Сайыста әртүрлі тәсілдерді пайдалана отырып оқушылардың мүмкіндігінше пәнге қызығуын, жеткіншектің іскерлігін, ізденімпаздығын, байқау қабілетін жетілдіруге мүмкіндік жасалды. Сайыс 8 кезеңді қамтыды. География пәнінен Иманғалиева Алтынгүл Құмарғалиқызы 8 «а», «б» сыныптары арасында «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» тақырыбында интеллектуалдық сайыс өткізді.
Еліміздің тәуелсіздігіне орай өткізілген шарада еліміздің тарихы, рәміздері, салт-дәстүрлері туралы мағлұмат берілді.Оқушыларға сұрақтар қою арқылы ой-санасын дамыту, танымдық қабілеттерін арттыру, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету; оқушылар бойында ұлтжандылық, адамгершілік , тәртіптілік , тапқырлық қасиеттерін қалыптастыру көзделген. 7сыныптар арасында оқушылардың интеллектуалдық қабілетін дамыту, ізденуге тез ойлануға ,алғырлыққа, жан-жақты бәсекелестікке оқушыларды бейімдеу, сыни ойлау қабілетін ұштау, географиялық білімдерін тереңдету , пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында «Білгір географ» атты интеллек -туалдық сайысын өткізді. Оқушылар көптеген тың мәліметтерді алды,бәсекелестікке бейімделіп, ойлау қабілеттері ұшталды. Тарих пәнінен Абдрахманова Гүлшара Нигметовна 11 «а»сыныбында «Қазақ ежелден еркіндікті аңсаған» тақырыбында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған зияткерлік сайыс өткізді.Зияткерлік сайыстың алғашқы кезеңі 18-19ғасырларда өз елінің еркіндігі , тәуелсіздігі үшін тарихта ерекше орын алған көтерілістерге арналды. Олардың басты арманы- еліміздің тәуелсіздігі болды.
7 «а» сыныбында «Тәуелсіздік –Ұлы дала ұрпақтарына аманат» тақырыбында тәрбиелік шара өткізілді. Жас өспірімдерге тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, тәуелсіздіктің тарихын ұғындыру және тәуелсіздіктің жеткізген жетістіктерімен таныстыру, қадірлей білуге үйрету мақсатындағы шараға оқушылар белсенділік танытты. Биология пәнінен Ешекенова Арайлымның «ЭКСПО- 2017- Қазақстан болашағы» тақырыбындағы сабағында да оқушылар белсенділігі жоғары болды.
Апта соңында тарих, химия, география және биология пән апталығы қорытыланып , белсенділік танытқан оқушылар марапатталды.
Достарыңызбен бөлісу: |