-қарсы негіздік-қышқыл молекуласындағы металл ионына алмасатын сутек ионының саны. Негіздердің эквиваленттік факторы олардың қышқылдығына қарама-қарсы қышқылдың-негіздігі қышқыл қалдығына алмасатын ОН- ионының саны:

fэкв(қышқыл)= 1/N(H+)

fэкв(негіз)= 1/N(OH-)

N – Н+ не ОН- саны

Эквиваленттік фактор бір зат үшін әр түрлі реакцияларда әр түрлі болады. Мысалы:

H3PO4 + 3 NaОН → Na3РО4 + 3Н2О

N – (Н+)= 3. Сонымен эквиваленттік фактор фосфор қышқылы үшін мынаған тең: (H3PO4) = 1/N (Н+)= 1/3;

H3PO4 + 2 NaОН → Na2НРО4 + 2Н2О

N (Н+)= 2, fэкв(H3PO4)= ½

Тұздар үшін (мысалы орта) эквиваленттік фактор металл атомының санын оның тотығу дәрежесінің көбейтіндісін металл атомдарының санына бөлгенге тең:

fэкв(тұз)= 1/N(Ме) Z (Ме)

N(Ме)- металл атомының саны;

Z (Ме)- металдың тотығу дәрежесінің мәні.

Мысалы: алюминий сульфатының эквиваленттік факторы: fэкв(Al2(SO4)3)=1/6;

Зат эквивалентінің молярлық массасы В (г/моль)- эквиваленттік факторды молярлық массаға көбейткенге тең:

М(fэквВ) = fэкв (В) М(В) (1)

Бір негізді қышқылдар мен бір қышқылдық негіздердің эквивалентінің молярлық массалары, олардың молярлық массаларына тең.

М(fэквВ) = М(В)

Мысалы: NaОН эквивалентінің молярлық массасы:

М(fэкв NaОН) = М(NaОН) = 40 г/моль

Тұздар үшін, мысалы: алюминий сульфатының Al2(SO4)3 эквивалентінің молярлық массасы:

М[fэкв Al2(SO4)3] = fэкв [Al2(SO4)3]М[Al2(SO4)3] = 342/6



Зат эквиваленті (моль)- зат массасының эквивалентінің молярлық массасына қатынасы:

n(fэкв B) = m(B)/ M (fэкв B) (2)

Химиялық реакцияға түсетін заттар өзара бір-бірімен эквиваленттік қатынаста әрекеттеседі, яғни эквиваленттер заңына бағынады:

А + В = С + Д реакциясы үшін, мына қатынас орындалады:

n(fэкв А) = n(fэкв В) = n(fэкв С) = n(fэкв Д)

Сонымен А мен В заттары әрекеттесуі үшін:

n(fэкв А) = n(fэкв В)

(2) теңдеуді қолданып, эквивалент заңының салдары:



m(A) m(B) немесе m(A)M (fэкв А)

M (fэкв А) M (fэкв B) m(B) M (fэкв B)


1.3 ГАЗДАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢДАРЫ


Газдардың физикалық күйін үш параметр – көлем V, қысым – р, температура – Т ( Т = 273 + t) анықтайды. Қысым 1,013×105 Па ( 760мм сынап бағ.) , температура 273К не 0°С газ күйінің қалыпты жағдайы (қ.ж.): р0, Т0 , t0 , V0 .

Бойль- Мариот заңы. Тұрақты температурада газдың берілген массасының көлемі қысымға кері пропорционал өзгереді: V1p1 = V2p2 = …,

яғни Vp = const, V1/ V2 = p2 /p1.



Гей-Люссак заңы. Тұрақты қысымда газдың берілген массасының көлемі абсолютті температураға тура пропорционал өзгереді: V1/ V2 = T1/T2 Тұрақты көлемде: р1/ р2 = T1/ T2.

Менделеев- Клапейрон теңдеуі. Бойль-Мариот және Гей-Люссак заңдарын біріктіріп газ күйінің теңдеуін алады. V1p1/ T1 = V2p2/ T2 не

V p/ T = V0p0/ T0 , егер күйлердің бірі қалыпты болса.

Кез келген газ үшін заттың 1 моль мөлшеріне V0p0 /T0 тұрақты және бірдей, оны универсал газ тұрақтысы ® деп атайды, сонда V p = RT, ал n моль газ үшін Vp = nRT Vp = nRT . Сонда Vp = mRT/ M - Менделеев-Клапейрон теңдеуі. R – мәні көлем мен қысым өлшем бірлігіне байланысты болады. Есептерде көбінесе мына мәндер алынады: 22,4 л; 273К, 8,31 Дж×моль-1×К-1. Мысал 1. 5 т құрамында 80% кальций карбиді бар ізбесті термиялық айырғанда 27°С температурада 100м3 көміртегі (ІҮ) оксидін жинап алу үшін қажет қысым көлемі қанша? Шешімі: Айрылған карбонат массасы: 5т×0,8 = 4т; М(СаСО3) = 100г/моль; Мына реакция теңдеуінен: СаСО3 ® СаО + СО2 4000×22,4 / 100 = 896м3 СО2 бөлінгенін есептейді. V p / T = V0p0 / T0 , p = V0p0T / T0V , сонда р ( СО2) = 896×1,013×105×300 / 273×100 = 9,97×105 Па = 1 МПа.

Егер масса арқылы есептесе, 4000×44 / 100 = 1760кг.

р (CO2) = m RT / MV, p ( CO2) = 1760×8.31×300 / 44×100 = 9.97×105 Па.

Мысал 2. Массасы 5,6г газ 17°С температурада, қысым 0,997×105 Па болғанда 4,84 л көлем алады. Осы газдың салыстырмалы молекулалық массасы қанша? Шешімі: Клапейрон-Менделеев теңдеуінен М = mRT/Vp

M(г) = 5.6 × 8.31×290 / 0.997×4,84 = 28 г/моль; Мr = 28. Мысал 3. 3 л газдың белгілі бір температурада қысымы 93,3 кПа ( 700 мм сынап бағ.). Температураны өзгертпей газдың көлемін 2,8 л – ге дейін төмендетсе, қысым қалай өзгереді? Шешімі: рх / 93,3 = 3/ 2,8; px = 93,3×3/ 2,8 = 100 кПа



Мысал 4. 27°С температурада газ көлемі 600 мл болса, қысым тұрақты қалса, 57°С қандай көлем алады. Шешімі: Есеп шарты бойынша V1 = 600 мл, Т1 = 273 + 27 = 300К және Т2 = 273 + 57 = 330К. Бұл мәндерді Гей-Люссак заңына қойып есептесе, 600/300 = V2 /330, V2 = 660 мл болады.

Газ не бу тәріздес заттардың молярлық массаларын олардың молярлық көлемін және тығыздығын пайдаланып та есептеуге болады.



Мысал 5. Көлемі 5,00 л ( қ.ж.) газдың массасы 9,80г. Осы газдың салыстырмалы молекулалық массасы қанша? Шешімі: r = m/ V, сол газ үшін r = 9.80/5.00 = 1.96 г/л. М(г) = Vm r = 22.4 л/моль × 1,96 г/л = 44г/моль ; Мr = 44.

Мысал 6. Көлемдік үлестері 30, 10, 60% азот, сутегі, аммиактан тұратын газ қоспасының сутегі және ауа бойынша тығыздығы қанша болады?

Шешімі: Молекулаларының орташа мәні 28×0,3 + 2×0,1 + 17×0,6 = 18,8;

D = M1/ M2. DH2 = 18,8 / 2 = 9,4; Dауа = 18,8 / 29 = 0,65. Газдың парциалды қысымы.

Газдар қоспасының жалпы қысымының сол газға келетін үлесін парциалды қысым деп атайды. Газдар қоспасының жалпы қысымы жеке газдардың парциалды қысымдарының қосындысына тең: ржалпы = р1+ р2 + р3 +... .Газдың парциалды қысымы оның қоспадағы көлемдік не молдік үлесіне тура пропорционал. Егер газ су үстінде жиналатын болса, ол су буымен қанығады , онда жалпы қысым сол газдың парциал қысымы мен су буы қысымы қосындысына тең болады: ржалпы = р(г) + р (Н2О), одан р(г) = ржалпыН2О . Мысал 1. Егер бөлме температурасында және 1×105 Па қысымда ауа құрамында 14,5-26,8% аммиактың көлемдік үлесі болса, онда мұндай қоспа жарылғыш болады. Осы қоспада аммиактың парциалды қысымы қай шекте (аралықта) өзгереді? Шешуі: Қоспадағы газдардың парциалды қысымы олардың көлемдік үлесіне тура пропорционал болғандықтан , төменгі р(NH3) =1×105×0.145 = 14500 Па = 14,5 кПа, жоғарғы р( NH3) = 1×105 ×0.268 = 26800Па = 26,8 кПа.

1.0°С температурада 5 л метан, 10 л сутегі, 25 л оттегі араластырылған. Газ қоспасындағы әр газдың концентрациясын әртүрлі бірлікте көрсету керек. Газдар қоспасының жалпы қысымы 101,3 кПа болса, әр газдың парциалды қысымы қанша болады?

( Жауабы көлем бойынша процент,%: 12,5СН4, 25Н2, 62,5О2; г/л: 0,0895СН4, 0,0225г/лН2, 0,893О2; моль/л: 0,00558СН4, 0,01116Н2, 0,0279О2 ).

2.Егер ауада 21% оттегі және 78% азот көлем бойынша болса, ауа қысымы 101,3 кПа болса, әр газдың парциалды қысымы қанша болады? (Жауабы 21,2 кПа оттегі, 78,8кПа азот).


Осы дәріс материалымен танысқан соң, мына мағлұматтарды білу керек:

  1. Химияның негізгі стехиометриялық заңдарын қолдана білу;

  2. сонымен бірге заттың мөлшері «моль» деген ұғымды түсініп,

  3. газдардың заңдарын қолданып, олардың молярлық массаларын анықтауды білу қажет.

Өзін- өзі тексеру сұрақтары

1.Заттың эквиваленті дегеніміз не?

2.Эквиваленттің молярлық массасы дегеніміз не?

3.Күрделі заттардың (қышқылдар, негіздер, тұздар) және жай заттардың эквиваленттерінің молярлық массасы қалай анықталады?

4.Эквиваленттер заңы қалай оқылады? Математикалық өрнегі қандай?

5.Неше моль және неше грамм болады:

а) 6,02∙102 ацетилен С2Н2 молекулаларын.

6.30, 10, 60% азот, сутегі, аммиактан тұратын газ қоспасының сутегі және ауа бойынша тығыздығы қанша болады?



Осы тақырып бойынша көрсетілген әдебиеттердің мына беттерін оқу керек:

  1. Омаров Т.Т., Танашева М.Р. Бейорганикалық химия.Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2008. 5-26 беттер.

  2. Кулажанов К.С., Сулейменова М.Ш. Неорганическая химия. Учебник для студентов специальностей 5В072700 и 5В072800, обучающихся по кредитной технологии/ Алматы: 2012. 17-28 стр.

  3. Кабдулкаримова К.К., Омарова Н.М.,Абекова Р.С. Жалпы химия курсы бойынша есептер мен жаттығулар. – Семей,2012 – 3-7 беттер.

МОДУЛЬ 2. АТОМ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ПЕРИОДТЫҚ ЗАҢ, ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕ.

Дәріс №2. Атом құрылысы және периодтық жүйе

2.1 Энергияның кванттануы туралы түсінік Бордың атом моделі

Материяның корпускулалы-толқындық екі жақтылығы. Белгісіздік принципі. Толқындық функция Квант сандары

2.2 Паули принципі, Хунд ережесі, ең аз энергия принципі. Электрондық формулалар, электрондық структуралық схемалар Радиоактивтілік. Ядролық реакциялар. Атом құрылысы тұрғысынан құрастырылған периодтық заң. Периодтық жүйенің құрылысы.

2.3 Иондану энергиясы, электрон тартқыштық, электртерістілік. периодтылығы, екінші ретті периодтылық. Атомдық және иондық радиустардың өзгеру заңдылықтары. Периодтық заң және периодтық жүйенің маңызы

2.1 Энергияның кванттануы туралы түсінік .Бордың атом моделі.



Материяның корпускулалы-толқындық екі жақтылығы. Белгісіздік принципі . Толқындық функция. Квант сандары

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет