№3-4 дәріс Педагогиканың пайда болуы мен дамуы



бет2/5
Дата02.10.2022
өлшемі159,75 Kb.
#151379
1   2   3   4   5
Байланысты:
3-4-лекция

Үшінші кезең
Еуропадағы (б.з.д. V ғ.) ортағасырлық мектептің құрылуы. Оқыту бағдарламасының мазмұны жеті еркін өнерден тұрды: бірінші, бастапқы цикл – тривиум (лат. Trivium - үш жол) грамматика, риторика, диалектикадан тұрды; екінші, көтеріңкі цикл – квадривиум (лат. Quadrivium - дәлме-дәл, төрт жолдың қиылысуы) арифметика, геометрия, астрономия, музыкадан тұрды. Бұл топтастыруды Рим философы, бірнеше кітап авторы Боэций (б.з. 480-524 жж.) анықтады. Мың жылдықтар бойы орта ғасырлық мектептердегі оқытудың мазмұнын дәстүрлі түрде жеті өнер ретінде анықталып келді, тек Қайта өрлеу кезеңінде бұл бағдарламаны классикалық білім беру алмастырды
Төртіншікезең
Қайта өрлеу дәуіріне сәйкес келеді. Қайта өрлеу кезеңіндегі педагогикалық ойлардың ғұлама өкілдері – педагог ойшылдар, испан философы, психолог, педагог, оқыту үдерісінің мәселелерін ойлап табушы – Х.Л. Вивес (1492-1540), неміс педагогы, классикалық гимназияның негізін қалаушы – И. Штурм (1507-1587), италияндық философ, саяси қайраткер, балаларды тәрбиелеуге баса назар аударған, оқытуда көрнекілік әдісін қолдануды ұсынған – Т. Кампанелла (1568-1639), француз философы, ойшыл, тәжірибені оқыту құралы ретінде насихаттаушы – М. Монтень (1533-1592), голландиялық ойшыл, адамгершіліктің критерийі еңбекке деген қатынас дегенді айтқан – Э. Роттердамский (1466-1536) және т.б.
Бесінші кезең
педагогиканың жеке ғылыми теория ретінде қалыптасуы. Бұл чех педагогы Ян Амос Коменскийдің атымен байланысты. «Ұлы дидактика» кітабында (1628 ж.) Я.А. Коменский педагогикалық білімге ғылыми негіз салуға тырысты. Коменскийдің еңбегі педагогиканы ғылым ретінде жүйелеудің жолын тапқан алғашқы жетекші оқулықтардың бірі болды [8]. Бірақ онда ғылыми және оқу пәндерінің арасындағы нақты айырмашылықтар болмады. Ол келесі факторлармен түсіндіріледі: біріншіден, ғылыммен жинақталған білім жеткілікті түрде кең болмады және бір кітапта жазылды; екіншіден, ғылым әлі де педагогиканың мәселелерін, оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алып білім берудің түрі мен формаларын қарастырмады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет