№27 «Жігер» балабақшасының
жоғары санатты тәрбиешісі
Арыстанғалиева Светлана
Хамидуллиевна
Апта тақырыбы: «Әдептілік еліне саяхат».
Ертеңгілік жиын
Күнмен, аспанмен, достарымен амандасу. Шеңбер - бұл әлемдегі мейірімділік пен жылылықтың нышаны. Шеңбер арқылы балалар бір-біріне күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш және жылылық тілейді.
Мазмұны:
Армысың, аспан әлемі
Мейірімді Жер-ана!
Амансыңдар ма, достарым
Сендерді көрсем қуанам- деп айтады да, 1 шоқ гүлді «Мен мына гүлді Назеркеге сыйлаймын. Оған қуаныш, денсаулық тілеймін» - деп балалар тілектерін айтып, достарына сыйлайды.
Ал, енді балалар өздеріңі керекті фишкаларды таңдап, алып белсенділік орталықтарына баруларыңды сұранамын. (балалар өз қалаулары бойынша белсенділік орталықтарына өтеді)
Белсенділік орталықтары:
І Көркем әдебиет орталығы
ІІ Өнер орталығы
ІІІ Ас- үй орталығы
І Көркем әдебиет орталығы
Білім беру саласы « Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекет түрі – тіл дамыту.
Тақырыбы: «Әдептілік еліне саяхат». (өткізген тәрбиеші)
Мақсаты: Балаларды «Амансың ба? », «Саумысың», «Сау болыңыз», «Өтінемін» т.б. сиқырлы сөздердің мағынасы жөнініде білімдерін бекіту; баланың үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, жауапкершілік сезімдерін дамыту; байланыстыра сөйлеуге үйрету; диолог құрай білу; сөйлеушіні тыңдай білу; тақпақты мәнерлеп айту.
Әдіс-тәсілдер: ойын, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Е.Өтетілеуовтың суреті, оның өмірі, шығармасы туралы әңгіме, иллюстрациялық кітаптар қарау, қайталау, ата-аналар көмегі.
Керекті құрал: Орман декорациясы: ағаштардың бұтағы, саңырауқұлақтар, гүлдер, тақырыпқа байланысты салынған суреттер: доп, қоян, тиін, кірпі, аю, түлкі атрибуттары, аңдардың жұмсақ ойыншықтары.
Сөздік жұмыс: өтінемін, болама, ғафу етіңіз, беріңізші, көмектесіп жіберіңізші.
Қос тілділік компоненті: аспан- небо, кешіріңіз- извините, дос- друг, әдептілік- вежливость, ұзын- длиный, қысқа- короткий.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекет түрінің барысы:
Тәрбиеші: Жапырағы жайқалған орманда аңдар өмір сүріпті. Олар: аю, түлкі, тиін ( бетперделерін кигіземін). Өздері сондай шыдамсыз, бір орында отыра алмайды екен.
Жан-жағын шашып, саңырауқұлақтарды құлатып, гүлдерді басып, жұлып тастайды екен (балалар көріністі көрсетеді).
Бір күні орманда қызықты оқиға болыпты. Әдептілік еліне ұшып бара жатқан Сыпайылық ханшайымының қолшатыры сынып, орманға қонуға тура келіпті (Ханшайым келеді).
Достарыңызбен бөлісу: |