3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ


Оқытудың әдістері мен тәсілдері



бет66/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

4.6. Оқытудың әдістері мен тәсілдері

Оқыту процесінде тәрбиеші әр түрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланады. Оқыту әдістері – тәрбиешінің жұмыс әдістері, осының арқасында балалар білімді, іскерлікті, дағдыны игеретін болады, сондай-ақ олардың таным қабілеті дамиды. Тәсіл - әдістің бір бөлігі.


Тәрбиеші оқуда пайдаланатын оқытудың негізгі әдісін анықтай отырып, оның тиімділігін көтеру үшін алуан түрлі тәсілдерді пайдаланады. Мысалы, балалардың көктем туралы білімдерін, жүйеге келтірудің негізгі әдісі ретінде әңгімелесуді пайдалана отырып, оны әр түрлі тәсілдермен: жапырағын жайған бұтақтарды көрсетумен, жұмбақ шештірумен, өлеңдерді мәнерлеп оқумен толықтырады. Көлік қозғалысын бақылай отырып, ол балаларға сұрақтар, қажетті түсініктер береді. Сурет салуды оқытуда тәрбиеші көрсету және түсіндіру тәсілдерін қолданады, балалардың эмоциялық көңіл күйін туғызу үшін өлең оқиды.
Оқыту әдістері көрнекі, ауызша айту, тәжірибелік әдістері болып бөлінеді.
Мектепке дейінгі оқытуда көрнекілік әдістері үлкен орын алады. Оларды пайдалану көрнекіліктің дидактикалық принципіне сай келеді және баланың ойлау ерекшеліктерімен байланысты. Балаларға жаңа білім түсіндіруде көрнекілік әдістері кеңінен қолданылады. Оған табиғи заттарды, құбылыстарды (объект), көрнекі құралдарды (суреттерді тұлыптарды), модельдерді, үлгілерді және басқаларды көрсету жатады. Оқытудың техникалық құралдарын (диафильмдерді, кинофильмдерді, таспа жазбаларын, теледидар хабарларын және т.б.) қолданудың маңызы үлкен.
Бақылау – адамның қоршаған дүние заттары мен құбылыстарын мақсатты, жоспарлы, азды-көпті ұзақ қабылдау. Бұл өзгеріп тұратын құбылыстарды көрсетумен байланысты. Мұның мақсаты балаларға заттарды немесе құбылыстарды көрсету ғана емес, сонымен қатар, айналадағы жағдайдағы өзгерістірді байқауды үйрету. Балалар ересек адамдардың істеп жатқан жұмыстарын, көлік қозғалысын, жануарлардың мінез-құлқын, өсімдіктер өміріндегі, өлі табиғаттағы өзгерістерді бақылайды.
Тәрбиеші балаларға бақылаудың іс-әрекеттерін игеруге көмектеседі: олардың алдына таным міндетін қояды, объектілерді зерттеудің түрлі тәсілдеріне, үйретеді, бақылаудың ұсынылған жоспары бойынша әрекет етуге, ал онан кейін өз бетімен жоспарлауға үйретеді, алдына қойған міндетке сәйкес сипатты, елеулі белгілерді іріктеп ала білуге қалыптастырады.
Бақылаудың алдында әңгіме өткізіледі, онда бақыланатын объекті жөнінде балалардың не білетіндігін анықтап, не нәрсеге ерекше назар аудару керектігі туралы нұсқаулар беріледі.
Балалар экскурсияға көлік жиі жүретін жерлерге баруы керек. Тәрбиеші кіріспе әңгіме айтады, мұнда балалар көше қозғалысы ережесін кім және қалай тәртіптейтінін, білетін-білмейтінін анықтайды, экскурсия кезінде тәртіп ережесі туралы ескертеді. Көшенің белгіленген түйілісіне жеткен соң, педагог балалардың көшенің жұрт өтетін жағын жақсы көретіндей етіп, сонымен қатар оларға ешқандай қауіп төнбейтіндей етіп орналастырады. Осыдан соң ол балаларға алдымен көше жағдайымен танысуды ұсынып, олардың назарын негізгі бақылау объектілеріне (өтіп жатқан көліктерге, бағдаршамға, реттеуші май қызметкерлеріне) аударады. Бақылау неғұрлым мақсатты болу үшін балаларға : «Реттеуші май қызметкері не істеп тұр? Бағдаршамның түрлі жарықтары қандай ретпен жанады? Көше қозғалысын реттейтін көшеде тағы қандай белгілер бар?» - деген сұрақтар қояды. Осыдан соң балаларға айналадағы жағдайды 4-5 мин. ішінде бақылауға мүмкіндік беріледі, содан кейін балалар көргендерін айтады. Тәрбиеші кейбір жауаптарды нақтылап, дауыстап, бақылауға қорытынды жасайды. Балалар бақшасына қайтып келген соң ол балаларға экскурсияда көрген-білгендерін тағы да еске түсіруді, құрылыс материалдарынан немесе құмнан бағдаршамды, көше белгілері, көлікті реттеушісі бар қала көшесін жасауды ұсынады. Сөйтіп, ойын біртіндеп оқуға аусады.
Бақылауға байланысты оқу сағаттарының мазмұны бірте-бірте күрделене түседі: бақылаудың неғұрлым күрделі объектілері іріктеліп алынады, оның жоспары ұлғайып, құбылыстың жаңа жақтары қарастырылатын болады, олардың арасындағы байланыстарды білуге көшу белгіленеді.
Бақылаулар тек оқу үстінде ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде де ұйымдастырылады. Олар қысқа мерзімді (ауа райын, құстардың, балықтардың, маусымдық құбылыстарды) болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет