23 мектебіні бойынша әдістемелік кеңес жұмысының есебі. 2016-2017 оқу жылы Мектебіміздің әдістемелік жұмысы


Мектепішілік «Үздік жас мұғалім - 2016»  байқауы



бет2/10
Дата04.08.2017
өлшемі3,62 Mb.
#22890
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Мектепішілік «Үздік жас мұғалім - 2016»  байқауы
Байқауды өткізудегі мақсатымыз жас ұстаздардың біліктілігін, өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш- жігерін жұмсауға баулу.

Қойылған міндеттеріміз мектептің жас мұғалімдерінің шығармашылықтарын, жұмыс   істеу  қабілеттерін анықтау;Жас мамандардың   кәсіби  мәртебесін  көтеру және қолдау;Оқушылардың жоғары сапалы білім алуын қамтамасыз ету мақсатында оқыту мен тәрбиелеу әдістері  мен нәтиже беретін педагогикалық технололгияларды көрсету;Жаңа  педагогикалық тәжірибені тарату  және насихаттау болды.

Байқауға  педагогикалық еңбек өтілі 3 жылды құрайтын мектептің жас мамандары қатысады.Байқау барысында білім беру мекемесінде шығармашылықпен айналысатын жас мамандар анықталды. Байқаудың барлық кезеңі   бойынша әділқазылар алқасы қатысушының іс-әрекетін келесі белгілер бойынша бағалады:

Сайыс кезінде педагогикалық іс-әрекеттің әсерлігі келесі көрсеткіштермен  бағаланды:

- педагогикалық біліктілігі;

- теориялық білімі және тәрбие жұмысының әдістемесі;

- педагогикалық техникасы және сабақты ұйымдастыруы;

- адамгершілік-этикалық қасиеті, педагогикалық мәдениеті және ой-өрісі мен эрудициясы;

- қарым-қатынас өнері, суырып салмалылығы.

Байқаудың кезеңдері төмендегіше өтті.Шығармашылық жұмыс жобасын қорғау.Ситуациялық тапсырмаларды орындау.Өз өнерін көрсету болды. Байқау нәтижесінде әділқазы алқалары бірінші, екінші, үшінші орын алған жеңімпаздарды анықтап, марапаттады.






Тарих,география,биология,химия апталағы 12-21.желтоқсан аралығында «Тәуелсіздік тұғыры биікте» атты тарих, химия, география және биология пәндері апталығы болып өтті.Тәуелсіздік қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы. Қысқа мерзім ішінде Қазақстан әлемдік аренада Тәуелсіз мемлекет ретінде орнығып, бүкіл әлемге аты шықты.Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н.Ә. Назарбаев жолдауларында баса көрсетті. Оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеу, елін, жерін , Отанын сүюге, құрметтеуге ,мақтаныш тұтуға, Отанына лайық азамат болып өсуге ықпал етуде пән апталығы кезінде өткізілген тәрбиелік шаралардың, зияткерлік сайыстардың орыны ерекше болды. "Тәуелсіздік" атты киелі ұғымды оқушылар бойына сіңіру басты міндетіміз.Оқушылардың қабырға газеттері, суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

Тарих пәні мұғалімі Ерманова Жанна Есқабылқызының ұйымдастыруымен 9 «а», «б» сыныптарында «ХХI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы өткізілді. Мақсаты оқушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа баулу; елінің дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу; ойлау қабілетін арттыру. 5 «а» сыныбында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Еркіндігім –елдігім, Тәуелсіздік- теңдігім» тақырыбында танымдық ойын өткізілді.



Онда басты мақсат: Жас жеткіншектерді еліміздің тәуелсіздік алғалы 25 жыл ішінде жеткен табыстарымен таныстырып ,білімдерін нығайту; Отанын құрметтей білетін , болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлесін қосатын азамат тәрбиелеу болды. 5 сыныптар бойынша өткізілген «ХХI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысында оқушылардың білімі сараланып пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып ,сөйлеу, ойлау қабілеттерін одан әрі дамыту мақсаты көзделді. Химия пәні мұғалімі Әділғалиева Гүлжиханның ұйымдастыруымен 9 «а», «б» сыныптарында «Жас химиктер» сайысы өткізілді.


Каталог: uploads -> doc -> 0875
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0875 -> Сабақ Тақырыбы: Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері
0875 -> Сабақтың тақырыбы : Туған жердің табиғатын қорғау (Баянауыл туралы) Сабақтың мақсаты: Білімділік
0875 -> Сайыстың такырыбы: «Салтын сүйген-халқын сүйер» Сайыстың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет