Аналитикалық реакцияларды жүргізу үшін белгілі шарттарды орындау қажет.
А) Осындай шарттардың бірі реакция ортасы. Ерітіндінің рН мәні ерітіндідегі иондар күйін көрсетеді, ал Н+ және ОН- иондары химиялық реакцияға қатыса алады. Мысалы, Са2+ ионына (NН4)2С2О4 пен күшті қышқыл қатысында анықтау мүмкін емес, себебі СаС2О4 күшті қышқылда ериді. AgСІ тұнбасы аммиакты ортада алынбайды, себебі аммиакта ериді. Мысалы, Сг6+ ионы қышқыл ортада Сг2О72- , ал сілтілікте СгО42- түрінде болады, бұл ортадағы жүйенің тотығу-тотықсыздану потенциалы да әртүрлі.
Кейбір иондар қышқыл ерітінділердегі аниондармен комплекстер түзеді: [CdCl4]2-, [HgI4]2- және т.б. Әлсіз қышқылдардың көп зарядты катиондары мен аниондары гидролизге ұшырайды.
Кейбір элементтер амфотерлі қасиетке ие. Амфотерлі гидроксидтердің тұндыру рН-ы интервалы өте кіші, сондықтан рН реттеп отыру керек. Ерітіндінің рН-н реттеп отыру үшін буферлі ерітінділер қолданады.