Аналитикалық химия кеңінен қолданылатын және заттың химиялық құрамы туралы ақпарат беретін химиялық реакцияға негізделген.
Сонымен қатар реакция түрі мен оның жүру процестері маңызды.
Химиялық және физика-химиялық әдістермен анализ жүргізу үшін ерітіндідегі реакцияларды қолданады.
Кез келген реакцияны екі жақты – термодинамика мен кинетика тұрғысынан сипаттауға болады.
Термодинамикатұрғысынан қарағанда, жүйеде берілген температурада және басқа сыртқы жағдайлар тұрақты болғанда қалыптасатын реакция тепе-теңдік күймен сипатталады.
Кинетика тек химиялық рекцияның механизмі мен жылдамдығын сипаттайды.
Бөлуге, бөліп шығаруға, табуға және элементтерді, иондарды, молекулаларды, топтар мен байланыстарды т.б. анықтауға арналған химиялық реакциялар аналитикалық болып табылады.
Айқындау үшін аналитикалық белгілері реакциялар қолданады:
түсінің өзгеруі, тұнбаға түсуі, газдың бөлініп шығуы сондай-ақ көзбен байқалатын немесе аспаптар әдісімен тіркелетін қандай да болмасын физикалық параметрдің өзгеруі.