31)ХХ ғасырдың 20-30 жж. халықтың сауатсыздығын жою. (жетістіктері, кемшіліктері және іске асыру жолдары).
ХХ ғасырдың 20-30 жж. халықтың сауатсыздығын жою. (жетістіктері, кемшіліктері және іске асыру жолдары).
1919 жылы 26 желтоқсанда «РКФСР халықтары арасында сауатсыздықты жою туралы» декреті бұл мәселе бойынша негізгі міндеттерді белгілеп берді.
1924 жылы Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы ұйымдастырылды.
1921–1927 жылдар аралығында Қазақстанда 200 мыңға жуық адам әр түрлі жерде оқыды. 1928 жылы Қазақстанда барлық халықтың 28%-ы сауатты болды. Ал қазақтар арасындағы бұл көрсеткіш 10% болды.
Еңбекшілер зор ынтамен оқуға кірісті. Егер 1920-1921 оқу жылында сауатсыздықты жою жөніндегі 2412 пункт жұмыс істеп, оларда 27,3 мың адам оқыған болса, 1924-1925 оқу жылында тиісінше — 6677 пункт және 1731 мың адам сауатын ашты. 1928 жылы Қазақстанда барлық халықтың 28%-ы сауатты болды. Ал қазақтар арасындағы бұл көрсеткіш 10% болды. Алайда атқарылатын жұмыс әлі көп еді, өйткені 1,7 млн. қазақ сауатсыз күйінде қалып қойды.
1930 жылғы 11 қаңтарда Қазақ АКСР ОАК сауатсыздықты міндетті түрде жою туралы декрет қабылдады, содан кейін сауатсыздықты жою пункттерінің желісі кеңейе түсті, әліппе мен оқу құралдарын шығаруға және тұрақты сауат ашу мектептерін ұстауға 2 млн. сомға жуық қаржы бөлінді.
Елдегі экономикалық жағдайдың оңалуы халыққа білім беру ісінің өрлеуіне жағдай жасады. 1923 жылдан бастап мектептердің жүйесі ұлғайды, мұғалімдердің тұрмысы жақсара түсті. 1924-1925 оқу жылының басында 1251 бірінші басқыш мектеп, оның 747-сі қазақ мектебі, 25 коммуна-мектеп (24-і қазақша) және 68 жеті жылдық және екінші басқыш мектеп болды.
Республикада ересектер арасында сауатсыздықты жою ісіне сол кездегі «Ауыл мұғалімі» журналы мен «Төте жол» газеті әдістемелік құрал ретіндегі көмегін тигізді.
1930 жылғы 11 ақпанда «Қазақ АКСР-інде халықтың сауатсыздығын міндетті түрде жою туралы» қаулы қабылдады. Жою мерзімі бірінші бесжылдықтың аяғы болып белгіленді. Шараларды жүзеге асырудың жоспары жасалды және сауатсыздықты жоюға арналған қаржы қоры құрылды.
1931 жылы Қазақстанда 15–20 жас аралығындағы барлық адамдардың сауатын ашу, яғни оларға міндетті білім беру жүйесі енгізілді. Сауатсыздықты жою мақсатында республикада ағарту ісіне жұмсалатын қаржының мөлшері көбейді.
1936 жылы жер-жерден ашылған сауатсыздықты жою мекемелерінде 500000-нан астам адам оқыды.
1939 жылы Қазақстан халқының жалпы сауаттылығы 76,3%-ға жетті. қазақ халқының арасында бұл көрсеткіш 40%-ға жетті.
34)Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанға немістердің депортациясы: тарихы және тағдырлары
Депортация латынша «deportatio» – «қуғындау», «көшіру» деген мағынаны білдіреді. Халықтар депортациясын белгілі бір ұлт өкілдерінің белгілі бір іс-әрекеттеріне байланысты елден қуылуы деп түсіну қажет.1941 жылдың 28 тамыздағы КСРО Жоғары Кеңесі төралқасының «Еділ бойында тұратын немістердің қоныстарын аудару туралы» жарлықта: «Мыңдаған лаңкестер мен тыңшылар бар, олар Германиядан келетін хабар бойынша жарылыстар ұйымдастыруды көздейді», яғни КСРО-ға қарсы бағытталған әрекет жасауда деп көрсетілген. Негізсіз тағылған бұл жаланы кеңес үкіметі өзіне тән екіжүзділікпен көп жыл өткен соң қайта қарап, немістердің алдында кешірім сұраған сыңай танытып, былай деп атап көрсетті: «Бұл дәлелсіз айыптардың негізсіздігін және Сталиннің жеке басына табыну жағдайларындағы жүгенсіздік көрінісі болғанын көрсетті» Кеңестік немістерге қарсы жасалған осынау саяси сойқанна Днепрдің батыс жағындағы немістер ғана аман қалды. өйткені, неміс әскерлері 1941 жылдың 25 тамызында Днепропетровск қаласын басып алған болатын. Осылайша соғыс басталысымен Еділ бойындағы немістер туған жерлерінен аластатылды. Сол кездегі де, кейінгі де архив құжаттарын ақтарған зерттеушілер кеңестік немістер арасынан бірде-бір сатқын мен тыңшылар туралы дерек таба алмады. 1941 жылдың күз айында немістердің автономиялы республикасы кеңес картасынан мүлдем жойылып, оның 7 ауданы Сталинград облысының, 14-і Саратов облысының құрамына қосылды. Автономияны жою жөніндегі бұйрық оңай орындалды. Тек Еділ бойындағы ғана емес, Ленинград, Мәскеу, Кавказ бен Қырымдағы немістер де жер аударылды. Сібір, Алтай өлкелерімен қатар немістердің ең көп қоныстандырылған жері – Қазақстан болды .1941 жылдың 25 қазанында Қазақстанға 467 мың Еділ бойы немістерін қабылдау жоспарланды. Қазақстан облыстарына төмендегідей етіп бөлу жоспарланды.Ал Қазақстанға 420 мың неміс күштеп көшірілді .Немістерді қоныстандыру Қазақстанның екі облысына: Батыс Қазақстан және Гурьев облыстарына көшіру көзделмеді. Бірақ депортацияланған немістер 1942 жылы бұл екі облыста еңбек колонналары есебінен толықтырылды. 1942 жылдың 7 қазанында Гурьев Атқару Комитетінің №2383 шешімімен немістер еңбек колоннасына мобилизацияланды .Орал облысының жергілікті немістері де күштеп көшірілді.1941 жылдың қарашасында Оралдың неміс тұрғындарына Подстепное селосына жиналып,қаладан үш күн мерзім ішінде көшіп болуына бұйрық берілді. 18 қарашада қалада бірде-бір неміс қалмады. 1942 жылы оларды Теректі, Каменск, Зеленовск, Приуральный аудандарынан көшірді. Олар үй-мүлкін, малын, жұмысын тастап, жаңа мекенге бағыт алды. КСРО-ның әр аудандарынан және жергілікті жерлерден күштеп көшірілген немістер негізінен Жемпейті ауданына қоныстандырылды. Олар «Тасқұдық», «Жаңатаң», «Жаңа-Тұрмыс», «Жемпейті», «Оралтөбе», «Бұлдырты» совхоздарына, №117 көне зауытына және тағы бас.Ақтөбе облысына 15 000 неміс ұлтын көшіруді жоспарлайды, бірақ 13 342 неміс ұлты көшірілді. Олар Ақтөбе қаласына, Мәртөк, Степной, Қобда, Новоресей (Кемпірсай, никельтау кеніштерінде) аудандарына қоныстандырылды . 1941 жылдың 1 наурызында КСРО ІІХК-ның Кемпірсай лагеріне Украинадан 2398 неміс әкелінген, оның 166-сы тұтқындар болып есептелді. 1943 жылы алғашқы 9 айында ІІХК-ның Ақтөбе комбинатына 336 неміс тұтқындары әкелінді. 1942 жылы Ақтөбе қаласында немістердің еңбек колоннасы құрылып, сол жылы 1157 неміс, ал 1943 жылы 1086 неміс әкелінді. Соғыс жылдарында Ақтөбе ферроқорытпа зауытында, Кемпірсай, Никельтау кеніштерінде т.б. өнеркәсіп объектілерінде немістердің арзан еңбек күші пайдаланылды. Сонымен қатар Каспий маңындағы мұнай өнеркәсібінде, яғни «Қазмұнайқұрылысы» тресінің құрылыс-монтажды участогінде еңбек еткен арнайы қоныс аударушыларды неміс ұлты құрады қа шаруашылықтарға орналастырылды.
35)Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанға Солтүстік Кавказ халықтарының депортациясы: тарихы және тағдырлары.
Соғыс ортасында Закавказье асуынан өтуге неміс басқыншыларына жәрдемдесті деп «гитлер-фашистерінің агенттерін қудалау» басталды. Онда Солтүстік Кавказдан шешен, ингуш, қарашай, қалмақ, түрік, күрдтер жер аударылды. Мұнда барлық қарашай халқына жағылған күйе еді. Қарашайлар 1942 жылдың тамыз айынан 1943 жылдың қаңтар айына дейін немістер қол астында болған еді. Қарашайлар неліктен немістермен тіл табысты дегенге келсек, олардың ойынша: 1. Тәуелсіз ұлттық басқару жүйесі қалпына келтіріледі және дінді қоса алғанда, өмірдің барлық салаларында халыққа толық еркіндік беріледі; 2. Колхоздардың орнына жекеменшік жүйесі енгізіледі; 3. Орыстар күштеп екіге айырған қарашай – балқар халқы қайтадан біріктіріледі. Бұл бастамалар қарашай халқының немістерге жақтаса отырып, орыстарға қарсы қимылдауына ықпал еткен еді. Айта кеткен жөн, немістер өздері басып алған жерлерде орыс емес, діні басқа аз халықтардың бәрін оларды Ресейден бөлшектеу үшін, шынында да, жоғарыдағыдай кеңшіліктер берді. Ал мұндай тәуелсіздік, әрине, ол халықтардың ғасырлар бойғы арманы еді. Сондықтан да немістермен түсінісуге барған халықтарды жаппай сатқынға балау тіптен де дұрыс емес. Ұлттық және рухани тәуелсіздік бәрінен де қымбат екенін ұмытпалық . бірақ Сталин басқарған тоталитарлық жүйе мұндай пиғылды мүлде басқаша қабылдап, оларға былай деп кінә тақты: «Қарашай Республикасына басып кірген кезде көптеген қарашайлықтар опасыздық көрсетіп, сатқындық жасаған. Көптеген адамдарды немістерге ұстап берген, неміс фашистерінің құрған ұйымына кіріп, кеңес үкіметіне қарсы соғысқан. Немістердің Закавказье асуынан өтер кезде оларға жол көрсетіп, тиісті жерлеріне дейін алып барған. Ал неміс басқыншылары бұл жерден қуылғаннан кейін, үкімет құрығынан қашып жүрген бандиттерді, гитлер фашистерінің агенттерін қудалау, ұстау басталды» деп атап көрсетілді. Бұнда кінәлі деген азаматтар ғана жазаланудың орнына тұтастай халыққа жазалау жүргізілді. Әрбірінен осындай «кінә» тауып, туған жерінен бүкіл халықты басқа өңірге қоныс аудару жөнсіздік болып отырғаны сөзсіз еді. Көшірілместен бұрын Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесінің 1943 жылғы 12 қазандағы «Қарашай автономиялық облысын жою және оның территориялық әкімшілігінің құрылымы туралы» қаулысымен қарашай халқы туған атамекендерінен қуылды. 1943 жылы 2 қараша күні таңға жақын барлық қарашай ауылдарын кеңес әскери бөлімшелері қоршап алды ... Таңғы сағат 4-те әр қарашайлардың үйіне қарулы кеңес әскерлері кірді. Бесікте ұйықтап жатқан балаларынан бастап ауру қарттарға дейін қатал бұйрықпен төсектерінен тұрғызылды. Жолға дайындалу үшін 30 минут уақыт беріліп, 36 килограммнан артық жүк алуға болмайтыны ескертілді. Қарашай халқын жаппай жер аудару осындай бір қысқа мерзім ішінде жүзеге асырылды. Бұған қарсы шыққан жүздеген қарашай тұрғыны орнында атылды. Ертеңгі сағат 10-да қарашайларға лық болған мал вагондары жүруге дайын тұрды. Ол вагондарда 63323 жазықсыз қарашай бар еді. Бұлардың 32929 – балалар, 18993-і әйелдер, 11401-і еркектер болатын. Еркектердің бәрі дерлік қарттар және соғыстан жараланып келгендер еді. Дені сау еркектердің барлығы кеңес әскерлерінің түрлі майдандарында қару астында тұрған. Қарашайлар жер аударылысымен кеңес әскеріндегі қарашайлар да бөлімшелерінен алынып, жер аудару орындарына жіберілді. Осылайша 1943-1944 жылдары Солтүстік Кавказ халықтары күштеп көшірілді. 1943 жылдың 27 желтоқсанында «Қалмақ автономиясын жою және Астрахань республикасын құру туралы» деген қаулы негізінде қалмақтар жан-жаққа көшірілді. 1943 жылы қыркүйекте 70 мың қарашай, сол жылдың қазанында 94 мың қалмақ күштеп көшірілді
Достарыңызбен бөлісу: |