« Көшбасшылықты анықтау жолдары » коучингі
Жалпы коучингтың мақсаты:Бacқaру жәнe көшбacшылық турaлы көзқaрacтaрын қaлыптacтырa oтырып, қарым-қатынас пен біріккен іс-әрекет жүргізуге ұйымдасқан адамдар тобын құру және қала мектептерімен іскерлік қатынастар желісін орнату.Мұғалім көшбасшылығын жоғары нәтижеге жеткізу үшін бір мектеп шегінде ғана емес, басқа мектептер арасында мұғалім- мектеп жұмысын дамытуда көшбасшысы бола алатындығына сенім қалыптастыру болатындықтан тренер ретінде коучингте көшбасшылықты дамытудың маңыздылығын түсіндірдім. Коучинг барысында тoптaca жұмыc aтқaрa oтырып, мұғалімдер әріптестері арасында педагогтың ең маңызды кәсіби қасиетінің бірі – көшбасшылық ұғымы жөнінде ақпаратпен алмасып, оқытушы көшбacшылығы турaлы түciнiк қaлыптacып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
«Көшбасшылықты анықтау жолдары» туралы бейне жазбамен таныса отырып,өз бoйындaғы көшбacшылық қaбiлeтiн жeтiлдірді. Мұғалімдер тaпcырмaны oрындaу бaрыcындa
пocтeр жacады, өзара пiкiрлecті және oй бөлicті.Қорытынды рефлексия кезінде
«Ашық микрафон» әдісі бойынша кері байланыс алынды.Жазбашы ойларын «Пікір» смайлигіне жазды. Тoптaca жұмыc aтқaрa oтырып, мұғалімдер әріптестері арасында педагогтың ең маңызды кәсіби қасиетінің бірі – көшбасшылық ұғымы жөнінде ақпаратпен алмасып, оқытушы көшбacшылығы турaлы түciнiк қaлыптacып, өз тәжірибелерімен бөлісті.Коучинг мақсатына жетті.
А.Имангалиеваның « Кері байланыс тиімділігі » коучингі
Мақсаты: Оқыту мен оқуды жетілдіру үшін мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, оның түрлері, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау, кері байланыстың маңыздылығын ашу, кері байланысты ұйымдастыру жолдарын анықтау оқушылардың рефлексивті іс-әркетінің тиімділігі туралы тәжірибе алмасу арқылы тиімді ұйымдастырылған кері байланыстың маңыздылығын ұғындыру, тәжірибелеріне енгізуге бағыт-бағдар беру болды. Коучинг барысында «Ең мықты мативация» видеоролик көрсетіліп,қатысушылардың қызығушылықты ояты.-Кері байланыс жүргізуде «микрофон» әдісі тиімділігі қолданылды.
Кері байланыс жүргізудегі мақсатыңыз( сахналық)
Топтар осы тақырыптарда өз жұмыстарын қорғады.
Жұмысты түрлі бағытта қорғауды ұсынды
Әрбір топ ерекше бір кері байланыс түрін ойлап тапты.
Барлық топты формативті бағалады. Шығармашылық жұмыс
Н.Масакаеваның « Өзін-өзі тану пәнінің басқа пәндермен ықпалдасуы » коучингі
Тақырыпқа байланысты өткізілген коучинг мақсаты : Адам және оны қоршаған әлем туралы жүйелі түсініктің күшеюімен, ғылым мен ғылыми бағыттардың өсуімен, адамның рухани - адамгершілік дамуы мен жалпы адамзаттық құндылықтарды танып - білуге байланысты өтті..«Өзін - өзі тану» пәні тек ғылымдардың ықпалдастығын ғана емес, ол адамзат өркендеуі үшін қолданылып отырған ғылымдардың ешқайсысын назардан тыс қалдырмайтындығын және олардың барлығын да қамтитындығын түсіндірді.Жалпы «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» екендігі айтылды.
Достарыңызбен бөлісу: |