3 1-Бөлім. Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс-жүргізу


Алқабилер қатысатын соттың шешуіне жататын сұрақтардың мазмұны



бет15/26
Дата13.05.2020
өлшемі224,5 Kb.
#67900
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Байланысты:
Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс-жүргізу
Лекция №5 Ампер күші. Электроқозғалтқыштың әрекет принципі. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері., Лекция №4 Ампер күші. Электроқозғалтқыштың әрекет принципі. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері.
Алқабилер қатысатын соттың шешуіне жататын сұрақтардың мазмұны. Сотталушы жасаған деп айыпталатын әрекеттердің әрқайсысы бойынша негізгі үш сұрақ қойылады.

    1. әрекеттің орын алғаны дәлелденді ме;

    2. бұл әрекетті сотталушының жасағаны дәлелденді ме;

    3. бұл әрекеттің жасалуына сотталушы кінәлі ме.

Алқабилер әр эпизодқа жеке-жеке , барлық іске толық бір

сұрақ қоюы қажет. Себебе, біреуі дәлелденсе, екіншісі дәлелденбеуі мүмкін.

Бірінші сұракты шеше отырып төрағалық етуші алқабилерге істің қылмыс екенін, ол Қылмыстық кодексінің бір бабымен қарастырылатынын және ол басқа іс-қимылға қарағанда ондағы ерекшелікті көрсетіп береді. Мысалға; алқабилер алдына «А» және «В» азаматтардың аса ауыр «ерекше мейірімсіздік» қылмысы сол жерде, сол уақытта жасалғанын соттың барлық дәлелдерінен шығара отырып дәлелдейді. Алқабилер үшін қылмыстағы «ерекше мейірімсіздік» түсініксіз болуы мүмкін. Сот төрешісі бұл сөздің мағынасын ашуға тырысады, ал алқабилер қылмыстың мекенінің дөлелденгендігі мен сұрақтарға жауап беріп отыруы тиіс.

Екінші сұрақ алқабилер алдында қойылады, бұл әрекеті сотталушының жасағаны дәлелденді ме, ал алқабилер бұған құптау немесе құптамау жауабын береді.

Үшінші сұрақ алқабилер алдында қойылады, бұл кылмыстық әрекеттің субъективті қатарына байланысты әрекеттің жасалуына сотталушы кінәлі ме.

Шешуге жататын сұрақтар әрбір сотталушыға қатысты жеке қойылады.

Сотталушының кінәлілігі туралы негізгі сұрақтан кейін кінәлілік дәрежесін арттыратын немесе төмендететін не оның сипатын өзгертетін, сотталушыны жауаптылықтан босатуға әкеп соқтыратын мән-жайлар туралы жеке сұрақтар қойылуы мүмкін.

Қажет болған жағдайларда қылмыстық ниеттің жүзеге асырылу дәрежесі, әрекеттің соңына дейін жеткізілмеуіне әсер еткен себептер, сотталушылардың әрқайсысының қылмыстың жасалуына қатысу дәрежесі мен сипаты туралы сұрақтар да жеке қойылады. Егер қойылатын сұрақтар сотталушының корғану құқығын бұзбаса, сотталушының онша ауыр емес қылмыс жасаудағы кінәсін анықтауға мүмкіндік беретін сұрақтар қоюға жол беріледі.

Бірақ алқабилер тарапынан қылмыстың саралануына (ква- лификациясына) заңгерлік сұрақтар қойылмауы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет