Екінші себебі, Тоғлық–Темірге дейін-ақ исламды Барақ хан, одан кейін Кебек хан қабылдаған еді. Алайда осы хандар дəуірінде моғол ұлыстары ислам дінінен дұрыс жол таба алмады. Ал құдіретті де мəртебелі Тоғлық–Темір хан мен бақытты моғол ұлысы исламнан дұрыс жол тауып, ұлылыққа бет бұрды. Үшіншіден,қазіргі уақытта моғол ханы Əбдірашид хан болғандықтан, бұл тарих соған арналып, оның құрметіне құрастырылып отыр. Осы үш себептен бұл тарих «Тарих-и Рашиди» («Хақ жолындағылар тарихы») деп аталынды»
«Тарих–и Рашидидің» басқа мағлұматтардан ерекшелігі, мұндағы оқиғаның көбін автор өз көзімен көріп жазған. Жəне мұнда басқа түрлі тарихи жазулар сияқты ешбір шұбалаңдық жоқ, бұл тек белгілі бір дəуірді алып, соны əдемі тілмен айқын суреттеген.
Шығарманың екінші қасиеті — бұл қазақ тарихы туралы жазылған бірінші кітап. «Тарих – и Рашиди» негізінде жүз жыл ішінде (1450–1546) болған оқиғаны суреттейді. Бұл кез бұрынғы Алтын орда мен Шағатай ұлысының əбден ыдырап, оның орнына жеке хандықтар құрыла бастаған кез. Мұ- хаммед Хайдар «Тарих– и Рашиди» кітабында осы Шағатай ұлысы мен Алтын орданың қалай азып- тозғанын суреттеп, ол екеуінен тарап шыққан қазақ халқының саяси тіршілігін баяндайды.
36. М.Х.Дулатидың еңбегіндегі сопылық ілімнің рухани-дүниетанымдық маңызы.
М.Х.Дулатидің философиялық көзқарастарының қалыптасуына орта ғасырдағы көшпелі түркілердің дүниетанымы және ислам діні мен сопылық бағдардың әсері зор болды. Ұлы кемеңгер адамзатқа тән барлық ізгі қасиеттер мен қоғамның әлеуметтік-саяси, идеялық-мәдени құрылымдарын қалыптастыруда ислам дінін басты қозғаушы күш ретінде жеткізеді. Түрік халықтарының арасында ислам дінінің таралуына ықпал еткен Тоғлық Темір ханның өмірге келген сәтінен бастап баяндап, терең адамгершілік қасиеттерін ерекше жырлайды. Еңбегінде баяндалған әрбір оқиғаны ойшыл пайғамбар хадистерімен түйіндеп, адамгершілік, достық, махаббат сияқты аса қадірлі ұғымдарды жан-жақты түсіндіруге қадамдар жасайды.
М.Х.Дулати философиясының аса маңызды тірегі – әділеттілік. Өзінің еңбегінде әділеттілікті билікпен байланыстырып, басшылардың әділ болуын талап етуді өзінің философиялық қағидаларының біріне айналдырады. Басшылардың әділдігін Жаратушының разылығымен байланыстыруы ислам дүниетанымының ықпалын айқын көрсетеді. Еңбегінде әрқашан «билік – Құдайдан» деген идеяны насихаттап, әділ билеушілерді үлгі тұтады.
Мұхаммед Хайдар Дулати - мұсылман дінін берік ұстанып, философия іліміне терең ой-тұжырымдарын қалдырған данышпан ғалым. М.Х.Дулатидің шығармаларынан заман өзгерсе де, адамгершілік, ар, ұят, мейірімділік, шынайылық және жан тазалығы сияқты ізгі қасиеттердің өзгермейтіндігін көреміз. М.Дулатидің шығармашылық мұрасы - қазақ халқының өз шаңырағын құрып жатқан уақыттағы тарихи оқиғаларды баяндап қана қоймай, ата-бабамыздың өмір тіршілігі, болмысы мен танымы туралы сыр шертетін аса қымбат рухани құндылық.
Достарыңызбен бөлісу: |