Дефляция дегеніміз ауа ағымы мен топырақ бетінің арасында өтетін физикалық әсерлер. 1 мм көлемдегі топырақ түйіршіктерінің қозғау үшін жер бетінің 0-15 см биіктігінде желдің жылдамдығы 11 м/сек болуы
Дефляция дегеніміз ауа ағымы мен топырақ бетінің арасында өтетін физикалық әсерлер. 1 мм көлемдегі топырақ түйіршіктерінің қозғау үшін жер бетінің 0-15 см биіктігінде желдің жылдамдығы 11 м/сек болуы тиісті.
Агрегаттар көлемі, мм
Жел жылдамдығы, м/сек
0,25
3,8
0,25-0,5
5,3
0,5-1
6,8
1-2
11,2
2-3
13,1
3-5
17,6
Топырақтың желмен эрозиялануы ауа ағысының топырақ бетімен үшырасуынан туатын физикалңқ процесс болып табылады. Сыртқы факторлардьщ, желдің шап-шаңдығы мен бағытының да, сондай-ақ топырақтың өзі-нің сыртқы беті күйінің, оныд бүдырлы элементтерінің де (шаңдануы, есімдік қалдықтары, атжалдар, т. б.) өзгергіштігіне байланысты бүл процесс аса күрделі.
Алайда қазірге дейін бүл өзара әсердің заңдылықта-ры жақсы зерттелген және ол топырақты желдің апатты ықпалынан қорғаудың тәсілдерін белгілеу үшін теориялық негіз бола алады.
Желдің топыракқа әсерін зерттеген кезде ең алдымен топырақ бөлшектерінің жерден ажырау, көтерілу және көшу механизмін анықтап алу қажет.
Топырақ бөлшектерінің қозғалысын біршама жүйеленген түрде былай елестетуге болады: 0,2—0,4 мм биікте, яғни топырақ бетіне жанасар жерде ауа ағысыньң шапшаңдығы нольге жақын; биіктік өскен сайын шап-шаңдық тез арта түседі. Желдің әр түрлі көлемдегі бел-шектер мен агрегаттарға әсері әр түрлі болады. Шамамен диаметрі 0,1 миллиметрден 0,5 миллиметрге дейінгі түйіршіктер мен белшектер неғұрлым оңай үшады.
Бұл түйіршіктер, 1-суретте көрсетілгеніндей, жер бетіндегі тыныш күйден шығарылады да, ауа ағысының күшімен секундына 200—1000 рет айналатын шапшаңдықта ай-налмалы қозғалысқа енеді (2-сурет).
1 -сурет. Диаметрі 0,1—0,5 мм топырақ түйіршіктері тыныш
жағдайдан шығарылып, желдің күшімен домалай бастайды: 1 —лай; 2 —ұсак құм; 3 — орташа қүм.
2-сурет. Диаметрі 0,1—0,5мм бөлшектердің секірмелі қозғалысын туғызатын күштер
Белшектің кетерілу биіктігі оның салмағы мен көтер-гіш күштің ара қатынасына байланысты, ал көтергіш күштің өзі шапшаңдық қарқыны мен бөлшектің сыртқы көлеміне байланысты. Салмағы мен көтерілу биіктігіне қарай бөлшек жерге әр түрлі күшпен соғылады. Үлкені-рек түйіршікке түссе, оны да үгітіп, сол арқылы домала-ғыш бөлшектердің санын көбейтеді («жапатармағай эффект», ол жайында кейінірек айтылады). Көлемі 0,1 миллиметрден кішілеу бөлшектер мен агрегаттар жер бетіне тақау қабатта тыныш күйде болады да, жел оны ажыратып, көтеріп әкете алмайды. Домалаған белшектер топырақтың бетіне соққан кезде оларды тыныш күйден шығарып жібереді, одан әрі оларды жел ағысы іліп әке- теді де, салмағы мен формасына қарай белгілі бір биік-тікке, көбінесе өте жоғары көтеріп алып, эрозияланған жердең әлдеқайда алысқа әкетеді.
0,5 миллиметрден 1. миллиметрге дейінгі түйіршіктер омалап, бір-біріне үйкеліп, бір-біріне соғып, майдаланып, сол арқылы неғұрлым агрессияшыл «секіргіш» фракциялардын, санын көбейтеді.
Байқау нәтижелерінің көрсеткеніндей, диаметрі 1 мил-лиметрден ірірек топырақ агрегатымен бөлшектеріәдетте ауа ағысымен ілеспейді де, ішінара топырақ бетімен до-малайды. Олар әр түрлі тосқауылдарға іркілетін үрінді-лерде онша көп болмайды. Тек жекелеген реттерде, тьш қатты жел соққанда ғана диаметрі 1 миллиметрден ірі агрегаттар да ағысқа ілесіп, үрінділерде едәуір көп жи-налады. Осыған байланысты диаметрі 1 миллиметрден ірі агрегаттар мен белшектерді топырақ қорғайтын, ал 1 миллиметрден кішілерін — эрозия хаупі бар агрегаттар мен бөлшектер деп атайды.
Диаметрі 0,1—0,5 мм фракциялар секіріп қозғалатын болғандықтан, эрозия хаупі ең күшті фракциялар болып табылады. Бұлар — топырақтың өзін де бүзатын, есімдік-терді қырқатын жэне қүртатын, жәндіктерді, тіпті дала-ның үсақ-түйек хайуандарын да қыратын ең басты, ең белсенді топырақ бөлшегі.
Жоғарыда айтылғандардан туатын қорытынды — топырақтың жел эрозиясы самарқау процесс емес, қайта жойқын қиратқыш күші бар мейлінше белсенді агент болып табылады. Егер белсенді (секіргіш) бөлшек-терге толы шаңды ауа ағысы эрозиялы жерден көтеріліп, оған іргелес жатқан, әлі эрозияға үшырамаған (айталық, қатты тоқкесекті) егістікке ойысатын болса, ол бораған белсенді фракциялардың әсерімен ол жерді де эрозиялай бастайды.
2 сұрақ
Су және жел эрозиясының даму барысында топырақ өзінің алғашқы қасиеттерін жоғалтады, оның құнарлығы төмендеп, алатын өнімнің мөлшері азаяды. Топырақтың эрозияға шалдығу дәрежесін оның қарашірінді қабатының жұқаруы, қарашіріндінің және қоректік заттардың шығын мөлшерінің деңгейімен анықтайды.
Шайылу және дефляцияға шалдығу деңгейіне байланысты топырақтар эрозияға аз ғана шалдыққан, орташа, күшті және өте күшті шалдыққан болып бөлінеді.
Топырақтың 0-30 немесе 0-50 см қабатында қарашіріндінің азаюына сәйкес су эрозиясы кезінде эрозия деңгейін төмендегіше беруге болады (М.Н.Заславский):
I. Aз ғана шайылған деп қарашірінді мөлшері 10-20% төмендегенде;
II. Oрташа шайылған –20-50%;
III. Kүшті шайылған -50% артық;
IV. Өте күшті шайылған-75% артық төмендегенде.
Ал дефляция кезінде қарашірінді қабатының азаюына байланысты топырақты жоғарыдағыдай төрт топқа бөледі.
I. қарашірінді қабаты 20% азайса аздап дефляцияға ұшыраған;
II. 20-40% арасында болғанда орташа;
III. 40-60%-күшті;
IV. 60% артық болғанда дефляцияға өте күшті ұшыраған деп есептелінеді (А.Ф.Родомакин).
Жерді эрозияға шалдығу дәрежесіне байланысты
3 кластарға, 9 категорияларға бөлу
А. Егіншілікте қарқынды пайдаланатын жерлер:
1. Су эрозиясына ұшырамаған
2. Жеңіл эрозиясына ұшырайтын (1,5-30 беткей еңкіштігі)
3. Орташа эрозиясына ұшырайтын 3-40 одан көп беткей еңкіштігі
4. Қатты эрозиясына ұшырайтын 4-50 одан көп беткей еңкіштігі
Б. Көп өңделмейтін жер:
5. Қатты эрозиясына ұшырайтын (топырағы орташа және қатты шайылып кететін) 7-80
В. Өңдеуге келмейтін жерлер:
6. Өте күшті эрозияға ұшырайтын еңкіштігі 9-100 және жоғары
7. Беткей еңкіштігі 9-100 және одан жоғары болса жайылымға байқап пайдалану
8. Беткей еңкіштігі 11-120 болса егіншілікке пайдаланылмайды
9. Егіншілікке жарамсыз жерлер
Топырақтың эрозияға шалдығу дәрежесін анықтағанда эталон ретінде су және жел эрозиясына ұшырамаған топырақтың осы түрінің толық кескінін алады.