Реакцияның сезгіштігі деп берілген реагент көмегімен анықталатын заттың (ионның) ең аз мөлшерін айтады.
Реакция сезгіштігі бір-бірімен байланысты келесі көрсеткіштермен сипатталады.
1) Ашылу минимумы берілген реагент көмегімен анықтауға мүмкіндік беретін заттың (ионның) ең аз мөлшері (m, мкг)
2) Ерітіндіден анықталатын затты (ионды) анықтауға мүмкін болатын оның ең төменгі концентрациясы минималды немесе шекті концентрация деп аталады (сшек)
3) Шекті сұйылту (Vшек) шекті концентрацияға сәйкес келетін көлем. Шекті сұйылту шекті концентрацияға кері шама.
Минималды көлем - ерітіндідегі ионды анықтауға алынған ерітіндінің ең аз көлемі, Vmin, мл