№3-4 дәріс Педагогиканың пайда болуы мен дамуы



бет3/5
Дата02.10.2022
өлшемі159,75 Kb.
#151379
1   2   3   4   5
Байланысты:
3-4-лекция

Алтыншы кезең
педагогика ғылымының маңызды құрылымы – дидактиканың дамуына көптеген үлестерін қосқан белгілі педагогтар И.Ф. Гербарттың (1776-1841), И.Г. Песталоццидің (1746-1827), А. Дистервергтің (1790-1816) есімдерімен байланысты.
И.Г. Песталоцци – швед педагогы, бастауышты оқыту әдістемесінің негізін қалады; И.Ф. Гербарт – немістің ғалым-философы, психолог, педагог, дидактиканың теориялық негіздерін салды; А. Дистерверг – неміс ұстаздарының ұстазы, оқытудың ережесін ойлап шығарды; Э. Белл, Д. Ланкастер (XVIII ғ. екінші жартысы-XIX ғ. бірінші жартысы) өзара байланысты оқыту жүйесін тәжірибе арқылы бірінші болып өткізді және ұйымдастырды
Жетінші кезең
В.Г. Белинский (1811-1848), А.И. Герцен (1812-1870), Н.Г. Чернышевский (1828-1889), Н.А. Добролюбов (1836-1861), Л.Н. Толстой (1828-1910), Н.И. Пирогов (1810-1881) және т.б. белгілі орыстың ғалымдары мен ағартушыларының қызметімен танылды.
Ғалым, дәрігер, қоғам қайраткері Н.И. Пироговтың білім жүйесі жайлы ойлары қызығушылықты туғызады. Ол сословиелік мектепке қарсы шығып, оқытудың көрнекілік пен ойшылдық принциптерін алдыға тартып, мектеп жүйесінің жаңа жобасын ұсынды
Сегізінші кезең
педагогиканың ғылым ретінде дамуы К.Д. Ушинскийдің (1824-1870) іс-әрекетімен байланысты. Ол көптеген мәселелерді бірінші болып шешті, оның ішінде: антропология, физиология, психология және тағы басқа ғылымдарды білуге негізделген жаңа педагогиканың жүйесін ойлап тапты; оқытудың қисындық негізін ашты; тәрбиелеу мен оқыту принциптерінің негізін қалады; орыстың педагогикалық ойларының демократиялық және гуманистік дәстүрлерін бекітті, оларға ғылыми күш берді.
Осы заманның орыс педагог-дидактиктерінің ішінен бастауыш мектептегі оқытудың бағдарламасын ойлап шығарған Н.А. Корфты (1837-1904), балаларды оқыту әдістемесін құрастырған В.И. Водовозовты (1825-1886), оқушылардың адамгершілік, ақыл-ой, дене бітімінің дамуына бағытталған бағдарламаларды ашқан Н.Ф. Бунаковты (1837-1904) атауға болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет