27 «Жігер» балабақшасының жоғары санатты тәрбиешісі Арыстанғалиева Светлана Хамидуллиевна Апта тақырыбы: «Әдептілік еліне саяхат». Ертеңгілік жиын



бет3/3
Дата25.12.2016
өлшемі418,95 Kb.
#4505
1   2   3

3 – жағдай. Әже ауырып жатыр. Ернар теледидардың даусын қатты шығарып, күліп отыр. Ернардікі дұрыс па?

Неге? т.с.с. сұрақтар қою, жауап алу.



4 - жағдай. Орманда аю ауырып қалды. Оның көңілін сұрау үшін аң достары келді. Балалар ойыншықтарды алып, көңілін сұрайды. (Ауырып жатқан адамға жүдеп кетіпсің, өңің бұзылып кетіпті т.б. сөздерді айтуға болмайды, оның көңілін көтеретін сөздер, қызықты оқиғалар т.б. айтылады. Мысалы, тез жазылып шық, салқын тиіп қалмасын, жылы жүр т.б.) 1, 2 бала әдептілік туралы тақпақ айтады.

Тәрбиеші: Балалар әдепті бала ақылды, білімді болуы керек. Білімдеріңді көрейік деп ойын ұсынады.

1-ойын «Не қалай дыбыстайды».

Түрлі-түсті жануарлардың суреттері ілінген.

Мысалы: аққу сұңқылдайды, тышқан шықылдайды, жылқы кісінейді,қой маңырайды, сиыр мөңірейді т.б

2 - ойын «Бала не істеді?»

Мақсаты: Суретке қарай отырып не істеді етістігіне жауап беру; сөйлем құрап айта білу; жүгірді, секірді, отырды т.б. сөздік қорын жинақтау.

Барысы: Іс-әрекеттегі балалардың суреттері ілінген. Не істеді сұрағына жауап беру.

3 - ойын. «Сөйлемді аяқта».

Мысалы: Аю күзде ұйықтайды, ал көктемде ....... оянады.



Жүргізушілер қызыл түске тоқтайды, жасыл түске ... жүреді.

Біз баспалдақпен түсеміз, содан соң ...... мінеміз.

Ажырасқанда адамдар қоштасады, кездескенде ..... амандасады.

Кешке күн батады, ал тәңертең ..... атады т.б.

Е.Өтетілеуовтың «Бай-бай, Пай-пай» тақпағын мәнерлеп айту.

Сұрақ: Сен қандай бала болғың келеді. (Ақылды, әдепті, таза ...)

Пай! Пай!

Тап- таза

Бұл бала Ақ қаздай, Қай бала? Мұнтаздай

Пай! Пай! Пай! Пай!

Қарашы Жарайсың,

Үстіне, Балақай!

Өзіне. Дейміз біз

Бір кіршік Мадақтай:

Түсті ме Пай! Пай! Пай!

Көзіңе?

Пай! Пай!

Тап- таза



Бай! Бай!
Бұл бала Киімі

Қай бала? Кір, сатпақ.

Қарашы үстіне Осы ғой

Өзіне, Нақ салақ!

Түсті не, көзіңе? Өңірі

Бет-аузың Жыртылған,

Кір айғыз Балағы

Бес батпан. Қырқылған-

Мойыны – Нас еді

Күс қатқан Бұл қандай?

Тырнағы Бай! Бай!

Сояудай Ұят-ай!

Бай-бай. Балақай!-

Аяқ-қол Дейміз біз

Жарылған, Мазақтай:

Батпаққа Көрінбе

Малынған. Ешкімнің

Бай! Бай! Көзіне,

Киімі Жүрме енді

Кір, сатпақ. Сен бұлай

Осы ғой Бай-бай!

Нақ салақ

Тап-таза

Қорытынды. Бүгін сабаққа кім жақсы қатысты? Кім белсенді болды? Неге? Неге олай ойлайсың?
ІІ . Өнер орталығы

Білім беру саласы «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті – жапсыру.

Тақырыбы: «Аңдардың бейнесі». (тәрбиеші көмекшісі)

Мақсаты: Адамгершілікті- мәдениеттілікке тәрбиелеу, үлкенге құрметпен, кішіге қамқор жасауға тәрбиелеу. Балалардың алған икем, дағдыларын, білімдерін қорытындылау, бекіту, қайшы, карандаш (түрлі-түсті), мақта, желім, түрлі-түсті қағаздарды пайдалана отырып, үй жануарлары: қой, жылқы, ешкі және балықты қиып, оған жұлу әдісімен түрлі-түсті қағазды жабыстыру (қабыршағы), қағазды ұзынша қию арқылы аттың жалын, құйрығын қиып желімдеу, мақтаны желімдеу, техникалық дағдыны жетілдіру. Балалардың өз қолдарымен жасаған ойыншықтарын кіші топтағы сыйлау.

Қолданылатын әдістер: түсіндіру, көрсету, жеке жұмыс.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әзірлеу, түсінік жұмыстары, суреттер, көрнекі құралдарды қарау.

Керекті құралдар: қайшы, картон қағаз, түрлі-түсті қағаз, желім, мақта шүберек, тәрелке.

Сөздік жұмыс: жырту, жабыстыру, мұқият, асықпай қию т.б.

Қостілділік компоненті: жапсыру- лепить,желімдеу- клеить, қию- резать, сыйлық- подарок.

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттің барысы:

Тәрбиеші көмекшісі алдымен балаларға жұмыстың, істелінетін іс-әрекеті туралы айтады. Бүгінгі жұмыстың мақсаты әдемі, қолдан жасалынған ойыншықтарды кіші топ балаларына сыйға тартамыз дей отырып, қауіпсіздік шаралары туралы айтып өтеді (сұрақ-жауап әдісімен).



Қайшы қалай ұстаймыз? (Қайшыны ықпайлап қағазды қиғанда соның ыңғайына салып қозғау). Қайшыны неге мұқият пайдаланамыз? (Себебі ол өткір, зақым келуі мүмкін) т.с.с.

Жұмысты неден бастаймыз, ең алдымен негізгі бөлігін жабыстыратын нәрсені даярлаймыз, қиямыз. Содан соң жабыстыру жұмысын жүргіземіз.

Болған соң жұмысты жақсы шықты? Саған қай ойыншық ұнайды, неге?

ІІІ. Ас -үй орталығы

Білім беру саласы «Денсаулық»

ҚҰйымдастырылған оқу – іс- әрекет түрі- Валеология

(өткізген Шыңғыстың анасы)



Мақсаты: Салатқа қолданылатын жеміс-жидектердің атын білу, тану, түсін, дәмін, пішінін айыру; Қауіпсіздік шаралары туралы түсініктерін жетілдіру,геометриялық пішіндер: төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек туралы ұғымдарын бекіту; тазалыққа, мұқияттылыққа үйрету, тәрбиелеу, үлкенге көмек беруге, адамгершілік сезімге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Керекті құралдар: тақта, пышақ, жеміс-жидек, үлкен-кішілі ыдыстар, қасық, иогурт.

Сөздік жұмыс: мұқият тураймын, араластырамын, дәмді, тамаша, қақ бөлу.

Қостілділік компоненті: дәмді- вкусный, жеміс- фрукт, көкөніс- овощ.

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттің барысы:

Балалар дөңгелене отырады. Әрқайсысына жапқыш орамал, тақтайша, пышақ таратылады.



Ата-ана балалардан алдымен жеміс-жидектердің атын сұрайды, түсі, дәмі, пішіні туралы сұрап өтеді. Салат жасарда немесе жеу алдында жеміс-жидекті жуу керектігін және пышақты оң қолмен оңтайлы ұстап жемісті ортасынан қақ бөліп, ұсақ төртбұрыштап турау керектігін айтады. Балалар жеміс-жидек туралы тақпақтар айтады. Жеміс-жидектің адамға пайдалы, дәруменге бай екендігін айтады. Жұмыс аяқталған соң, балаларды атап өтіп, мадақтайды.

Қорытынды. Барлық орталықтың балалары ортаға жиналып, әр орталықта орындаған жұмыс нәтижесі туралы әңгімелейді. Тәрбиеші балаларға рахмет айтып, мадақтайды.

Балалар белсенділік орталықтарымен ауысады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет