3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет48/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

3.3. Жаңылтпаштар

Бала танымын кеңейтумен қатар, оның акустикалық аппаратын жаттықтырып, тілін ұстартып, тіл заңдылықтарын сақтай отырып, дұрыс үйретуге жаңылтпаш сынды шағын жанрдың орны ерекше.


Жаңылтпаш – халық ауыз әдебиетінің бір түрі ретінде ерте кезден-ақ бала тілін дамытуда маңызды рөл атқарғаны белгілі. Сол себептен де халық жаңылтпашқа үлкен мән беріп, жаттығу құралы ретінде пайдаланған. Жаңылтпаштың балаларға берер пайдасы ұшан-теңіз. Біріншіден, тіл ұстартып, тіл дамытады. Яғни, әр сөзді дұрыс айтуға ұмтылады. Жаңылтпашты жаттаған бала өзіне қатаң талап қояды. Екіншіден, жаңылтпаш көбіне өлең түрінде ұйқасқа құрылып, шағын, жаттауға оңай, танымдық қасиеті мол болады. Сондықтан балаларды қатты қызықтырады.
Жаңылтпаш – бала тілінің жетігіп-жетілуіне, оралымды, анық сөйлеуіне,ана тілінің үн сұлулығын мінсіз меңгеруіне, шебер сөз саптауға баулиды. Жаңылтпаштың тағы бір ерекшелігі – оның баланы ойната отырып, дұрыс сөйлеуге үйрететіндігінде.
Жұмбақ баланың сөз мағынасын ұққанын тексеруге көмегін тигізсе, мақал алғаш көріп-білгенінен қорытынды жасауға үйретеді. Ал жаңылтпашты баланы дұрыс дыбыстау мақсатында пайдалану қажет, ал санамақ ұжымдық ойынның басталуына белгі ретінде не ойын үстінде пайдаланылады.
«Жаңылтпаштың сөздері айтылуға қиын, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады. Жаңылтпаштың әрбір сөзі шапшаңдата, тездете айтылуға тиіс. Ол әрбір сөзді жылдамдата айтумен қатар, нақышына келтіре, мүлт кетпей оралымын таба алуға тиіс» - деген М.Ғабдуллиннің пікірі де жаңылтпаштардың тәрбиелік мәнінің жоғары екендігін дәлелдей түседі. Енді жекелеген жаңылтпаштарды қарастыра отырып, соы айтылған пікірдерді негіздейік:
Құрықтан құлдырап түстім,
Сырықтан сылдырап түстім
Бұл жаңылтпашта р, л дыбыстарына ерекше көңіл бөлінген. Сондай-ақ, құрық, сырық сияқты дыбысталуы ұқсас сөздер бірдей синтаксистік құрылымдарда қолданылуы және дыбыстық қайталаулар арқылы бала тілін жаттықтырарлықтай ойнақы, әрі тартымды шыққан. Баланы ана тілінің дыбысталу заңдылығына, яғни үндестік заңдылығына баулуда да бұл жаңылтпаштың орны ерекше. Демек, шағын ғана екі тармақты шығарманың өзі баллар тілін дамытуда, ана тіліне баулуда айрықша қызмет атқарады.

Мынау арал қай арал?


Қайың менен тал арал,
Талға қарға ұялар,
Тарғыл иттің құйрғы
Талға оралар,
Талға оралар.
Баланың тілін дамытып, дыбыстауға қиындық тудыратын л, р дыбыстары бар сөздерді қатар қолдану жаңылтпаштарды жиі кездеседі. Жаңылтпашты тез айтуға тырысқанда алғашқы кездерде бала л дыбысының орнына й дыбысын немесе р дыбысының орнына л дыбысын немесе керісінше шатастырып айтуы мүмкін. Бірақ, жаттыға келе, бала қателеспеуге дағдыланады және ең бастысы – дұрыс сөйлеуге, дыбыстауға үйренеді.
Мысалы, тәрбиеші сәбилер тобымен «ш» дыбысын дұрыс дыбыстауға жаттығу жүргізеді. Бұл сабаққа даярлану кезінде атауында «ш» дыбысы бар заттарды даярлап алады, сөлем құрайтын сөдерді теріп әзірлейді, дыбысқа еліктейтін ойындар өткізеді т.б.
1. Шеше!
Неше кесе
Сынды кеше?

2. Шай. Іш. Шырпы. Шашылды. Тышқан. Қашты. Шөп. Шырша


Егер тәрбиеші «қ» дыбысын дұрыс дыбыстауға сабақ жүргізсе, мұнда да бірінші сабақтағы шарттарды орындайды. Қорытындысында «Қазым, қазым қаңқылда!» ойынын өткізеді. Ойынды өткізу үшін, мәтінді жаттап алады (осымен бірге өзінің де қ, ш дыбыстарын айтудағы артикуляциясын тексеріп байқайды).


Мәтінді тәрбиеші жазып алады да, айтылу темпін (қарқынын) белгілеп қояды (балалар ойнар алдында мәтінді тәрбиешінің айтуынан жаттайды), интонациясын айқындап алады (балдырғандар тәрбиешінің сөйлеу сазына еліктеп айтады); дауыс тембрін лайықтап келтіреді. Бұдан кейін мәтінді жайлап қана айтқызып, дұрыс дыбыстатуға жаттықтырады. Тәрбиеші жетекші сұрақ қою арқылы жаңылтпаштың мағынасын түсіндіріп, балдырғандырдың тілін дамыту үшін жаңылтпаштарды жаттатады.

1. Дос-досқа


Космоста
Бас қос!

2.Қап, қақпан, жаныңда ма,


Қақпаң, қап жаныңда ма?

3. Ас аспай


Бас аспазшы
Ас асты
Жас азпазшы.

4. Арал, арал, арал бар,


Бара алар ма балалар?
Балалар да бара алар,
Бара алар да аралар.

5.Шілтөбеден шіл ұшты,


Тобын жазбай бір ұшты.
Шілтөбені шіл айналды.
Шіл айналса, шыр айналды.

6. Тораңғылы тоғай бар,


Тоғай толған торғайлар.
Торғай тоғайды ұнатады,
Тоғай торғайды қуантады.

Жаңылтпаш - балаларды ойната отырып, үйретуді, оқытуды мақсат ететін шағын көлемді шығарма. Баланы ойынға қызығушылығын арттыра отырып, баланың танымын, тілін дамыту мақсатында осындай шағын жанрларды қолданған. Бұл жанрлардың құндылығы бүгінгі таңда да көмескіленген жоқ.


Белгілі ғалым, қазақ балалар әдебиетінің теоретигі Ш.Ахметов: «Жаңылтпаш – көбінесе мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш мектеп оқушыларына лайықты шығарма... Мұнда міндетті түрде оқыту арқылы ғана емес, баланы талғамы күшті эстетикалық нәр алатын қызық та көркем сөзге әуестендіру, соған баланы еліктіру арқылы жаттығу жұмысын жүгізуге үлкен шеберлік керек... Баланың тіліне, оның әрбір тәтті сөздері мен тартымды қылықтарына күле отырып, дұрыс бағытта сөйлеуге баулиды» - деген.
Балаларға арнап қай жанрда болмасын, өнімді еңбек еткен қаламгердің бірі, әрі бірегейі - М.Әлімбаев жаңылтпаштарының бірінде:
Жаңылтпаш,
Жаңылтпаш,
Жаңылар аңғырт жас
Сөзіне салғырт бас –
деп бүлдіршіндерді зейінді, ұқыпты болуға шақырады. Кез келген баланың аңғырт жас қатарында емес, алғырлар қатарында болғысы келетіндігі белгілі жай. Ендеше ақын осы шағын жаңылтпашы арқылы балаларды қайрап, жаңылтпаш айтып жаттығуға және жаңылмауға үндейді.
Ұшы үшкір ұшқыр үш жебе алдым,
Үшеуі де үшкір, ұшқыр деп алдым.

Бұл жаңылтпашта балалардан ең алдымен ұқыптылықты, зерделілікті талап етеді. Өйткені бір-бірімен өте үндес ұшы, үшкір, ұшқыр, үш, үшеуі сөздерін тез айтқанда, бала қателесіп, бірінің орнына бірін ауыстырып алуы мүмкін. Мұндай жаңылтпаштар көмегімен балалар әрбір әріптің сөз мағынасындағы айрықша орнын меңгереді.


Жаңылтпаштар - әдебиеттің өзге жанрлары тәрізді өз бастауын халық ауыз әдебиетінің алтын кенінен алғандығы белгілі, сондықтан авторлық туындыларға айналғанның өзінде олардан халық даналығы, халық болмысы, салт-санасы айқын сезіліп отырады. «Халқын пір тұтқанды, Халқы да ұл тұтар» - дегендей, қазақ халқының ата кәсібінен, халық даналығынан хабардар етіп, сауын, бие, саба деген этнографиялық ұғымдармен таныстырады.
Сауын бие ұстаған саба ыстайды,
Саба ыстаған сары қымызды
Бабында ұстайды.

Бұл жаңылтпаштың астарында жатқан мән-мағына баланы ойландырары белгілі.


Сонымен, баланың тілін, танымын дамытуда жаңылтпаштың атқарар орны ерекше, тәрбиелік мәні жоғары. Бүгінгі таңда жаңылтпаш арқылы бала тілін жаттықтыру балабақшаларда, бастауыш сыныптарда жиі қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет