3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет68/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

Қимыл әдістерін көрсету. Қимылды, әуендік (музыкалық), бейнелеу қызметін және т.б. дамыту жөніндегі сабақтарда тәрбиеші көрнекі-қимылды көрсетеді, немесе қимыл әдістерін, музыка әуенімен жаттығуларды, қозғалысты қалай орындау керектігін, сурет салу, ою, құрастыру жөніндегі жұмысты қандай жүйемен қалай орындау керек екенін көрсетеді.
Қимыл әдістерін көрсеткен кезде, көрсетуге ыңғайлы орынды дұрыс таңдап алып, балаларды қолайлы етіп отырғызу керек. Мысалы, дене шынықтыру жаттығуларын көрсетуде тәрбиеші аласалау балаларды саптың алдына, биіктерін артына тұрғызады. Музыка әуенімен қимыл жасауды көрсету балалар оларды әр жағынан көруі үшін шеңбер ішінде орындалады. Тәрбиеші қимылды балалар анық көретін жерді таңдап алады, мысалы, жүресінен отыру және жатып, отырып орындаудан басталатын кейбір жаттығуларды балаларға қырынан тұрып көрсеткен жақсы, суретті қайшымен қиюды көрсетуді балалар бір бүйірден көретіндей етіп орындау қажет.
Әрбір қимылды балалар анық көріп отыру үшін көрсету айқын, дәл, бөлек-бөлек болуы керек. Тәрбиеші өзінің әр қимылын сөзбен түсіндіріп отырады. Кейде балалар жұмысты орындаудың кейбір тәсілдерін білетін болса, онда ол балаларға тек таныс емес тәсілдерді ғана көрсетеді. Дене шынықтыру және ән күй сабақтарында қимылдарды көрсетуге кейбір балалар тартылуы мүмкін, бірақ талап етілген қимылдарды олардың дұрыс орындайтынына сенімді болған жағдайда ғана тарту қажет.
Төңіректегілермен танысу жөніндегі дидактикалық құралдар. Оқытудың көрнекілігін қамтамасыз ету үшін балалар бақшасында бағдарламаның барлық бөлімдері, оның ішінде айналадағы ортамен танысу жөнінде қажетті дидактикалық құралдар мен материалдар болуға тиіс. Дидактикалық құралдар – бұл оқу міндеттеріне сай арнайы жасалған заттар. Оған көрнекі құралдар да, дидактикалық материалдар да кіреді.
Көрнекі құралдарға табиғи заттар, әдейі көрсетуге арнап іріктелген ойыншықтар, сондай-ақ суреттер, муляждар, схемалар жатады. Олар балалардың барлық топтарымен өткізуге арналған.
Дидактикалық материал – үлестіріліп берілетін материал, оны әрбір бала жеке пайдаланады, бұл материал есеп үйрену үшін, көлемді, түсті, форманы, кеңістік қатынастарын, құбылыстарға тән белгілерді және т.б. ажырата білу үшін арнайы жасалған. Дидактикалық материалдармен жұмыс істей отырып, балалар таным міндеттерін өз бетінше шешеді. Кейбір материалдар, әсіресе дидактикалық халық ойыншықтары, баланың жіберген қателіктерін өздігінен білдіріп тұратындай етіп жасалған. Мысалы, мұнара тұрғызғанда артық шығыршық қалып қояды, шыны аяқтарды жинағанда, үлкенірек табақшалар, кіші табақшаға симайды және т.с.с.
Мектепке дейінгі балалар қолданатын құралдарға белгілі бір талаптар қойылады: олар нақты оқу-тәрбие міндеттеріне жауап бере алатын, балалардың жасына сай, алуан түсті, көркем, тартымды, сапалы болуы керек.
Сәбилер тобында құрал ретінде көбіне ойыншықтар, ересектер және дайындық топтарында – суреттер, есеп, бейнелеу қызметі бойынша арнайы жасалған құралдар және модельдер, схемалар, чертеждер сияқты шартты бейнелерді пайдаланады.
Пайдалануға арналған құралдар формасы айқын, құрылысы анық, көлемді етіп жасалады. Көрсетілген заттарда, оқу құралдарында үйретілетін қасиеттер жақсы бейнеленетін болсын.
Құралдарды даярлағанда олардың берік, алып жүруге, сақтауға қолайлы болуын ескеру қажет. Балаларға үлестірілетін материалды жеке қораптарда сақтау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет