27.Қалыптастырушы бағалаудың мақсаттары мен принциптерін жазыңыз


Ішкі жиынтық бағалауды өткізу тәртібін жазыңыз



бет2/6
Дата26.12.2023
өлшемі27,36 Kb.
#199352
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
27.Қалыптастырушы бағалаудың мақсаттары мен принциптерін жазыңыз-emirsaba.org

28.Ішкі жиынтық бағалауды өткізу тәртібін жазыңыз.
Оқу бағдарламасында және оқу жоспарында анықталған, оқу бағдарламасының мазмұнын оқушылардың білуі, дағдылары және түсінуі туралы дәлелді ішкі жиынтық бағалау береді. Ішкі жиынтық бағалау ҚР Ұлттық білім беру академиясымен ұсынылады. Бағалау барлық оқу мақсатын тоқсандағы оқу жоспарына сәйкес тексереді. Бағалаудың нәтижесін мұғалім және оқушылар оқушының оқудағы прогресін өлшеу үшін пайдалануына болады. ІЖБ нәтижесін, оқушылардың оқу бағдарламасының мазмұнын және қандай дағдыларды қаншалықты тиімді игергеніне сараптама жасауға болады. Қалыптастырушы бағалауда сияқты, осы ақпарат мұғалімдерге болашақта оқыту үдерісін жоспарлауға көмегін тигізеді.
Ішкі жиынтық бағалау бақылау жұмысы ретінде берілген, сондықтан ІЖБ өтерге дейін материалдар оқушылардан қатаң құпия түрінде ұсталынуы қажет. Олар жабық шкафта, оқушылар көре алмайтын жерде сақталуы тиіс. Тапсырмалар белгілі бір қызметкерлер кіруге ғана мүмкіндігі бар анықталған жерде сақталынады. ІЖБ негізінен мұғалімдер өткізеді, оқушылар ІЖБ жазғанда, кабинетте тек бір мұғалім болуы мүмкін. Мүмкіндігінше, кез-келген бос мұғалім ІЖБ өткізуде мұғалімге көмектесуі қажет. Бұл адам, көмекші бақылаушы рөлін атқарады және ол бас-бақылаушы мұғалімнен нұсқаулық алады. ІЖБ өткізу кезінде мұғалімдер және басқа бақылаушылар бағалауды тиісті деңгейде және тәртіппен өткізуді мұқият бақылаулары қажет, басқа іс-әрекет жасамаулары өте маңызды (мысалы, дәптер тексеру, ноутбукте жұмыс жасау). Бағалау кезінде барлық мұғалімдер мен қатысқан бақылаушылар шапшаң және зейін қоятын мұғалімдер болуы керек.
Ішкі жиынтық бағалау балл қою кестесіне сәйкес дайындалуы керек, олар мұғалімдерге тексеру үшін беріледі және критерийлерден тұрады, осыларға байланысты оқушының үлгерімі туралы шешім қабылданады. Ішкі жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін мұғалімдер балл қояды. Осы қойылған балдар салыстыруды қамтамасыз ету үшін әдістемелік бірлестіктің жетекшілерімен тексеріледі. Мұғалім әр жауаптың балдары мен нәтижелерінің дұрыс жазылғанын тексеруі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет