Қошақан-ау, қошақан!
Маңырама, қошақан, Қошақан-ау, қошақан,
Шөбің көп қой алдыңда. Тұрсың ба шай керек деп.
Жейсің бе әлде таба нан, Ойыншығым, мә саған,
Қарның ашып қалды ма? Маңырама безектеп.
(С.Баймаханов)
Жіктік жалғауларында да екпін түспейді. Сондықтан жіктік жалғаулы сөзді дұрыс айттыруға мысал мен жаттығуды көбірек ендірген дұрыс. Мысалы:
Өрікпін мен өрікпін,
Бау-бақшаға көрікпін.
Баптап мені күткен соң,
Талды байлап өріппін.
(К.Құрманалиев)
Хан есессің, ылаңсың,
Қара шұбар жылансың.
Хан емессің, аянсың
Айыр құйрық шаянсың.
(Махамбет)
Сөйлеу тілінде, поэзиялық шығармаларда екпін түспеген жіктік жалғауы қысқартылып айтылады. Бұл орфоэпиялық заңдылыққа жатады. Сондықтан мәтін орфоэпияның заңына бағындырылып оқылуға тиіс. Екпін түспеген буын редукцияланып (ұнатамын – ұнатам, сөйлесемін – сөйлесем, ойнайды – ойнайд т.с.с)
Қазақ тілінде сөздің буын санына қарай негізгі екпінінен басқа көмекші екпін де болады. Көмекші екпін түскен буынмен салыстырғанда негізгі екпін қарқындылау айтылады.
Мысалы: айлакерлік, қайырымдылық десек, негізгі екпін –лық, -лік қосымшаларына түседі де, көмекші екпін екінші не үшінші буындарда болады. Ұранды сөздерде немесе басқаша түрлі мәнерленіп айтылған сөздердің екпіні бір буыннан екінші буынға көшіп отырады. Сәуле сурет салды деген сөйлемдегі Сәуле сөзінің дағдылы екпіні оның соңғы буынында тұр. Ал, Сәуле, әй Сәуле! – дегенде, екпін батапқы буынға ауысып кетеді.
Қазақ тілі екпіні тиянақты тілге жатқанмен осындай екпін ауытқулары, яғни кейбір жағдайда жылжымалы болып келуі ұшырайды, сондықтан бұл ережелерді мәтінді мәнерлеп оқуда есте сақтау керек.
Ал тілімізге орыс тілі арқылы енген сөздер қазақтың ежелден келе жатқан акцентуациялық нормасына түгел бағына кірген жоқ, олар орыс әдеби тілінің өз нормасын сақтап енді. Бұл жайды мәтінді оқығандағы кездесетін термин сөздерді қайтқанда ескеру керек.
Сөзді дұрыс айтуда көңіл аударатын бір жай – дауысты дыбыстардың басқа дыбыстармен қарым-қатынасқа түскенде естілуіне ұшырайтын өзгерістер. Оны дауысты дыбыстардың сапалы өзгерісі дейді. Сапалық өзгерістерге жататындар: 1. Элизия. 2. Редукция. 3. Протеза. Бұл құбылыстардың ұзақ тарихи, қалыптасу заңы, өзгеру себептері бар.
Элизия (мүлдем түсу)
Сөздің ішінде болмаса сөз аралығында бір интонация, бір ритм-ырғақпен, бір екпінмен айтылған сөздерде дауысты дыбыстың айтылмай түсіп қалуын элизия дейді. Мысалы: Сарыағаш, Қараағаш сияқты біріккен сөздердің аралығындағы ы, а, дыбыстары түсіп, Сарағаш, Қарағаш болып айтылады. Мұндай құбылыс сөз аралығында да кездеседі. Онда алдыңғы сөздің соңғы дыбысы түсіріліп айтылады, бірақ жазуда сақталады. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |